Миллионер болғың келсе…

 

Сабақтың тақырыбы: Миллионер болғың келсе…

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,дүниетанымын

                                       кеңейту,өмірде және сабақта тиімді жолды 

                                       пайдалана білуді үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқалар,кеспе қағаздар,тақта,реактивтер.

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы.

 

С а б а қ    б а р ы с ы:

1.Ұйымдастыру:Оқушыларды топтастыру.

2.Мұғалімнің сөзі:Ойынға екі топ қатысады.Бірінші топ – «Тұран Әлем банкі»,екінші топ – «Халық банкі».Олар өзара жарысып,табыс табуы қажет. Өздеріңнің тапқан табыстарыңды молайтып,өсірулерің керек. Ойында 4 капиталдан өтіп,есептер мен жаттығулар орындайсыздар. Әр капиталдың өзіне тиісті шарттары бар. Шарттары ойын барысында түсіндіріледі.

І.Капитал. Бұл капиталдың тапсырмасы 12 сұрақ. Әр сұрақтың белгіленген құны бар. Әр топтың ақшасын бухгалтер санайды.

  1. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды? (S-күкірт)-30 доллар.

2.Адам ағзасының шамамен 65 % құрайтын сұйық зат (су) – 40 доллар.

3.М.В.Ломоносов неше шет тілін меңгерген? (10 тілді)- 50 доллар.

  1. Сұйық металл (Hgсынап)- 30 доллар.
  2. Адам бойының өсуіне әсері бар элемент (Zn -мырыш)- 40 доллар.
  3. Қай химиялық элементті миллионер дейді? (С-көміртек)-50 доллар.
  4. Ең қатты металды ата? (Cr-хром)-30 доллар.
  5. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым (А.М.Бутлеров)-40 доллар.
  6. Қай химиялық элементті тіршілік элементі деп атайды? (N-азот)50 доллар.
  7. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (HCl-тұз қышқлы)-30 доллар.
  8. Қазіргі кезде техникада және тұрмыста кең қолданылатын металл ХІХ ғасырдың аяғында күмістен 300 есе қымбат болған. Бұл қай металл? (Al-алюминий)-40 доллар.
  9. Қай ғалым сыйлық ретінде 1 грамм металл алған? (1921 жылы М.Кюриге радийдің 1 грамы сыйлық ретінде берілген)-50 доллар.

 

Мұғалімнің сөзі: — Сонымен І капиталдан өттік, әр топ белгілі мөлшерде ақша жинады. Енді бұл тапқан ақшаларыңды текке жұмсамай, оны орынды жұмсап, көбейтіп отыру қажет.

 

ІІ.Капитал. Тапқан ақшаларыңды көбейтудің 2 жолы бар:

1-жолы банкке депозитке салу;

2-жолы бизнеспен айналысу;

Депозитке салатын болсаңыз 1 ғана тапсырма аласыз. Бизнеспен айналыссаңыз біреуін алып жауап бергеннен кейін екінші тапсырманы алу керек. (Сызбанұсқа бойынша түсіндіріледі)

Банкке депозитке салу: 1) 20% өседі

Сыныптан бір шықпайды,

                                Тимесең жұқпайды.

                               Жәрдемінсіз бұл заттың,

                               Оқушы сабақ ұқпайды.  (Бор)

                                           2) 30% өседі

«Ас тұзы» сөз тіркесінің синонимі қандай? (Натрий хлоридй)

                                           3) 50% өседі

Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін адам өмірі үшін ең маңызды элемент (Йод)

Бизнеспен айналысу:

1.Жемістер – 100% .

Мұнда жемістеріміз әлі піскен жоқ. Тамырлары ғана шықты,енді қандай жемістер өсіп шығатынын табу керек. (1-сызба)

2.Ұсақ тауарлар – 150 %. (2-сызба)

3.Құнды зергерлік бұйымдар  — 100 %.

Зергерлік бұйымдар асыл металдардан жасалады. Бұл тапсырмада мақалдарды аяқтау керек. Тиісті сөзздерге металдар атаулары қойылады.

1.Ақыл арымас,…                (алтын шірімес)

2.От көмір жейді,…          (темір жейді)

 

4.Валюта айырбастау- 150%.

1.Бірінші бөлігі «алда кел» деген бұйрық рай,екінші бөлігі сан есім,шипалы газ деп есептеледі. Бұл қай газ? (Озон)

2.Бірінші бөлігі «қабылда» деген сөздің мағынасы,екінші бөлігі «шараптан улану» деген мағынаны білдіреді. (Алмас)

ІІІ.Капитал. Бизнеспен айналысып молайтқан ақшаларыңызды енді үлкен бизнеске салып көбейтіңіздер. Мұның екі жолы бар (сызбанұсқа бойынша түсіндіру):

1-жолы банкке валюттік депозитке салу;

2-жолы табысы мол өндірістің акциясын сатып алу;

                  Банкке валюттік депозитке салу – 100%.

«Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұл қай ғалымның сөзі?

А. М.Жұмабаев;

Ә. Қ.Сәтпаев;

Б. Ә.Марғұлан.

Табысы мол өндірістің акциясын сатып алу.

1.Ауыл шаруашылығы – 100%.

Силитра деген не? (тыңайтқыш)

2.Аммиак  өңдеу зауыты – 200%.

Аммиак өңдеу коллонасынан шығып жатқан жылу азот-сутек қоспасын 400-500*С дейін жылытуға пайдаланылады. Олай болса қандай реакция жүреді,ол теңдеу қалай аталады? Реакция теңдеуін жазыңыз. (экзотермиялық,термохимиялық теңдеу N2+3H2=2NH3+Q)

3.Шетел фирмасы – 150%.

Шетел фирмасы болғасын,мұнда біз аудармашы арқылы жұмыс істейміз. Яғни,бәріміз аудармашының қызметін атқарамыз. Сұраққа жауап беріп,жауаптарға қазақ,орыс,латын тілдерінде айту керек.

1.Ауаның негізгі құрам бөлігі (О – оттек ,кислород, оксигениум).

2.Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады? (F – фтор,фтор,фториум).

3.Сүйекті қатайтатын элемент (Са – кальций,кальций,кальциум).

4.Мұнай өңдеу зауыты – 200%.

Интернеттен бүгінгі күнгі 1 баррель мұнайдың долларға шаққандағы құнын және 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамен қарау тапсырылған болатын. Олай болса 1 литр мұнайдың теңгеге шаққандағы құнын есептеп беріңіздер?

ІV.Капитал.«Супер капитал» деп аталады.

Сынауықтағы берілген заттарды анықта. Ол үшін берілген заттарды пайдалан.

Сабын суы – Na OH                                   Сірке суы – қышқыл

Лакмус – көк,                                              Лакмус – қызыл,

Фенолфталеин – малина түсті,              Фенолфталеин – түссіз,

Метилоранж – сары.                                Метилоранж – қызғылт.

 

                             Ойынымыз аяқталды.

            Мол капитал жинаған топ марапатталады.


Жемістер. 1 – сызба.

 

                                                   Мұнда жемістер әлі піскен жоқ.

                       Тамырлары ғана шықты,енді қандай жемістер өсіп шығатынын табу керек.

                           Химиялық                             шама
                          Молекулалық                          ерітіндісі
                              Атом                            қасиеті
                          Алюминий                         түр өзгеріс
                      Термохимиялық                           ережесі
                           Қауіпсіздік                           теңдеу
                       Аллотропиялық                          гидроксиді
                          Заттардың                             саны
                             Судағы                            салмақ
                            Тұрақты                            реакция

 

 

Ұсақ тауарлар. 2 – сызба.

              12 г магний жанғанда 281,75 кДж жылу бөлінеді.

                  Реакцияның жылу эффектісін есептеңіз

Берілгені:                                    Шешуі:

M (Mg)=12 г

О2-мен әрекеттеседі

Q = 281,75кДж

Т\к: Q = ?

Жауабы: