Хлордың алынуы мен қолданылуы

Қысқа мерзімді жоспар химия пәні

 

    Сабақтың тақырыбыКүні  уақытысынып
Хлордың  алынуы мен қолданылуыСабақ  ұзақтығы 45 минут8 сынып

Оқушы  саны

Тренинг  өткізуҚол шапалақтағанда бір-бірімен  амандасу  және екі  қолды көтерген  кезде  арқаларын бір-біріне тигізу арқылы тренир өткіздім. Содан  кейін 2 түрлі  сурет салынған  фигураны   таңдату  арқылы

2 жұпқа  бөлу.  (асқабақ; гүл)

 СілтемелерПериодтық  кесте,  сұрақ- жауап  жазылған  үлестірмелі  қағаз.

8 сынып оқулықтан мәтіндер. (191-192 бет)   реакция  теңдеуі  мен  есептер.  (флипчарт)

Үй  тапсырмасын  сұрау2 топқа  сұрақтар  қою.

1.ҮІІ  топ  элементтері  қалай  аталады?

2.Галогендерге  қандай  элементтер  жатады?

3. Хлор  атомына  сипаттама  айт.

4. Табиғатта  таралуы  туралы не  білесің.

5. «Хлорлы  суы»  деген не?

 Сабақтың  мақсаты

 

Өткен  сабақты еске  түсіру, тақырып жайлы  мағлұматтарды   қазіргі  әдіс-тәсілдер бойынша  бағыттап  отыру және  тақырыптың   мазмұнын  ашуға білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері1. Оқушылардың қызығушылығын   ояту

2. Оқушылардың  білімі арқылы ой  өрістерін дамыту.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау  арқылы әр баланы ізденімпаздыққа  баулу.

Қызығушылығын  оятуЖұмбақ жасыру. Шешімін  тапқан соң  хлор  туралы не  білесіңдер?

Галоген  дегеніміз  не?

Олар қай  топта орналасқан?  Оны  қалай  анықтаймыз?

Хлордың  табиғатта  таралуы  туралы не білесіңдер және өмірде маңызы барма?

Мағынаны  тануМәтінді  оқи  отырып  хлордың  алынуы мен  қолданылуының қандай байланысы  барын  анықтау.

СТО  тұрғысынан  ойлану,   бірлесіп  жұмыс жасау,  қарым-қатынас  орнату.

Мұғалімнің  іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
1 топ          «Ой қозғау»   

1-тапсырма. Формулалардың  коэффициенттері  мен  индекстерін интерактивті тақтада оқушылар  кезекпен  жазып  көрсету.

Формула2Bz2MnO22KMnO46HCI3H2O3СІ2
коэффициент
индекс

Формула  құрастыр. 

Сутек  және  хлор,      Калий хлораты  және  тұз  қышқылы.

2-тапсырма.  Миға  шабуыл.

Есептермен  жұмыс:

А) Массасы 20г  кальций  хлормен  әрекеттескендегі  кальций  хлоридінің  массасын  және  көлемін  есепте.

Б) Натрий  хлориді  және  тұз  қышқылының  құрамындағы  хлордың  массалық  үлесін табу.

NaCI=

HCI =  0.97 немесе  97%

3- тапсырма. Мәтінмен  жұмыс.

Хлор  өнеркәсіпте кеңінен  қолданылады.Ол мақта-матаны  және  қағазды  ағартуға,  тұз  қышқылын  алуда,  сондай-ақ  ауыл  шаруашылығы зиянкестеріне  қарсы  күресте  пайдаланатын заттарды  алуда,   ауыз  суын  тазалауда,  дәрі-дәрмектер, бояулар, пластмассалар, түрлі  еріткіштер  алу  үшін  қолданылады.

Бірінші  дүниежүзілік  соғыста 1915 ж. Германия  хлорды  тұншықтырғыш  улы  зат ретінде  қолданған. Содан  бері  улы газдардан  қорғану үшін  газтұтқыш  (противогаз)  пайдаланылады.

Мақта-мата,  дәрі- дәрмектер  пластмассалар  және  өнеркәсіпте  алыну  туралы  ойлану.

4-тапсырма. Анаграмма  арқылы  сөздерді  оқу.

ЛОРХЫҢД,    НЫУАЛНЫ   НЕМ,  УЫЛАНЛОДЫҚ.

 

 

Жеке  жұмыс:  Ойланады, кестені  толтырады  жазады және   формула  құрастыру үшін дәптерлеріне жұмыс жасайды.

 

 

2. Формулаларды  естеріне  түсіреді, есептейді, шешімін табады.

 

 

 

3. оқиды,  ойланады,  мәтінде  не туралы  жазылғанын бір-біріне  талқылап түсіндіреді және айтып  берумен қатар  өз  ойларын  оқығандарын

флипчарт  жасап  таныстыру.

 

2  топ          «Ой қозғау»   

1-тапсырма. Формулалардың  коэффициенттері  мен  индекстерін  жазып  көрсет.

Формула  құрастыр. 

Калий  және   хлор,      Марганец (ІҮ) оксиді  және  тұз қышқылы

2-тапсырма.  Миға  шабуыл.

А) Магний хлоридіндегі  және  тұз қышқылының    құрамындағы  хлордың  массалық  үлесін табу.

MgCI2 = 0.75  немесе 75%

HCI =  0.97 немесе  97%

Б) 3 моль  калий  перманганатында  қанша  көлем  және молекула  бар?

 

3-тапсырма. Мәтінмен   жұмыс.

Өнеркәсіпте  хлорды  концентрлі  ас тұзының  судағы  ерітіндісін  электролиздеу  арқылы  өндіреді.  Қазақстанда кеңес  дәуірінде Павлодардың химия  комбинатында осы  әдіспен хлор  алынып  келді.

Лабораторияда  хлор   газын  алу  үшін  кейбір  күшті  тотықтырғыштарға,  мысалы  марганец (ІҮ) оксидіне  MnO2 , бертолле  тұзына   KCIO3 ,  калий  перманганатына  KMnO4 концентрлі  тұз  қышқылымен әсер  етіп  алады:

Осы  әдіспен  хлорды  алғаш  рет   1774 ж. Швед  оқымыстысы

К. Шееле  алған.  Бертолле  тұзы  мен  тұз  қышқылын  өте  сақтықпен жайлап  қыздырғанда  реакция  жүреді де  хлор   газы  бөлінеді.  Концентрлі  тұз қышқылын  калий  перманганатының  ерітіндісіне  құйса,  реакция  шабытты  жүреді.

Бояулар,  ас тұзын,   қағазды  ағартуға  және  лабораторияда  алынылуы  туралы  ойлану.

4-тапсырма. Анаграмма  арқылы  сөздерді  оқу.

ЛОРХЫҢД,    НЫУАЛНЫ   НЕМ,  УЫЛАНЛОДЫҚ.

 

1 Ойланады, кестені  толтырады,  формула  құрады.

 

 

2. Формулаларды  естеріне  түсіреді, есептейді, шешімін табады.

 

 

 

 

 

 

3. оқиды,  ойланады,  мәтінде  не туралы  жазылғанын бір-біріне  талқылап түсіндіреді және айтып  берумен қатар өз  ойларын оқығандарын

флипчарт  жасап  таныстыру.

 

Мұғалім іс-әрекетіОқушы іс әрекеті
             бақылайды Әр  топ  өз жұмыстарын қорғайды.
    талдау жасау

  Сабаққа қалай кіріп, қалай бастадым?

Оқушыларды  топқа  бөле  алдым ба?

Мен сабақтың мақсатын түсінікті болатындай жеткіздім бе?

Өткен тақырыппен арасындағы байланыс болды ма?

Оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына аударттым ба?

Топпен жұмыс істеуіне  бағыт, бағдар бердім бе?

Тапсырма бойынша оқушыларды іс-әрекетке  бағыттадым және оларды ынталандыра алдым ба?

Пайдаланған  тапсырмалар тиімді болды ма?

Оқушылар өз бетінше жұмыс істей алды ма?

Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.

Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

Білім деңгейі төмен оқушыларда өз бетінше жұмыс істеуге талпынды.

Оқушы  өз  бетімен  ізденеді және өз  ойын  еркін  айта  алды .

Оқушының  есте  сақтау  қабілеті  жақсарып , өз эмоциясын,  өзі  басқара  білді

Оқушылар  арасында  ынтымақтастық  орнады .

Өзіне  де , өзгеге  де  сын  көзбен    қарай  алды

Сабақтың  мақсатына  жеткілікті  жағдай  жасалды.

Алдынғы  тақырыппен   сұрақтар  арқылы  байланыстыра  алдым.

             бағалайды

Бағалау кезінде оқушылардың ойларын тыңдадым.

Бағалау қаншалықты әділ болды?

Әр топ өз бағасын  қояды.
Қорытындылау.