Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу
Тақырыбы: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу
Мақсаты: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерімен мұқият танысу.
Құрал-жабдықтар: Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері жазылған
плакаттар, слайдтар
Практикалық жұмысты орындау барысы:
- Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін зер салып оқыңдар және әрдайым есте сақтаңдар.
- Практикалық жұмысқа қорытынды жасаңдар.
- Химиялық тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін естеріңде ұстап, алдағы уақытта лабораториялық, практикалық жұмыстар кезінде қатаң сақтаңдар.
Химия кабинетiндегi қауiпсiздiк техникасынын негiзгi ережелерi:
(Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңдар🙂
- Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс …………………………. киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
- Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс ……………………………… үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
- Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың …………………………………………кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
- Реактивтерді ………………………..ұстауға, дәмін татып көруге………………………… Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап ……………………………көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен лаборант көрсетіп береді.
- Реактиві бар ыдыстың …………………………..үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
- Артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза …………………………………..қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн.
- Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден ………………………. көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
- Лабораторияда немесе кабинетте ……………………………………жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес…………………………….алып пайдалануға болмайды.
- Химиялық лабораториядан немесе ……………………………………шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды…………………,……………….т.т. көз жеткізу қажет.
Қорытынды: