«Эксперименттік есептер шығару»
Тақырыбы: «Эксперименттік есептер шығару»
Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың
жоспарын құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс
кезінде қауіпсіздік техникасын ережесін сақтау.
Реактивтер мен құралдар: Бор ұнтағы, тұз қышқылы, күкірт қышқылы,
натрий гидроксиді, мыс(ІІ) сульфаты, тамшуыр, индикаторлар,
стакандағы су.
Практикалық жұмысты орындау барысы:
Тәжірибенің орындалуы | Байқалған құбылыстар | |||
1.Берілген заттарды топтаңдар: СаО, Са(ОН)2, NаСІ, СuО, Мg(ОН)2, АІ2О3, КҒ, Н2SО4, Сu2О, Zn3(РО4)2, N2О5, СrSО3, НСІ, НNО2, СuSО4, SО3, НNО3, АІ(ОН)3, Ғе(ОН)2, Н2СО3. | Оксид | Негіз | Қышқыл | Тұз |
2.Сынауыққа бордың кішкене бөлігін салып, үстіне 1-2 мл күкірт қышқылын тамызып қосыңдар. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер. Реакцияға қатысқан және түзілген заттарды атаңдар. | СаСО3 + Н2SО4 →
| |||
3.Сынауыққа 1мл мыс (ІІ) сульфатын құйып, үстіне натрий гидроксидін қосыңдар. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер. Реакцияға қатысқан және түзілген заттарды атаңдар. | СuSО4 + NаОН →
| |||
4.Сынауыққа 1мл натрий гидроксидін құйып, оған фенолфталейн индикаторын тамызып, үстіне тамшылатып тұз қышқылын қосып, бейтараптану реакциясын жасаңдар. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер. Реакцияға қатысқан және түзілген заттарды атаңдар. | NаОН + НСІ →
|
Қорытынды:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________