Негіздерді алу және оның қасиетін зерттеу

Тақырыбы:        Негіздерді алу және оның қасиетін зерттеу

Мақсаты: Берілген заттарды ретімен пайдаланып жұмысты орындаудың жоспарын

құру, эксперименттік есептерді орындау. Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.

Реактивтер мен құралдар: Оксидтер, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, кальций оксиді, тамшуыр, индикаторлар, стакандағы су, сынауықтар.

 

Практикалық жұмысты орындау барысы:

Жұмыстың орындалуыБайқалған құбылыстар, реакция теңдеулері
1Берілген металдардың гидроксидтерінің формулаларын құрыңдар, оларды атаңдар.

Nа, Zn, Мg, Сu, Сr, Аl.

__________________________________________________________________________________________________________________________________

 

2Сынауыққа шамалы кальций оксидін салып, оған тамшылатып су құйыңдар. Алынған ерітіндінің ортасын индикатордың көмегімен анықтаңдар. Реакция теңдеуін құрып, индикатор түсінің өзгеруін жазыңдар. Кальций оксиді мен гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?СаО + Н2О→
3Стаканға 2-3мл натрий гидроксидінің ерітіндісін құйыңдар. Оған 1тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Тамызғышпен тамшылатып хлорсутек қышқылын қосыңдар. Әр тамшыны қосқан сайын ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып отырыңдар. Қышқылды бастапқыда тез, содан соң жайлап қосыңдар. Қышқылдың келесі бір тамшысынан ерітіндінің қызғылт түсі жойылғанда, құюды тоқтатыңдар. Ерітіндіде не болады?NаОН + НСІ→

 

Қорытынды:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________