Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы

 

Сабақтың тақырыбы: Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы

Сабақтың мақсаты: Сутектің химиялық қасиеттері мен қолданылуын анықтау


Сабақтың міндеті:  а) сутектің химиялық қасиеттерін оқып-үйрену арқылы реакция теңдеулерін құра білу;  б) оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену;            в) сутек химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты және болашақтың отыны ретінде қолданудың маңызын анықтау

Күтілетін нәтиже:

-сутектің қасиеттерін  және қолданылуы туралы біледі

-сутектің қасиеттерін оттектің қасиеттерімен салыстыра алады

— химиялық реакция теңдеулерін жазып, есептеулер жүргізе алады


Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың түрі:   ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, Блум жүйесі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, периодтық жүйе кестесі, дидактикалық тапсырмалар

Модульдар:  АКТ, СТО, диалог, бағалау.

Сабақтың барысы:       І Ұйымдастыру кезеңі.  Тренинг  «Сутек-химиялық элемент» .  Сынып оқушыларын элемент таңбалары арқылы топқа бөлу  (оқушыларға бағалау парақшалары таратылады).

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұралады.

  1. Сутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңдер.
  2. Не себепті сутектің жылу өткізгіштігі жоғары екенін түсіндіріңдер. Мына суреттер нені білдіреді? Айтып беріңіз.

 

  1. Сутекті болашақтың отыны ретінде пайдалануға бола ма?

Сутегін алу және оның қасиеттерін зерттеу тәжірибесі арқылы жаңа тақырып ашылады. Сутек қандай заттармен әрекеттесуі мүмкін? Оттектің химиялық қасиеттерін еске түсіре отырып, реакция теңдеулерін жазады.

  • тапсырма І деңгей.  Білу. 3 ұпай. Химиялық диктанты орындайды.

ІІ деңгей  Түсіну.  Оқулықтан сутектің химиялық қасиеттері мен қолданылуымен танысу.

  • тапсырма ІІІ деңгей  Қолдану. «Кім жылдам, кім тез?» 5 ұпай

Сутектің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу.

  • тапсырма IVдеңгей Талдау. «Есептер шығарайық» 7 ұпай

Екі нұсқада есептер шығарады, шығару жолын жауабы бойынша тексереді.

  • тапсырма V деңгей. Синтез.

Тест жұмысы әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.

  • тапсырма топпен жұмыс  І-топ Оттек пен сутек элементтерінің қасиеттерінің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне Венн диаграммасын сызып толтырады.

ІІ-топ  Сутектің қолданылуы туралы кесте сызу.

VI  деңгей.  Бағалау.

Бағалау өлшемдері бойынша өзін-өзі және өзара бағалау. Ұпай сандары бойынша баға қойылады.           Бағалау шкаласы:   23-25  ұпай   «5»

22 -18 ұпай    «4»

17-12 ұпай     «3»

 

Рефлексия «Мен бүгінгі сабақтан қандай мәлімет алдым?»

Мен көп нәрсе үйрендім         3Мен аз нәрсе үйрендім           2Мен ештеңе үйренбедім       1
Өз жұмысымды бағалағанда
Өз бетімше жұмыс істегенде

 

 

 

 

Оқушылардың бағалау парағы бойынша қорытынды бағасы төмендегідей:

 

Оқушының аты-жөні№1

3 ұпай

№2

5 ұпай

№3

7 ұпай

№4

10 ұпай

Барлық ұпай саныБағасы
Азаматова Р3338174
Берікжан Ш3448194
Жакесова А35610245
Жардемов И3448194
Жүсіп Б2324113
Мергенова Р34710245
Оңғарова Ә3568224
Тлепберген З35410224
Рысбаев Б34410214
Шалабаев Д35710255

 

             

«5» баға  — 3 оқушы

«4» баға – 6 оқушы

«3» баға – 1 оқушы