химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу;

Сабақтың тақырыбы: химиялық реакциялардың типтері: орынбасу, алмасу;

Сабақтың мақсаты:

Білімділік-химиялық реакциялардың типтерін түсіндіру, реакция теңдеулерін жазып, айтып беру дағдысын дамыту;

Дамытушылық-реакция теңдеулерін теңестіруді орындай білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік-химия пәні нақты дәлелдемені қажет ететін ғылым екеніне оқушылардың көзін жеткізу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: тәжірибе жасау, есептер шығару, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Құрал-жабдықтар:     сынауықтар, тұрғы, спиртшам, темір

ұнтағы, күкірт, мырыш түйірі,

калий перманганаты, тұз қышқылы,

барий хлориді, натрий сульфаты

ерітінділері.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру

  1. Жаңа сабақ

Химиялық реакциялардың типтері

1.Қосылу   2.Айырылу   3.Орынбасу    4.Алмасу

Анықтамалары:

Қосылу реакциясы-екі немесе бірнеше жай заттан бір күрделі заттың түзілуі.

Айырылу реакциясы -қүрделі заттың жай заттарға ыдырауы.

Орынбасу реакциясы-жай зат пен күрделі зат арасында,атомдарының орнын ауыстыруы арқылы жүретін реакция.

Алмасу реакциясы-екі күрделі заттың арасында жүретін ,атомдарының алмасуы арқылы жүретін реакция.

Мысалдар:

Қосылу реакциялары:

Fe+S=FeS

2Cu + O2=2CuO

Айырылу реакциялары:

2KMnO4→ K2 MnO4 + MnO2 + O2

CaCO3 → CaO + CO2

Орынбасу реакциялары:

Zn+ 2HCl = ZnCl2 + H2

Mg + H2SO4 = MgSO4 + H2

Алмасу реакциялары:

CaO + 2HCl= CaCl2 + H2O

BaCl2 + H2SO4= BaSO4 + 2HCl

Тәжірибе  көрсету:

1.Темір  мен күкірттің қосылуы .

2.Калий перманганатының айырылуы.

3.Мырыш пен тұз қышқылының  әрекеттесуі.

4.Барий хлориді мен натрий сульфатының    реакциясы.

III. Білімді бекіту

Есеп-1.Мынадай реакциялар:

-қосылу;

– айырылу нәтижесінде мыс (II) оксидінің түзілуіне мысалдар келтіріңдер.

2Cu + O2=2CuO

Cu (OH)2*CuCO3 =2CuO+ CO2↑+ H2O

Есеп-2.Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріп,типін анықтаңдар:

Al + Cl2→ AlCl3 ,қосылу реакциясы

NaHCO3 →Na2CO3 + CO2↑+ H2O , айырылу реакциясы

Na2O + P2O5=Na3PO4, қосылу реакциясы

Есеп-3.Оттектің натриймен,магниймен,мырышпен,күміспен,алюминиймен қосылысының реакция теңдеулерін құрыңдар.

4Na+O2→2Na2O

2Mg+ O2→2MgO

2Zn + O2→ 2ZnO

4Ag+ O2→ 2Ag2 O

4Al + 3O2→ 2Al2O3

Есеп-4.Теңдеулерді толықтыр,теңестіріп.типін анықта.

  1. 2Mg+O2→2MgO
  2. 2Fe (OH)3 = Fe2O33H2O
  3. Zn+ 2HCl = ZnCl2 + H2
  4. 2HgO = 2Hg+O2

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы

 Білім мен    білікӨте жақсыЖақсыҚанағаттанарлық
Теорияны практикада қолдану
Химиялық тілді игеру
Реакция теңдеулерін жаза білу
  1. Үйге тапсырма  Химиялық реакциялардың типтері

№ 6, 9 есептер

  1.      Бағалау.