Қышқылдар жіктелуі, алынуы, қолданылуы, химиялық қасиеті.

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар жіктелуі, алынуы, қолданылуы, химиялық қасиеті.
Оқыту мақсаты:
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
 Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: демонстрациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді әдісі
Көрнекілігі, қажетті құрал- жабдықтар: Интерактивті тақта, «Актив студио» бағдарламасының кітапханасы қорынан суреттер, виртуалды зертхана қоры, тірек сызба слайды, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон,сүт айран, сірке суы.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, экология, математика.
Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Графикалық тест
  • Сергіту сәті
  • Мағынаны тану
  • Кім зерек?
  • Химия барлық жерде
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау

1-кезең: «Графикалық тест». (үй тапсырмасын «Негіздер» тақырыбы тест бойынша тексерілді, оқушылар дұрыс жауап арқылы бірін-бірі тексеріп білімдерін бағалайды).

  1. Негіздер үш топқа жіктеледі. (иә)
  2. Оттекті, оттексіз. (жоқ)
  3. Суда еритіндер – сілтілер. (иә)
  4. Екі элементтің біреуі оттегі болып келетін қосылыстар. (жоқ)
  5. Негіздер жай заттар. (жоқ)
  6. Күйдіргіш қасиеті бар.(иә)
  7. Сілтілер қышқылдармен әрекеттеседі. (иә)
  8. Тұздармен әрекеттеседі (иә)
  9. Ерімейтін негіздер қыздырғанда айырылады – реакция алмасу (жоқ)
  10. Негіздер — метал атомымен бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан күрделі заттар (иә)

2-кезең «Мағынаны тану»

Қышқылдар дегеніміз — құрамында металл атомдарымен  орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат(жұмыс дәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі:қышқыл дәм және күйдіргіш.(Қышқылдар, оларды жіктеу,  индикаторлардың әсері бейнебаян  арқылы түсіндіріледі.)

 

 

 

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ АТАЛУЫ

ҚышқылдарАталуы Қышқыл қалдығы (R)ВаленттілігіR аталуы
HNO3Азот қышқылыNO3ІНитрат
H2SO4Күкірт қышқылыSO4ІІСульфат
H2CO3Көмір қышқылыCO3ІІКарбонат
H3PO4Фосфор қышқылыPO4ІІІФосфат
HClХлорсутекClІХлорид
H2SКүкіртсутекSІІСудьфид
HBrБромсутекBrІБромид

 

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

 БірнегіздіЕкінегізді Үшнегізді
HNO3  HClH2SO4    H2SH3PO4
ОттектіОттексіз
HNO3       H2SO4        H3PO4H3PO4           H2S           HBr

Қышқылдардың қолданылуы, химиялық қасиеттері бойынша бейнебаяндар көрсетіледі, оқушыларға шығармашылық жұмыс ретінде беріліп реакция теңдеулерін жазып, аттарын атап, қоытынды өздері жасайды.
3.Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек!
Қышқыл ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар индикатор деп аталады. «индикатор» латынша —«көрсеткіш» мағынасын береді.

Химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.

Қышқылдармен жұмыс істеу ережесімен таныстық енді ары қарай жүре беруге болады.

1.лакмуста қызарады.  2.сары метилоранжда қызарады 3.фенолфталейнде түсін өзгертпейді.
Қышқылдарды алу.
1)Оттекті қышқылдарды алу.
1)4P+O2═2P2O5

P2O5 +3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2)SO2+H2O═H2SO3
3)SO3+H2O═H2SO4
2)Оттексіз қышқылдарды алу үшін ( S,CI,Br )сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда ерітіп қышқылдар алады.

Қышқылдардың пайда — зияны:
1)Медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
Сүт және азоттың концентрлі ертіндісі сүйелдерді күйдіруге қолданылады.
2)Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады.
3)Тұрмыста сірке суы, лимон қышқылы қолданылады.
Зияны:
1) Концен.қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады.
2)Қоршаған ортаны ластайды. Себебі олар тотықтырғыштар.

Алған білімді бекіту.
4 – кезең «Кім зерек?» (  жұмыс дәптерлеріне орындайды)
Тапсырма № 1

Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар, оларды ата.

HBr, NaHSO4, CuO, H2SO4, Ca3(PO4)2, HNO3

Тапсырма № 2

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір. Реакция типін анықта:

Mg + Br2
Al2O3 + НCl …
Cu+ Н2SO4
BaCl2 + Н2SO4 … .

Тапсырма № 3. Реакция теңдеулерін жүзеге асыр.

  1. “Сергіту сәті”

          Жұмбақтар жасыру.

1.Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді.

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?  (фосфор қышқылы)

2.Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді? (натрий гидроксиді)

3.Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп,

Денеңді күйдіреді күлдіретіп.

Ерітіндісі мөп-мөлдір, судан тұнық

Алатын майға қосып сабын етіп. (сілті)

4.Адам мен жануардан бөлінеді

Өсімдіктің торына ілігеді. (көмірқышқыл газы)

5.Аяғыңның астында жататын зат,

Тауға айналып, тас болып қататын зат. (кремний оксиді)

Рефлексия.

VІ. Үйге: § 47 оқу, ЕЖ: 4-81, 4-84 логикалық ойлау, 4-95 (қиын)

Бағалау.