Сабақта топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі

 

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі

Бүгінгі күні әлем  кеңістігіне еніп қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеу міндеті  қойылып тұрған уақытта оқушыларға  әдебиет пәнін оқытуда көп қиындықтар кездеседі. Оқушылар сабақ кезеңіндегі тапсырмамен шектеліп қосымша әдебиеттерді оқымайды.Өз бетімен ізденіп көркем әдебиетті  оқитын оқушылар бірден бір. Бұл қиындықтарға мыналар жатады:

— оқушылардың оқулықтағы мәтінмен шектелуі;

— шығарманың түпнұсқасын  оқымауы;

— қосымша көркем әдебиеті оқымауы;

— өз бетімен шығарманы талдай алмауы;

— Өз бетімен ізденушілік қабілет  танытпауы;

Осы қиындықтарды жою мақсатында топтық жұмысты ұйымдастырдым. Топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің  пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Мерсердің (2005) тұжырымдамасы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бір- біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып оқымайды.Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.  Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында сыныптағы оқушылардың белсенділік  қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын жасап алдым. Ережені оқушылардың өздеріне құрғыздым. Оқушылыр ережеге мынадай тәртіп талабын жазды:

  • сабақтан кешікпеу;
  • сабаққа түгел, ұйымшылдыпен қатысу;
  • бір-бірінің пікірін тыңдау;
  • бірін -бірі сыйлау;
  • берілген тапсырманы нақты орындау;
  • бірігіп, белсенді жұмыс жасау;
  • бәсекелестікке қабілеті болу;

Топ ережесі әдемі жазылып кабинетке ілінді. Сабақтың алдында әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, түрлі түстер , фигуралар, сөйлем мүшелері, сөз таптары, әдеби терминдер арқылы  сабақ сайын өзгертіп топтарға бөліп отырғызамын.Әр топта жұмыс жасаған оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың өзгергені көп кешікпей көрінді. Тұйық оқушылар ашыла бастады. Қабілетті оқушылардың  ізденіп әдеби шығармаларды оқуға көп көмегін тигізді. Үлгерімі төмен Ержан, Дәурен, Данияр, Әділхан, Нұргүл сынды оқушылар қысылмай ойларын ашық айтатын болды. Сабақта шығарма мәтінін меңгертуде, шығарманы оқыту қиындығын шешуге ЖИКСО әдісінің көмегі көп болды. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді парақтарға жазып жеке-жеке таратып оқыттым . Әуелі  жеке, содан соң жұппен оқыттым. Басында оқушылар өз беттерімен жеке оқуға мойынсұнбай  оқығысы келмеді. Артынан топтағы  қызу талқыны көріп өздеріне  берілген бөлімді сұраған кезде оқымауға болмайтынын түсінді.Осы жерде топтық жұмыста ынтымақтастықта белсенді жұмыс жүргізді. Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап  басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін суреттер салды, сахналық көрініс қойды.Түрлі дәлелдер келтіре отырып,  өмірмен салыстырды. Бір-біріне сұрақтар дайындап өз беттерімен сұрақтарға жауап берді. Топта оқушылардың ойлау қабілетін , сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б . Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға , қарапайымнан терең ойлауға жетелейді.Осындай сұрақтар қойылған кезде көшбасшылыққа бейім , озат оқушылар Гүлімай, Мырзахан, Әділбек, Бақытнұр, Самат топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Олардың күннен — күнге қосымша мәліметтер әкеліп, әдебиеттерден мысалдар келтіріп өмірмен байланыстырды. Әдеби шығармаларды өз беттерімен оқуға бет бұрды. Көркем шығармадан алған білімдерін сабақта қолданып, жаңа ақпараттарды саралап қорытындылап беретін болды. Топтық  жұмыстың тағы бір тиімділігі топ ішінде шығарманы жан-жақты талдауға көмектеседі.

Шығарманы жан-жақты талдау үшін топтарға мынадай тапсырмалар беріп жүрмін:

  • І топ шығарманың мазмұнын айтады;
  • ІІ топ шығарманың сәтті жағын айтады;
  • ІІІ топқа шығарманың сәтсіз жағын айтады;
  • VІ топ  шығарманы көркемдік ерекшелігін талдайды;
  • V шығарма бойынша  шығармашылықпен жұмыс жасайды;
  • VІ топ шығармаға байланысты сезімдерін тұжырымдайды;

Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктермен, интернет көздерін пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі  қызығушылығы артқанын  байқадым. Оқушыларымның көркем әдебиетті оқи бастап, шығарманы талдауда төмендегі нәтижелерге қол жеткіздім.

— қойылған сұрақтарға нақты дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденді,   дағдыланды;

  • мәтінді оқи отырып түсініксіз сөздер тізбегін жасап, тұрақты тіркесті анықтады;
  • поэзиялық шығарманы прозаға айналдырып жазатын болды;
  • мәтін бойынша жоспар құрып шығарманы талдай алды;
  • мәтін кейіпкерлерінен бөлінетін эпизодтарынан  оқиға суретін салады;
  • кейіпкерлерді сөзбен суреттейді;

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы жаңа заманға сай білімді, әдебиетін сүйетін  тұлға қалыптасатынына менің көзім жетіп отыр. Сабақты топтастырып өткізу  оқытуда жаңа нәтижеге қол жеткізеді.