Пейзаж. Күз көрінісін бейнелеу.

 

Сабақ тақырыбы: Пейзаж. Күз көрінісін бейнелеу.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету, этюд жазуға бейімдеу.

Ә) дамытушылық: күзгі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету акварель бояуларымен және гуашь бояуларымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. .

Б)тәрбиелік: айналадағы қоршаған ортаны бейнелеуде, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, үйрету, көмектесу

Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, әр түрлі жанрларға жекелей суреттер, пейзаждар.дән түрлері, тірек сызбалар, суреттер, слайд

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, табиғаттану.

Сабақтың міндеті: оқушыларға әр жанрларды білуге, әрі қатесіз салуға үйрету.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырукезеңі:

Оқушылармен амандасып, құрал-жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе

         Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөінеді. Оқушыларға жанрлар туралы көрсетіп, еске түсіру.

Натюрморт дегеніміз – жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелеген көркем шығарма.

Портрет дегеніміз – адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл сияқты су әлемін бейнелейтін көркем шығарма.

Анималистік жанр – жан-жануарлар бейнеленген көркем шығарма.

Пейзаж жанры – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:

  • Күн суытады
  • Қар түсе бастайды
  • Егін жиналады.
  • Ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі
  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Пейзажды салу үшін перспективаның заңдарына тоқталамыз. Перспектива бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәсресенің біздің көру нүсктемізден алыстаған сайын кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл – табиғи заңдылық. Яғни күнде өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз.

Ал бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Үлкен таулардың ағаштан кішірейіп салынған себебі, олар алыста тұр, ал ағаш бергі жағында тұр.

Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.

1 — кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Көз ұшындағы көкжиекпен астасқан ормандарды сызықтармен торлап қарындашпен салу керек. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.

Қосымша: Адамның бейнесі салынған. Кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқасын анық, көлемі үлкен болып салынады.

2- кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 — кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

ІҮ. Сергіту сәті. Суретті аяқта.

Сурет салу барысында оқушыларға сайқымазақ қонаққа келеді. Оның оқушыларға сурет салғысы келетінін, бірақ жеткенше не салғысы келгенін ұмытып қалғанын айтады. Оған көмектесіп суретті аяқтауды ұсынады.

Үлгіде сурет салуға ағаш, жапырақ элементтер беріледі.

Ү. Сабақты қорытындылау:

  • Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Адамның бейнесі пейзажға жата ма?
  • Табиғат аясында жүріп сурет салу қалай аталады?
  • Жылдам жүгіртіп салынатын сурет?
  1. Оқушылардың топтар бойынша салынған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
  2. Оқушылардың салған суреттері бойынша жетістіктерін, кемшліктерін көрсету.

ҮІ. Бағалау, мадақтау