Бейтарап бос фондағы геометриялық дене. Конус.

Сабақ тақырыбы: Бейтарап бос фондағы геометриялық дене. Конус.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: оқушыларды геометриялық дене конуспен таныстыру, салыну заңдылықтарын, штрихтау әдістерін үйрету.

Ә) дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру

Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа,  талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс, ойын сабақ

Сөздік жұмыс: компоновка, перспектива, конус сөздері

Сабақ көрнекілігі: сұрақ жасырылған геометриялық фигуралар, слайдтар, технологиялық карталар, конус бейнеленген плакат, «Баспалдақ» ойыны бейнеленген плакат, «Казино» ойыны бейнеленген плакат, «Кім жылдам» ойыны бейнеленген плакат, т.б

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: формат, конструктор карандаш , өшіргіш, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, технология,  математика, т.б

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгелдеу;

Назарларын сабаққа аудару;

Оқу – құралдарын түгелдеу.

Оқушылар, біз өткен сабақтарда «Бейтарап бос фондағы геометриялық дене. Конус» пен танысып, және оны белгілі бір ретпен қағаз бетіне дұрыс үйлестіруді, түстерін тауып, штрихтауды өткен болатынбыз. Ал бүгінгі сабата осы геометриялық дене Конусты толық штрихтап аяқтаймыз. Қана оқушылар, суретімізге кіріспес бұрын өткен сабақтарды еске түсіріп алу мақсатында конус қандай элементтерден тұратынын еске түсірейік және мына ойындарды бірігіп ойнайық. Ол үшін

Конус элементтерін табу

 

 

 

 

 

1.«Казино» ойыны. 5,10,20,50 тиындарының астына сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсек, сонша ұпай жинауға болады. Бұл ойын арқылы қажет құралдарды сайлап аламыз.

Сұрақтар:

  1. Қарындаш дегеніміз не?

 (Сырты ағаштан, өзегі қара графиттен жасалған жазу, сызу құралы)

  1. Түстер неше түрге бөлінеді, қандай?

Жылы, суық

  1. Гоеметриялық денелерді ата?

Конус, цилиндр,…..

  1. Сурет салу үшін қажетті құрал-жабдықтарды ата?

Қағаз, карандаш…

  1. Қарындаш неше түрге бөлінеді.

2 түрге Т, М…..

  1. Заттың ерекше түрін, құрылысын не деп атайды?

 Пішін деп атайды.

  1. Мальберт не үшін қажет?

Сурет салуға қолайлы беті жазық тақта

  1. Біздер көріп жүрген геометриялық денелер неден жасалған және қандай түске жатады.

Гипстен, жылы түске жатады

2.«Ұқсастықты тап» ойыны. Төрт корапта бейнеленген геометриялық фигураларға ұқсас бейнелерді сал. Жалпы күнделікті өмірде кездесетін заттардың құрылысынан геометриялық денелердің кескінін табуға болады.

1 қорапта – конус

2 қорапта – куб

3  қорапта – шар

4  қорапта – цилиндр

Ұқсас заттар: сәукеле, адам басы, доп, кружка, телевизор т.б

3.«Кім жылдам» ойыны . Адасқан әріптерден түстер шығару.Түстерге байланысты

Сұрақ: Ақра, қа,  лызық, ырса, өкк, лысаж.

Жауап: қара, ақ, қызыл, сары, көк, жасыл.

Және осы сөздердің жанына түстерді орналастыр, сонымен қатар қай түс жылы түстерге, қай түс суық түстерге жататынын айқында.

Бұл ойын арқылы оқушылардың байқақыштығын, сезімталдығын, шапшаңдығын көре білуге болады.

  1. «Баспалдақ» ойыны. Бұл ойында сіздерге штрих түрлері және жарық, көлеңке ұғымдарына қатысты сұрақтар беріледі.
  2. Жарық дегеніміз не?

Табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз.

  1. Меншікті көлеңке дегеніміз не?

Заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке.

  1. Жылт дегеніміз не?

Заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.

  1. Переход дегеніміз не?

Көлеңкеден жарыққа қарай жұмыс жасау.

  1. Түспе көлеңке дегеніміз не?

Бір заттан екінші затқа немесе жазықтыққа түскен көлеңкені айтамыз.

  1. Рефлекс дегеніміз не?

Меншікті көлеңкедегі жарықтау жерлер?

  1. Штрих дегеніміз не?

Көптеген біртектес сызықтардың жиынтығы

  1. Штрих түрлерін ата?

Түзу, көлденең, тік, доға т.б

  1. Перспектива сөзі қандай мағынаны береді?

Латын сөзі қазақша мағынасы «тасадан көру»

  1. «Компоновка» дегеніміз не?

Орындалатын жұмысты жоспарлау

 

Суретпен жұмыс. Конусты толық штрихтап аяқтау

  1. Сабақты қорытындылау

Конус жыры

Клоунға бола аласың бас киім

Тіп – тік болып тұра аласың тас түйін

Бір нүктеден айналғанда үшбұрыш

Конус болып қаланады басты үйің

  1. Бағалау