«Аналар асыл жандар»

Тақырыбы: «Аналар асыл жандар»

Сыныбы: 3

Пәні: Композиция

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды жайлы сөздер, мақал-мәтелдер, теңеу сөздер арқылы ананың ролін нақтылауға, ананың үйдегі, қоғамдағы орнын көрсету, таным-білім көкжиегін кеңейту.

Дамытушылығы:Бейнелі ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелігі:Оқушыларды мейірімділікке, анасын құрметтеуге, сыйлауға, оған қамқор көмекші болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Суреттер, сұрақ-жауап парақшалары, сурет кезеңдері салынған плакат.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, ойын, баяндау.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сызу.

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Оқушыларды түгендеу

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау сұрақтары

  1. Композиция дегеніміз не?
  2. Үйлестіру орталығы деп нені айтамыз?
  3. Пейзаж деген не?
  4. Мүсін деп нені айтамыз?
  5. Натюрморт деген не?

ІY. Жаңа сабақ

Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты-ананың өмір тірегі екеніне көз жеткізу.

  • Ана деген кім?
  • Ана қамқоршы, ақылшы, мейірімді жан, жарық өмір сыйлаушы, аяулы жан, т.б.
  • Дүниеде не қымбат? (ана)
  • Анаға деген махаббат қай кезден басталады? (құндақта жатқан кезден)
  • Ана неден қымбат? (бәрінен)

 

Ассоциация «АНА»

Ана

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді бәріміз парағымызды алып, бейнелеуге кірісейік. Ол үшін, ең алдымен көмекші сызықтар арқылы белгілеп, бейнелейміз. Көмекші сызықтар бізге суретіміздің дәл әрі нақты етіп көрсетуге керек болады.

Қағаз бетіне бейнені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады. Нұсқаның жеке бөліктері бір-бірімен байланысты болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады.

Композициядағы басты нәрсеге назар аударайық. Есіңде сақта ережесі: Композициядағы басты нәрсе:

  1. Пішіні
  2. Өлшемі
  3. Түсі
  4. Орналастыру көмегі айқын болу керек.

Бейнелеу өнерінің барлық жанрында да композиция басты роль атқарады. Себебі біз суретті әдемі етіп бейнелеп, әдемі бояу түстерін бергенімізбен, картинадағы үйлестіру орталығы дұрыс болмаған жағдайда суретіміз дұрыс болмайды. Себебі, суреттің үйлестіру орталығы, компонова дұрыс болу керек.

«Жасырын сөз» ойыны

Мына шаршы ішіне жасырынған 5 сөзді тап. Олардың барлығы бейнелеу өнеріне қатысты.

ГАММА
УКВЖЭ
АРААТ
ШЕПЗЮ
ЬЛЕИД

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп, емізіп, аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.

Оқушылар ана туралы мақал-мәтелдер, ғүламалардың айтқан сөздерін мысалдар келтіріп сабақты жалғастырады.

«Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын ама-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сабағымызды мынадай керемет жыр жолдарымен аяқтағым келіп тұр.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе-Отан ғана!

Бағалау: Оқушылардың жұмысын талдап, бағалау.