Жылы және салқын түстер. Жылы түске натюрморт орындау.

 

Сабақтың тақырыбы: Жылы және салқын түстер. Жылы түске    натюрморт орындау.

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру.

дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

тәрбиелілігі:Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті,«Ғажайып кемпірқосақты боя» атты сұрақтар, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар,плакат қағаздары, тағы басқалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Жаңа сабаққа даярлық.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІV.Жаңа сабақты қорыту.

V.Бағалау.

І.Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сыныпта кезекші кім?Сыныпта жоқ оқушы бар ма?Сабақты бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық.

ІІ.Жаңа сабаққа даярлық.

Ертегіге барар жолда

Бақыт құсын табарсың.

Суретіңнің бояулары-

Мың құбылған жарасым.

 

Бізде одан көріп тұрмыз

Жаңбыр да да бір барын.

Бізде одан көріп тұрмыз,

Желде де бір түс барын.

 

Бізде одан сезіп тұрмыз

Түсін бүкіл әлемнің.

Бізде одан сезіп тұрмыз,

Тыныштығын бар елдің.

Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түстер, жылы және суық түстер жайлы өтетінімізді ескертемін. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, жылы түсте натюрморт орындауымыз керек.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.

Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.

Реңк — бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.

Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.

Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.

Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!

Балалар, мен сіздерге жаңа сабақты түсіндіре отырып, жылы түске натюрморт орындауға тапсырма бердім. Сабақ таңдай отырып натюрморт салуға кірісейік.

Бұл, жылы түске натюрморт орындай отырып«Ғажайып кемпірқосақты боя» атты кемпірқосақ түрлерін, түсін анықтап бояуды үйренейік.

Кемпірқосақтың түстері қалай орналасқан?

Бұл сұраққа жауап ретінде кемпірқосақты бояп қөрейік.

Кемпірқосақ түсінен жеті түрлі түсті көруге болады. Олардың үшеуі-негізгі түс, ал қалған төртеуі-солардың қоспасынан алынған түстер.

Міне біз табиғаттағы жылы және суық түстерді жайлы біршама мәлімет алдық деп ойлаймын.

ІV.Қорытындылау.

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.

1.Кескіндеме деген не?

2.Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы-штрих, бояу дақтары.

3.Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл».

4.Негізгі түстерді анықта:

 

 

 

 

V.Сабақты бағалау.

Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.

 

VІ.Сабақты бекіту.

-Сабақ  аяқталды,

Сау болыңыздар!