Қош келдің әз наурыз!
Мақсаты : Қазақтың сал-дәстүрін жаңғырта отырып ,ата-баба салтын сақтау,құрметтеуге тәрбиелеу;
Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту,табиғатпен үндестікке тәрбиелеу;
Оқушы: Сәлем бердік!
Жас наурыз жылдың басы!
Жұрттың күткен мінекей ықыласы.
Көжесін қып күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.
Келгендердің құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта көрісіп кәрі-жасы.
Көңіл түгіл адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп тұр көк тасы.
Күйін көріп қуанған мұңсыз демі,
Толып жатқан көбінің бар мүддесі.
Табақ тартып, «Әмин» деп қол жайды жұрт,
Батаңды бер, жарылқа, жыл мырзасы.
Жүргізуші: Наурыз – ай аты. Көне түркі тайпаларының есебінде наурыз айының біріні күні (2 сағат бойынша 9-наурыз, жаңа сағат бойынша 22-наурыз), яғни күн мен түн теңелетін күн — жыл басы. Наурыз айының жылдың басы аталуына осы астрономиялық ұрымтал фактор себепші болған. Наурыз парсы тілінде фервердин айының бірінші күні. Осыған орай наурыз сөзі Соғда мен Хорезм арқылы қазақ тіліне көне парсы тілінен енген демекпіз. 5 мың жылдық тарихы бар атаудың алғышқы буыны «нау» үнді еуропалық тіл тармағына тән.
Жүргізуші:
Ал біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылға дейін Римляндар жаңа жылды бірінщі
наурызда қарсы алып отырған екен. Алайда Рим императоры
Юлий Цезарь бұл дәстүрді өзгертіп египеттік астроном Созигеннің
кеңесі бойынша жаңа жылды бірінші қаңтардан бастауға жарлық
берген. Көне айғақтарға қарағанда аты аңызға бөлінген Жәмші (Джепшид)
патша ирандардың жаңа жылғы мерекесі паш етіп, парсыда жаңа жыл
алауын бірінші болып жаққан көрінеді. Содан бері адам жанын тазартатын
күш бар деп сеніп, қастиетті алау үстінен әлеміш киінгендер секіретін
болған, ал ирандықтар мерекелік кілем үстіне жайғаса отырып «наурызды»
қызықтайтын болған. Сол сияқты ауғандар да наурызда жаңа жылды
мейлінше шаттық құрметпен қарсы алған.
Жүргізуші: Иә — бұл кезінде бағзы замандарда Орта Азия әкімдері замандарында қамауда жатқан телі-тентектерді, қылмыскерлерді бостандыққа жіберіп отырған. Сөйтіп, наурызды қазақ, өзбек, қарақалпақ, чуваш, түркімен т. б. түркі халықтары бір мезгілде, бірдей дерлік ұланасыр шаттықпен атап өткен. Той күндері кәрі – жас бірдей ауыл – ауылды аралап жүріп, бір – бірлерін құттықтасады.Қарттарға ел ағаларына өгіздің шекесі тартылып, жігіт-желеңде «наурыз көже» ішетін.той тамашасында түрлі – түрлі ойын – сауықтар ұйымдастырған екен. Қазақ жерінде «Наурыз» мейрамы 1926 жылға дейін өткізіліп тұрған. Одан кейін белгісіз бір себептермен ұмыт қалған. Ал Орта Азия Республикасында «Наурыз» көктем, еңбек мейрамы ретінде алпысыншы жылдардың басынан бері тойланып келеді екен.
1-Жүргізуші: Малдар төлдеп , қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу шашу.Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризашылық болсын көл – көсір.
(Осы сөздерден соң қазақ киім киген қыздар тойбастар әнін айтып келеді
де ән соңында шашу шашылады.)
2 – Жүргізуші:Тыңдаңыздар .Тыңдаңыздар.
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата – салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн – дейді, ауылымыздың үлкеніне сөз беріледі.
1 – Жүргізуші: Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн – Ана,
Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған.
Қастерледік, қадіріңді білдікте
Құтты болсын ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке – деп кезекті әңгімеге береміз. «Қош келдің Наурыз» (Наурыз туралы оқылады.)
1 – оқушы: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастар да,
Қуанады балаша.
Әр үйде кісілер ,
Наурыз көже пісірер.
Табиғат та иіп,
Күн шапағын түсірер.
2 – оқушы: Наурызым армысың,
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала қарлы шың,
Мерекені байырғы,
Алды халқым хабарлап,
Ошақта от жалындап.
2 – Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз күнін
Қарсы алайық, билейік.
Жыр жырлайық, ән салайық.
Ән: «Қош келдің ,Наурыз!» орындайтын Канафина Сабина
1 – Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Би: «Сұлу ханшайым».
(Би биленіп біткен кезде.Алдар көсе, Қожанасыр)
2 – Жүргізуші: Тойымызға алыстан келіп отырған қонақтарымыз Алдар көсе мен Қожанасырдың тілер тілектерін қабыл алыңыздар.
Алдар көсе: Көл жиналып тамшыдан,
Теңіз толсын қаңсыған,
Құт – береке кетпесін
Диқан менен иалшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі – бақи жаппасын,
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз.
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз.
1 – Жүргізуші:Сіздер біздің аса қадірлі қонағымызсыздар, сондықтан төрлетіп отырып , біздің Наурыз тойымызды тамашалаңыздар.
2 – Жүргізуші: Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәрінен ойға алғанын жарқын сенім
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісін
Ғажап болсын таппайтын тепе – теңің
Ән: «Ақтамақ» орындайтын Шаймерденова Асел
1 – Жүргізуші: Қызықтан тыс қалмаңыздар
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн – деп енді « Шілдехана» тойын тамашалайық.
Ортаға бір топ қыздар «Шілдехана тойы» әнін айтып шығады.Артынан жас босанған келін нәрестесін орап алып кіреді.Жас келінді ауылдың үлкен кісілері қарсы алып,шілдехана тойын жасайды.Наурыз күні туылған балаға Наурызбай, Наурыз, Мейрам деген аттар қойылған екен.Нәрестеге Әжесі азан шақырып атын Наурызбай қояды.Артынан батасын береді.Әрі қарай ауыл жастары ойын – сауықпен өздері тойлайды.тойларыңыз құтты болсын.Ақ мол болсын. Тойымыз құттты болсын!
Ырыс алды керуен басы көктемнің
Ұлыс күнін қастер тұтып өткенмін.
Құрметті жиналған қауым Қоян жылы ырысты,молшылық жылы болсын.
Енді өздеріңізді жастардың ұлттық телеарнамызда жүргізіліп жатқан «Шіркін,лайф» тележобасы негізінде дайындалған сайысымызды көруге шақырамыз.
Сайыстың 1-ші кезеңі:Әділқазылар шақырылады.
1 «Танысу» деп аталады.
Жастарымыз келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Жігерленіп мінеки,келіп жетті
Әдеппен ізетпенен танысуға.
Шарт бойынша екі топтың аты,әні,ұраны Абай атамыздың шығармасына байланысты .Кәнеки, «Абай» тобын ортаға шақырайық.
2 –кезеңі
«Нан илеп,оқтаулау білемізбе?»
«Абай» тобынан- Алтынай
«Әйгерім»тобынан-Анар
«Гәкку»-Даниярдың орындауында
3-кезеңі
Қазақ халқы ежелден қарапйым,кішіпейіл,қонақжай халық.
Жаз жайлуға,қыс қыстауға көшіп-қонып жүрсе де, әрбір мейманды «құдайы қонақ» деп жыл қарсы алған.
Сайысымыздың үшінші кезеңінде
«Абай» тобы ет табақты қорғайды
«Әйгерім» тобы Наурыз көжені.
4-кезең «Бәйге»
«Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай»демекші ,келесі кезеңде жастарымыздың білімдерін сынайық.
«Абай» тобына 10 сұрақ
«Әйгерім» тобына 10 сұрақ
5-кезең-Бата айту. Руслан-«Абай» тобы
Азамат-«Әйгерім тобы.
Халқымыздың бағыздан бастау алар слт-дәстүрімен біте қайнасып,
Бірге келе жатқан бата-тілектер хақында ұлан даламыздың ұлылары Ахмет Байтұрсыновтың:
«Бата біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз.Батаны ақсақал адамдар айтады.Батагөй шалдар –басы бар табақты тартуға келгенде де,асты жеп боғанда да бата қылады.»деп айтқаны бар екен.
Би-Гүлсана,Анар.