Графика. Ашық хаттар .

 

Сабақтың тақырыбы:       Графика.  Ашық хаттар .

Техникасы :  Қара , түрлі-түсті қаламсаптар, қарындаштар .

Сабақтың мақсаты:Білімдік.Оқушыларға  бейнелеудің графика жанры,

оның  орындалуындағы   техникасы – штрих,

сызық, дақтар туралы түсінік беру.

Дамытушылық.   Бейнелеу  ережелерін  түсіндіре

отырып, көркем шығармада штрих түрлерін

қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз

беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін  арттыру.

Тәрбиелік.    Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие

беру, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Типі.Жаңа білім беру.

Түрі . Фантазиялау (қиялдау) сабағы.

Әдісі:Түсіндірмелі, иллюстрациялы.

Көрнекілігі: Слайдтар,  плакаттар, А3, А4 қағаздар, үлгі полиграфиялық ашық хаттар,өшіргіш, түсті қарындаштар, пасталы қаламсаптар.насихаттық плакаттар, т,б.

Пәнаралық байланыс: Математика:Пішіндер, қашықтық, пропорция.

Технология:        Өлшеу, қию,эскиздеу.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:А)    Жұмыс орнын дайындау.

Ә)Оқушыларды  түгендеу.

2.Білімдерін жан-жақты тексеру.

Өткен сабаққа шолу.Ашық лот.

1.Пейзаж дегеніміз не?

2.Плэнер дегеніміз не?

Сәулет өнері дегеніміз не?

4.Биыл төл теңгемізге  қанша  жыл толып отыр?

5.Суық түсті және  жылы түстерді ата?

6.Негізгі және қосымша түстерді ата?

Жаңа сабақ : Графика.  Ашық хаттар .

Бүгін біз балалар  бейнелеу өнерінің негігі бір түрі графикамен  және оның түрлерімен танысамыз . Бізге графика  1,2 –кластардан бері таныс, бірақ оның біз  қолданбалы түрлерімен , яғни қарапайым түрлерімен таныстық. Графика гректің «жазамын», «сызамын» деген сөзінен шыққан.Графика біздің күнделікті өмірімізде көптеп кездеседі.Мысалы,кітап графикасы, ашық хаттар,  киім этикеткалары,тағам қораптарының сыртындағы  суреттер барлығы да  суретшілердің  туындылары. Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі тауарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.

Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады.

Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді. Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады

Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі.Графиканың орындалу техникасы- қарындаш, түсті қарындаштар, тушьпен, бормен,  фломастер, және  қара, түрлі түсті пасталы, гельді қаламсаптармен де орындауға  болады. Тәсілі: сызық, штрихтау, дақ арқылы.  Штрих дегеніміз-көптеген,біртекті сызықтардың жиынтығы,заттардың суретін салу барысында  штрихтың орны ерекше.Графика  өнерінде  бейнелеудің  екі түрі бар. Біріншісі-сызықтық бейнелеу, екіншісі реңдік бейнелеу , яғни штрихтау. Заттар мен құбылыстардың суретін сызықпен  бейнелеу

 

арқылы айқындап алғаннан кейін штрихтаймыз.Сондықтан  штрих пен сызықты ажырата білуіміз қажет. Сызық заттың пішінін айқындаса,  штрих сол заттың реңін, заттың бетіндегі жарық пен көлеңкені ажыратады.

Сарамандық жұмыс:

Сурет салуды үш деңгейлік оқыту теориясы бойынша орындаймыз.

І.Репродуктивтік деңгей.

Ең алдымен қажетті  қағаз пішінін  өлшеп ,қиып дайындап аламыз. Қажетті өлшемдермен  керек  жерлерін  өлшеп қиып, бұрыштық шығарамыз.

ІІ.Эвристикалық деңгей:

Қағаз бетіне қиялдау арқылы  композициялап өрнектер,  мерекелік суретер саламыз.Сурет салуда заттарды  орналастыру,  салыстыра отырып пішіндерді қағаз көлеміне есептеп орналастырып, пішіндерін шығарамыз.

ІІІ.Шығармашылық деңгей.

Өрнектің, заттардың мерекелік пішіндердің реңін табу, штрихтау арқылы   барлық  композициясының шешмін табу.