Банктік қызметтер

Тақырыбы: Банктік қызметтер

Сабақтың мақсаты:  Банктердің атқаратын негізгі функциялары мен операцияларын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:


Білімділік: Оқушыларға банк қызметтерінің түрлеріне түсінік бере отырып, ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық: Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Нарықтық экономика жағдайында қор нарығының маңызы мен тиімділігін көрсете отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық


Көрнекілігі:  схемалар, слайдтар

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Банк ұғымы
  2. Банк жүйесіне анықтама
  3. ҚР-да қалыптасқан банк жүйесі және қызметтері

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Банк қызметтері түсінігі
  2. Банк атқаратын функциялары
  3. Банк операциялары

1) Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады.

2) Банктердің функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде  делдалдық қызмет атқару.
  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)
  4. Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  5. Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
  6. Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
  7. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
  8. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық, эмиссиялық емес;
  • коммерциялық депозиттік, инвестициялық;
  • жинақ;
  • арнайы бағытағы банктер.

3) Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

  • Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
  • Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
  • Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер).

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:
-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер);
-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;
-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.

Ұлттық Банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жьшға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
  • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы кағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чектерді жазып вексельдерді береді;
  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады

 

Несие беруде және төлемдерде делдалдық ету
Ақшалай табыс пен жинақ ақша бөлігін капиталға айналдыру
Айналымның несиелік қаржысын (вексельдер,чектер, банкноттар) жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық эмиссиялық
Коммерциялық депозиттік
Инвестициялық
Жинақтық
Арнайы мақсатқа арналған

 

 

«Экономист» ойыны

Оқышыларды 2 топқа бөліп, жарыс ұйымдастыру. Ұяшықтарды таңдап отыру арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр ұяшықтың өзінде белгіленген балдар жазылған. Қай топ көп сұрақтарға жауап беріп, көп балл жинаса, сол жеңімпаз атанады.

 

  1. IV. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Банк қызметінің негізгі міндеттері?
  3. Уақытша бос ақшаларды қалай қадағалайды?
  4. Банк операцияларына не жатады?
  5. Үй тапсырмасын беру. Барлық тақырыпты қайталау.
  6. VI. Бағалау.

Экономикадан сабақ жоспарлары + сабақ презентациялары. Мына сайтта  http://www.tarbie.kz/

экономикадан мына тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары:

ТақырыптарСағат

саны

МерзіміТүрі, әдіс-тәсілдеріШығармашы-лық жұмыстары
1Экономикалардың білім негіздері1Дәріс
2Экономикадағы басты мәселелер1Дәріс
3Экономика тарихы1Баяндау
4Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық қатынастардың дамуы1Салыстырмалы оқыту
5Қазақстан Республикасының экономикасы1Семинар
6ҚР экономикасының даму кезеңдері1Презентация
7ҚР экономикасының даму факторлары1Дәріс
8Экономикалық реформалардың кезеңдері1Дәріс
9Жекешелендіру1Дискуссия
10Мемлекет қарамағына алу1Ұжымдық оқыту
11Ресурстар түрлілігі1Іскерлік ойын
12Ресурстардың шектеулігі және таңдау мәселесі1Баяндау
13Экономикадағы тұтынушы1Іскерлік ойын
14Тұтынушының рационалды тәртібі1Дәріс
15ҚР банк жүйесі1Топтық жұмысКроссворд
16Банктік қызметтер1Іскерлік ойын
17Қаржылық жүйесі1Баяндау
18Банктік есепшот1Дәріс
19Депозиттер1Топтық жұмысРеферат
20Интернет-банкинг1Лекция
21Қаржы секторы1Семинар
22Қаржы секторындағы тұтынушыларды қорғау1Ситуациялық
23Тұтынушы1Презентация
24Тұтынушыны қорғау1Дискуссия
25Несие дегеніміз не?1Ұжымдық оқытуРеферат
26Төлем карталар1Презентация
27Сейфте сақтау1Дәріс
28Валюта. Валюта нарығы. Қор биржасы1Презентация
29Банк жүйесі1Лекция
30Банк жүйесінің мамандықтары1Баяндау
31Сұраныс пен ұсыныс1Лекция
32Сұраныс пен ұсыныс заңы1Жаттығу
33Қаржылық қызметтер1Ұжымдық оқыту
34Қаржылық қызметтің тұтынушылары1дискуссия

 

 

Сабақ тақырыбыСағат

саны

МерзіміТүрі, әдіс-тәсілдеріШығармашы-лық жұмыстары
1Кіріспе. Бизнес жоспардың болашағын жоспарлау18.09Дәріс
2Еңбек нарығы115.09Презентация
3Жалақы, қаржылық шешімдер қабылдау122.09Баяндау
4Еңбек ресурстары129.09Лекция
5Жұмыссыздық. Инфляция. Іскерлік белсенділік кездері16.10Іскерлік ойын
6Сапа113.10Семинар
7Сапалы түрде сауда жасау120.10Ситуациялық
8Салықтар127.10Дәріс
9Зейнетақымен қамтамасыз ету13.11Баяндау
10Ақша табу117.11Топтық жұмыс
11Ақша табу жолдары124.11Дискуссия
12Ақша. Валюта. Айырбас13.12Презентация
13Несие және оның түрлері. Несие алу. Несие тарихы18.12Дәріс
14Қор биржасы115.12ПрезентацияРеферат
15Қаржылық қор жинау122.12Ұжымдық оқыту
16Қамсыздандыру129.12Баяндау
17Кәсіпкерлік – бірегей іс-әрекет түрі112.01Лекция
18Жеке кәсіпкер119.01Іскерлік ойын
19Шағын кәсіпкерлік дегеніміз не?126.01Ұжымдық оқыту
20Олардың түрлері12.02Топтық жұмыс
21Жоспарлау19.02Дәріс
22Жоспардың құрылымы116.02Семинар
23Бизнес жоспар123.02Іскерлік ойын
24Жобалау іс-әрекеті12.03Баяндау
25Шығындар19.03Дәріс
26Өзіндік құнның калькуляциясы116.03Дискуссия
27Өзіндік құн16.04Ұжымдық оқыту
28Бухгалтер113.04ЛекцияРеферат
29Бухгалтерлік есеп әліппесі120.04Иллюстрация
30Актив. Пассив. Дебет. Несие127.04Семинар
31Маркетинг14.05Дәріс
32Маркетинг негіздері111.05Презентация
33Оқушылардың шығармашылық жұмысы118.05Топтық жұмысКроссворд
34Компанияның макро, микро, маркетингтік зерттеулері125.05Іскерлік ойын

 

Сабақ тақырыбыСағат саныМерзімі Түрі, әдіс-тәсілдеріШығармашы-лық жұмыстары
1Салық және халықты әлеуметтік қорғау17.09Баяндау
2Зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім беру, медициналық көмек  көрсету114.09Ұжымдық оқыту
3Қазақстан Республикасының салық жүйесі121.09Баяндау
4ҚР салық жүйесі128.09Лекция
5Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі15.10Іскерлік ойын
6ҚР зейнетақы жүйесі112.10ДәрісРеферат
7Жеке жинақ ақшасы119.10Топтық жұмыс
8Жанұялық бюджет126.10Дәріс
9Жанұялық бюджетті есептеу12.11Семинар
10Табыс және оны басқару119.11Іскерлік ойын
11Табыс және оны басқару126.11Баяндау
12Шығын және оны басқару130.11Дәріс
13Шығын және оны басқару17.12Дискуссия
14Қазақстан Республикасының халықаралық саудаға енуі114.12Ұжымдық оқыту
15ҚР халықаралық саудаға енуі121.12Лекция
16Халықаралық сауда тарихы128.12Топтық жұмысКроссворд
17Халықаралық сауда тарихы111.01Лекция
18Халықаралық саудада қандай ақша түрлері қолданылады118.01Семинар
19Халықаралық саудада қолданылатын ақша125.01Баяндау
20Валюта курстары12.02Презентация
21Валюта курстары18.02Дискуссия
22Қаржы нарығындағы алаяқтық115.02Ситуациялық
23Мемлекеттік бюджет122.02Презентация
24Мемлекеттік бюджет11.03Дәріс
25Мемлекеттік бюджет19.03Презентация
26Мемлекеттік қарыз115.03Лекция
27Мемлекеттік қарыз15.04ДәрісТермин сөздер жинағы
28Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері112.04Презентация
29Экономиклық өсу және әлемдік экономик мәселелері119.04Топтық жұмыс
30Қала және халық санының өсуі126.04Дискуссия
31Қала және халық санының өсуі13.05Дәріс
32Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер110.05Семинар
33Экономиклық өсу және экологиялық мәселелер117.05Іскерлік ойын
34Бизнес – оқиғалар124.05Баяндау