Дауыссыз к мен г

Қазақ тілі

Сабақтың  тақырыбы: Дауыссыз к мен г

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз к мен г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.

Білімділігі: Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе г- ге айналатыны жайында түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: Дауыссыз дыбыстар түрлері жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Ойын  ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу,

сауаттылыққа , шапшаңдыққа баулу.

Көрнекілігі:

Әдісі:

Түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың жүру барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы

«5» — ке қолды жеткізу!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

105 – жаттығу Қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

( 3- оқушыдан сұрау.)

ІІІ Өткен  пысықтау  «Білгенге маржан, білмеске арзан»

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

— Дауысты дыбыс ше ?

— Дауыссыз  дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар

 

 

Қатаң                                   Ұяң                               Үнді

дауыссыз                                     дауыссыз                      дауыссыз

(Топқа бөліп, әр топ өзіне қатысты дауыссыз дыбыстарын жазу)

Семантикалық карта

түрлері

дыбыстар

Дауысты

дыбыс

Дауыссыз

дыбыс

жуанұяңжіңішкеқатаңүнді
А,о,ы,ұ++
Б,г,ғ,д++
Ә,ө,і,ү++
Л,м,н,р++
Т,п,с,һ,х++

Миға шабуыл  «Зеректік» ойыны

Саздарды өсу ретімен  орналастыру

Д   а    у   ы   с  с   ы   з   к    м   е   н   г

10 15 20 25 30 35 40 45 50 55 60 65 70

ІVЖаңа сабақ

Дауыссыз  к мен г

К- қатаң, сөздің басында ,ортасында, аяғында келеді.Мысылы; көбелек, үкі, көрік

Г- дауыссыз, ұяң. Сөздің басында ортасында келеді. Аяғында келмейді.

К

« Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

 

Г

Үкі                                                                             шеңгел

Түлкі                                                                         үзеңгі

Кеме                                                                          сүргі

Жүрек                                                                       гүлзар

көрік                                                                          гауһар

 

Осындағы соңғы дыбысы к – ден аяқталған сөзді табайық.

Жүрек+і – жүрегі ,    көрік+і  — көрігі. К дыбысы г- ге айналады.

Ереже : Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г- ге айналады: елек – елегі, кірпік – кірпігі, бүйрік – бүйрігі.

Оқулықпен жұмыс   «Өлең сөздің — патшасы»

109- жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.

Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігітін?

Өрнек, көйлек сөздерінің соңына і дыбысын қосып айтып көр. Сонда не байқадың?

Тақтамен жұмыс  «Білімі жүйріктің ойы – ұшқыр» 

 110 – жаттығу. Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жаз.Сөз соңында келген к дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.

Өрік – өрігі, белдік – белдігі, күрек – күрегі, серік – серігі, көк – көгі

 

Сергіту сәті. « Ой сергіту – бой сергіту»

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған,

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

 

 

«Кім жылдам»  ойыны

І — топІІ — топІІІ — топ
Жидек, терек, кірпік , жүрек сөздеріне сөйлем құрау. Сөздерді буынға бөлу.

Әйнек, тиек, жүрек, көк

Көп нүктенің тиісті әріпті  қойып жаз.

Есі…і,  бесі..і,  көр..і, түл..і, көбеле..і, көлі..і.

 

Топпен жұмыс (Ауызша) Сурет атауларына  дыбыстық талдау.

1- топ                                      2 — топ                                          3- топ

К-д\з, қатаң                            т-д\з, қатаң                                   Қ- д\з, қатаң

Ө-д\ты,жіңішке                       ү  — д\ты,жіңішке                          ұ – д\ты, жуан.

Ж-д\з,ұяң                                л – д\з, үнді                                  л- д\з,үнді

Е-д\ты, жіңішке                      к – д\з, қатаң                                ы- д\ты жуан

К-д\з , қатаң                           і – д\ты жіңішке                           н – д\з. Үнді

Қорытынды: Венн диограммасы

Үяң, сөздің басында, ортасында жазылады.
Қатаң, сөздің басында, ортасында аяғында

жазылады.өзінен кейін дауысты дыбыс жалғағанда г- ге айнылады.

К                                 дауыссыз                                        Г

дыбыс

Барлық

буында

келеді.

 

 

 

 

Сонымен бүгін біз не туралы білімімізді кеңейттік.

Үйге тапсырма: 113- жаттығу. « Еңбек түбі – береке» мақалын қатыстырып әңгіме құра.

  • Ереже жаттау.

Бағалау.