Қар. Сафуан Шаймерденов

Сабақтың тақырыбы: Қар. Сафуан  Шаймерденов.

Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. Автор жайлы  мағлұмат беру.Мәтіннің мазмұнын таныстыру,мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Оқушылардың қар жайында,оның пайда болуы,қардың түсі,түрі  жайлы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық. Оқушылардың түсінгенін әңгімелеп айтып беру дағдыларын жетілдіру.Сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, қыстың суреті, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:

Сабақтың әдіс — тәсілдері: ой-қозғау,түсіндіру, сұрақ — жауап, бес жолды өлең,топтық жұмыс,әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

Ақ көңілді жүрекпен

Ақ  ниетті тілекпен

Амандасып алайық

Қонақтарға ізетпен.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. С.Сейфуллин «Қызыл  шұнақ» өлеңін жатқа айту.

(4-оқушыдан жатқа мәнерлеп айтқызу)

  1. Үй тапсырмасын бекіту:

«Тосын сый» арқылы бекіту.

 

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айларын ата.
  2. «Қызыл шұнақ» өлеңнің авторы кім?
  3. Сәкен Сейфуллин кім?
  4. Сәкен Сейфуллин қашан ,қай жерде туылған?
  5. «Қызыл шұнақ аяз»  деп қандай аязды айтады екен ?

(Қызыл шұнақ — бет қаратпайтын аяз, үскірік).

  1.     Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады?(қар)

Балалар ненің бейнесі шықты? Қар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
-Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз Сафуан Шаймерденовтың «Қар »  мәтіні.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қане ,балалар!Енді  бүгінгі жаңа мәтініміздің авторымен танысайык.

 

 

Автор жайлы мәлімет беру.

 

Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде , Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды.1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді.1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған .23 ақпанда  2007 жылы қайтыс болған.

 

Ой қозғау.(оқушылардың ойларын тыңдау)

-балалар, біз қар туралы не білеміз?

Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
— Қар қандай екен?

-Сонда, қар туралы не біледі екенбіз? (балалардың жауабын тыңдау)
— Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
— Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
Мұғалімнің түсіндіруі:

Қар-түсі ақ,дыбыссыз,салмағы тым жеңіл, дене түршіктірерлік суық болады,жылудың әсерінен суға айналады.Қардың көлбемей,тік , баяу жаууы желдің болмауына байланысты, ал қардың жапалақтап, қиыршық болып ери жаууы даладағы ауа райының сууы мен жылуына , желдің болу-болмауына байланысты.

Демек күздегі жауын, жаздағы жаңбыр және қыс мезгіліндегі қар –бұлар жауын-шашынға жатады.

 «Қар туралы не білеміз?» Видео –сюжетке назар аударамыз.

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

1.Аудиозаписьтан мәтінді тыңдау.

 

2.Мәтінді талдау.

1.Жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?

2.Қар жауған соң айнала қалай өзгерді?

3.Жазушының «денені түршіліктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесің?

3.Сөздік жұмыс

«денені түршіктірер зәрі бар- денені түршіктірер  суық, аяз, ызғар.»

                          Ұлпа қар— түйіршіктері үлбіреген, жеңіл  үлпек қар.

 

4.Оқушыларға азат жол бойынша дауыстап  оқыту.

5.Мәтінді 3-топқа бөліп беру,4-ші топ мәтінді толық  оқу.Оқушылар іштей  оқып, әр топ өзіне бе.рілген мәтіннің бөлігі бойынша түсінік айту.

 

Ведио-сюжеттің жалғасын қосу

Сергіту сәті:    Слайдтан «аққала»

 

Дәптермен  жұмыс

Әңгімеден қар ұлпалары, қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөйлемді тауып, дәптеріне жазу.

 

Сабақты бекіту кезеңі:

Топтық тапсырма.

1-топ.  Қыс тақырыбында мәтін жазу.

2-топ. «Қар» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

3-топ. Тұрар байқаған қысқы табиғат құбылысының суретін салу.

4-топ. «Қыс» жайлы өлең айту.Мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы.

 

 

 

 

Қорытынды.

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі. Бізге аяз ата өз сыйлығын беріп жіберіпті.Сыйлықты алу үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек.

  1. Бүгінгі танысқан мәтініміз не жайында?
  2. «Қар» мәтінінің авторы кім?
  3. Сафуан Шаймерденов кім?

Үйге тапсырма: «Қар» мәтінін оқу, мазмұндау.

Қыс мезгілін бейнелеу.

 

Бүгінгі сабақ жайлы өз ойларыңды стикерге жазып тақтаға іліңдер.