«Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайыс

«Тапқыр болсаң, озып көр» интеллектуалдық сайыс

«Түркістан» көпсалалы медицина колледжі

№3 « Жаратылыстану ғылыми пәндер» ЦӘК

Математика және информатика пәнінің оқытушылары

Жағыпарова Данагүл Дәулетқызы,

                                                Мырзалиева Мереке

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын  арттыру;
Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, топты қорғау;

  1. Ғажайып жетілік (әр пәнге байланысты сұрақтарға жауап)
  2. Полиглот (берілген жауапты орыс,ағылшын тілдерімен айту)

4.Тәжірибе сайысы (2 тәжірибені көрсетіп, жауабын беру)

  1. Жанкүйерлер
  2. Блиц-турнир (әр сұраққа уақыт бойынша жауап беру, капитандар сайысы)
  3. Бейне сұрақ
  4. Ойымды жалғастыр

 

Қолданылған нақыл сөздер:

Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

Л.Н.Толстой

Білімнен қымбат нәрсе жоқ,  көңілде жатса баспай тот.

Н.Байғанин

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

А.Иүгінеки

Әлемдегі терең сыр — ғылыммен ғана  ашылмақ…

С.Торайғыров

Математика ғылымдардың патшасы.
К.Гаусс

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін-математика.
М.В.Ломоносов
Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
Р.Бэкон
1-жүргізуші:
Қош келіпсіздер, мынау ойынға барша қауымым!
2-жүргізуші:

Армысыздар, қонақтармен ұстаздар және замандастар.

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн ерекше күн болмақ

2-жүргізуші:

Себебі, бұл күн көктемнің жайма шуақ алғашқы күндерінің бірі. Ендеше, бұл күнге сай келіп отырған «Тапқыр болсаң, озып көр» атты ителлектуалдық сайысымызды ерекше көңіл – күймен бастауға рұқсат етіңіздер.

 1-жүргізуші:

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз

Математикамен ұғындырып,

Аз да болса, білімдеріңді толтырамыз.

2-жүргізуші:

Архимедтей жаңалықтар ашар,

Болса үміткер, сайысқа үлес қосар

Ұлы дәрігер ізін басар

Біздерде бар жас талапкерлер

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Бәрінің де жеңіске деген үміті бар-дей келе сайыс алаңына «Талай сынды бағындырған қырандар» тобы мен «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобының мүшелерін шақырамыз. (Топтар орналасып болғанша,музыка ойнап тұрады.)

 

1-жүргізуші: 1-топ мүшелері:

  1. К-102 тобының студенті: Қуандық Айсұлу
  2. К-102 тобының студенті: Балтабайұлы Ғафур
  3. К-101 тобының студенті: Халиева Айгүл

2-жүргізуші: 2-топ мүшелері:

  1. К-103 тобының студенті: Қилыбай Айгерім
  2. К-103 тобының студенті: Исмайлов Ислам
  3. К-101 тобының студенті: Ибадуллаева Жазира

1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер сарапшылар ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-мамандар алқасын таныстырсақ:

  1. Рысбекова А.(оқу бөлімінің меңгерушісі)
  2. Темірбаева А.(әдістемелік бөлімнің меңгерушісі)
  3. Алдажанова А.( информатика пәнінің оқытушысы)
    Интерактивті тақтада бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. (1-2 слайд)

1-жүргізуші:
Басталық ақыл-ойдың дара кешін,
Халайық сіз де бізге жақын келші.
Жаратылыстану ғылымына ұмтылғандар,
Егерде кім екенін білгің келсе.
 

2-жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында -дей отырып кезекте амандасу рәсімі және топтың аты мен эмблемасын қорғау
1-жүргізуші: кезекте  «Талай сынды бағындырар қырандар» тобы.
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Армысыздар, көрермен сыншыларым,

Қарсыластар, қасымдағы құрбыларым,

Толқу да бар өзімде, қуану да,

Қорқу да бар, сол үшін қынжыламын.

 

Талай сынды келеміз бағындырып,

Талай жұртты келеміз таңқалдырып,

Біз қырандар артуда үмітіміз

Барған сайын ойынның жалыны ұрып.

 

Қасымда тұр жақтаушы серіктерім,

Толқу да билеп тұр міне еріктерін,

Тобымыздың атынан келіп тұрмыз,

Ақтаймыз деп ойлаймыз үміттерін.

 

«Талай сынды бағындырар қырандар» тобынан «Жарқыраған жас жұлдыздар» тобына сәлем!

 

2-жүргізуші: келесі кезекте «Жарқ еткен жас жұлдыздар» тобы
Ұраны: Жас жұлдыздай жанамыз,
Жақсы білім аламыз.

Ең керемет сайыскерлер

Мінеки біздер боламыз.

 

Сәлемдесуі:

Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз, көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз!

 

«Жарқыраған жас жұлдыздар» тобынан «Талай сынды бағындырар қырандар» тобына сәлем!

 

1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт- деп  сайысымыздың «Ғажайып жетілік» бөліміне кезек береміз.

2-жүргізуші: «Ғажайып жетілік» кезеңінің шарты: экранда берілген жараты-лыстану пәндерімен оған қатысты ұяшықты таңдап дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтағы балл топқа беріледі. Жауап жоқ болса сұрақ келесі топқа беріледі.

1-жүргізуші:
Химия 50. Бұл заттарды медицинада, атап айтсақ пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылады. Бұл қандай заттар?

(титан, тантал)

Экология 30. Арал және Балқаш проблемаларын көтерген қазақ зиялылары кімдер?

(М.Шаханов, О.Сүлейменов)

Математика 50. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал, математика мұғалімі 5-сыныптан бастап қолданады. Ол өзі ерекше зат: өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерін

3қызуың қатты көтерілгенде анаң да, дәрігер де қайта-қайта айтады. Бұл қандай математикалық құрал?

(транспортир)

 

 

Химия 40. Бұл затты тамақтан уланған жағдайда таблетка түрінде қолданылады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып,

одан әрі өңдейді. Бұл қандай дәрі?

(активтелген көмір)

Биология 40. Зиготаның түзілуінен бастап, та-биғи өліммен аяқталатын үздіксіз процесс

(онтогенез)

Информатика 30. Миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіріп, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін беретін желі не деп аталады және желілерді байланыстыру құрылғысы не?

(интернет желісі және модем құрылғысы)

Физика 40. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым

(Исаак Ньютон)

(4-слайдтағы тапсырмалар экранда көрсетіліп тұрады)

1-жүргізуші: Осымен 2-турымыз аяқталды. Сарапшы-мамандар қорытындысын есептегенше, кезекті жанкүйерлерге берсек

2-жүргізуші: Ән    Жан досым

1-жүргізуші: Рахмет, өнеріңізге нұр жаусын. Сарапшы-мамандар алқасынан 1 және 2-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2-жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп кезекті «Полиглот» кезеңіне береміз.

1-жүргізуші: Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын тауып орыс,ағылшын тілдерінде айту қажет. Әр сұраққа 30 балл, яғни дұрыс жауап -10, орысша-10, ағылшынша-10 балл беріледі. (2-слайдтағы тапсырмалар экранда беріледі)

Талай сынды бағындырар қырандар тобына сұрақтар:

  1. Молекулалары әр түрлі амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын күрделі табиғи полимерлер?

ақуыз, белок, protein

  1. 5%-дық спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады?

йод, йод, iodine

  1. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл?

тұз қышқылы, соленная кислота, salced acidi

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?

сызғыш, линейка,rule

  1. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың

түбір, корень,root

  1. Манитордың төртбұрышты қоршаулы аумағы не деп аталады?

терезе, окно,window

2-топқа сұрақтар:

  1. Өкпеден оттегін сіңіріп алып, дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдайтын ақуыз?

гемоглабин, гемоглабин,haemoglobin

  1. Қай жерде фотосинтез процесі жүреді?

жапырақ, листья,sheet

  1. Адам орнагизмінің жобамен 60-65%-ын құрайтын сұйықтықты атаңыз.

су, вода, water

  1. Көп пернелі кұрылғы.

пернетақта, клавиатура, keypoard

  1. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады.

Ықшамдасақ қандай атау болады?

дәреже, степень, degree

  1. Мен бұрышты берілген

Тең екіге бөлемін

Жаралғалы ғылымда

Не атанып келемін?

биссектриса, биссектриса, bisector

(Сарапшы-мамандар алқасынан осы турдың қорытынды балы сұралады.)
1-жүргізуші:
Мәңгі — бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-деп келесі кезекті «Тәжірибе» кезеңіне береміз.

2- жүргізуші: «Тәжірибе» сайысының шарттарымен ережелерін түсіндіру үшін  Данагүл апайды шақырамыз

1-жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, кезекті жанкүйерлерге берсек.

Сарапшы-мамандар алқасынан осы турдың қорытынды балы сұралады

2-жүргізуші: Жетіліктің көп сабақтан сұрағы,

Әр шәкірттің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланайық, балалар,

Көп жауап бар, біреуі оның шырағы-дей келесі кезекті «Блиц-турнир» кезеңіне берсек, яғни капитандар сайысы.

1-жүргізуші: Ойын шартын түсіндіріп өтсек, 2   ­­­­­минуттың ішінде берілген сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауап үшін 2 балл беріледі. Экранға назар аударыныздар. (5-слайд)

1-топ  «Жарқ еткен жас жұлдыздар»

 

  1. Жасушалық теорияны кім ашты

А. Г.Мендель

В. Т.Морган

С. Т.Шван, М.Шлейден

Д. Я.Пуркинье

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см периметрі нешеге тең?

А. 36

В. 18

С. 80

Д. 9

  1. Компьютердің негізгі құрылғысының бірін ата

А. сканер

В. монитор

С. принтер

Д. колонка

  1. Темекі құрамына кіретін улы зат

А. никотин

В. спирт

С. тұз қышқылы

Д. Азот

 

  1. Адамда неше қан тобы бар?

А. 4

В. 2

С. 3

Д. 6

  1. Экология ғылымын енгізген қай ғалым?

А. Т.Морган

В. Аристотель

С. Д.Менделеев

Д. Э.Геккель

  1. Ұзындығы 38 км болатын әлемдегі ең ұзын көше қайда орналасқан?

А. Қытайда

В. Қазақстанда

С. Америкада

Д. Ресейде

  1. Бір түзуде жатпайтын үш нүк-теден және осы нүктелерді қо-сатын үш кесіндіден тұратын фигураны не деп атаймыз?

А. пирамида

В. конус

С. цилиндр

Д. үшбұрыш

  1. Бауырдың ауруы не деп аталады?

А. холера

В. дизентерия

С. гатрит

Д. цирроз

  1. Компьютердің атасы кім?

А. Ч.Бэббидж

В. Д.Эккерт

С. Б.Гейтс

Д. Д.Маучли

  1. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қашан тойланды?

А. 1999ж

В. 2002ж

С. 2000ж

Д. 2001ж

  1. ДНК құрамында болатын көмірсу

А. глюкоза

В. дезиоксирибоза

С. рибоза

Д. крахмал

  1. Кестелік мәліметтермен жұмыс жасауға арналған редактор

А. Power Point

В. Excel

С. Word

Д. Access

  1. Күміс айна реакциясын беретін зат

А. спирт

В. қышқыл

С. альдегид

Д. кетон

  1. Әлемде қанша теңіз бар?

А. 4

В. 30

С. 50

Д. 100

 

 

2-топ «Талай сынды бағындырар қырандыр»

  1. Микроскопты алғаш ашқан ғалым?

А. Г.Мендель

В. Т.Морган

С. Р.Гук

Д. Я.Пуркинье

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см ауданы нешеге тең?

 

 

А. 81

В. 9

С. 18

Д. 69

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларының бірін ата

А. принтер

В. жүйелік блок

С. плоттер

Д. сканер

  1. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады?

А. фтор

В. йод

С. күкірт

Д. темір

  1. Адам бойындағы жалпы хромосома саны нешеу?

А. 46

В. 12

С. 24

Д. 48

  1. Қазақстанда атом электр стан-циясы қай қалада салынған?

А. Орал қаласы

В. Алматы қаласы

С. Түркістан қаласы

Д. Ақтау қаласы

  1. Жер шарын 2/3 бөлігін су алып жатыр, олар не арқылы қосылып жатыр?

А. материк

В. бұғаз

С. өзен

Д. сарқырама

  1. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазық-тықтың барлық нүктелерінен құралған фигураны ата

А. трапеция

В. үшбұрыш

С. цилиндр

Д. шеңбер

  1. Қан қысымын өлшейтін құрал не деп аталады?

А. канендоскоп

В. микроскоп

С. Секундомер

Д. тонометр

 

  1. Майкрасофт корпарациясының негізін қалаған кім?

А. Б.Гейтс

В. Д.Маучли

С. Ч.Бэббидж

Д. Д.Эккерт

  1. Ашқан жаңалығы үшін Зевс құдайына жүз өгіз құрбандыққа шалған

қай ғалым?

А. Ә.Фараби

В. Аристотель

С. Пифагор

Д. И.Сина

  1. РНК-да болмайтын азотты негіз

А. аденин

В. тимин

С. гуанин

Д. цитозин

  1. Мәтін енгізуге, өңдеуге, сақтауға арналған редактор

А. Power Point

В. Word

С. Excel

Д. Access

  1. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент

А. темір

В. мыс

С. мырыш

Д. Су

  1. Күнге ең жақын планета

А. юпитер

В. меркурий

С.шолпан

Д. марс

 

Сарапшы-мамандар алқасынан осы турдың қорытынды балы сұралады

1-жүргізуші:

«Бейне сұрақ» кезеңіне берсек. Сұрақтар білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар тарапынан беріледі. Экранда 4 бейне сұрақ берілген, әр сұраққа дұрыс жауап берген топқа 40 балл беріледі. «Талай сынды бағындырар қырандар» тобы бейне сұрақты таңдаңыздар (6-слайд)

 

2- жүргізуші: Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жалғасын мен білем деп-дей келе кезекті «Ойымды жалғастыр…» кезеңіне берсек. Әр дұрыс жауапқа 10 балл беріледі.
(Сайыскерлер қол көтеріп, мақалдардың аяғын табулары керек.)
1. Жетті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)

  1. Білімнің саны емес (сапасы маңызды).

2-жүргізуші: Жанкүйерлерден сайыскерлерге музыкалық тарту.

1-жүргізуші: Сонымен интеллектуалдық сайысымыздың қорытынды балы мен жеңген команданы жариялап, марапаттау үшін сөзді сарапшы-мамандар алқасына береміз.

  (Сарапшы-мамандар алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады)
2-жүргізуші:

Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар.