ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ.

 ЖҰЛДЫЗДЫ  КЕШ.

 

 

Мақсаты:       Оқушыларды ұжымшылдыққа, бір  мақсатқа  жету  үшін  аянбай

еңбек  етуге, өнерді  сүюге тәрбиелеу.

Логикалық ойлау, қызығушылық   қабілетін  арттыру,

интеллектісін  дамыту.

 

1-ші жүргізуші:  Құрметті қонақтар, достар!  Физика  және  астрономия  ғылымдары  бойынша  «Жұлдызды кеш» атты кешімізді  бастаймыз.

2-жүргізуші:  Аспан  әлемінде 12  жарық  жұлдыз  бар. Оның  әрқайсысы үш-үштен  төрт  стихияға бөлінеді.. Ол стихиялар: От, Жер, Ауа, Су

І топ. От  стихиясы. Белгілері: Тоқты, Арыстан, Мерген.

ІІ топ. Жер  стихиясы. Белгілері: Торпақ, Тауешкі, Бикеш.

ІІІ топ. Ауа стихиясы. Белгілері: Егіздер, Таразы, Суқұйғыш.

ІV топ. Су  стихиясы. Белгілері: Балық, Шаян, Сарышаян.

1-ші жүргізуші: От  стихиясының жұлдыздарын  ортаға  шақырамыз.

От — таусылмас күш  қуаттың  қайнар  көзі.От стихиясындағы  адамдардың өмірлік  ұстанымы — өзін-өзі  жетілдіру!  Жебеуші  ғаламшарлары: Марс, Күн,  Юпитер.

2-жүргізуші:  Тоқты. Түсі қызыл, алтын сары.  Тасы –алмаз, рубин, бриллиант. Апта  күні — сейсенбі.  Бақытты саны — 9. Өмірлік  мақсаты — кез келген  істе  көшбасшы  болу!

1-ші жүргізуші: Мерген. Түсі – көк, күлгін.  Тасы –топаз, бирюза. Апта  күні- бейсенбі.  Бақытты саны – 3. Ұраны –биік  шыңдарға ұмтылу!

2-жүргізуші:  Арыстан. Түсі- сары, қызыл сары. Тасы –рубин, алмаз, янтарь. Бақытты саны- 1 және 11.  Өмірлік  ұстанымы – кез келген  істе  мықтылық  көрсету!

От  стихиясы тобының  жұлдыздары  өздерін  таныстырады. Өнерлерін  көрсетеді.. Көрініс  қояды.

Сұрақтар:  1. Отты су  қалай  өшіреді?

  1. Жұлдыз-жорамалға сенесіз  бе?

1-ші жүргізуші:  Келесі топ  Жер стихиясы.

Жер — бүкіл  тартылыс  күшінің  орталығы. Оған  қарайтын  өкілдері  сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.

2-жүргізуші:  Торпақ. Түсі- жасыл, сарғылтым, көгілдір.  Тасы- сердолик, ақ тастар. Апта  күні- жұма. Бақытты саны -6. Ұстанымы- менікі, тек қана  менікі  болу  керек!

1-ші жүргізуші: Тауешкі – қара, сұр, көк. Тасы- малахит, рубин. Апта күні- сенбі. Бақытты саны- 8. Ұраны- салмақты, байсалды  өмір  сүру!

2-жүргізуші: Бикеш. Түсі –ақ, жасыл. Тасы- топаз, нефрит. Апта күні- сәрсенбі.  Бақытты саны -5. Өмірлік  мақсаты- елге, өзіңе қызмет ету!

Жер  стихиясы өздерін  таныстырады. Өнерлерін  көрсетеді.  «Өмір-кино» дегендей  кинодан  үзінді көрсетеді.

Сұрақтар: 1.Жер  стихиясының  белгілері  үшін  өмірлері қызықты  оқиғалар,

жағымды  әсерлерге толы  болады  дегенге  сенесіз бе?

2.Жер  қыртысының  жасы қанша  жыл  шамасында?

1-ші жүргізуші: Ауа стихиясының жұлдыздарын ортаға  шақырамыз.

Ауа – терең ойлау  мен  пайымдау  стихиясы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап  табады. Олар  адам  баласының  ең  құнды  қасиеттерін білдіреді. Жебеуші  ғаламшарлары:  Меркурий, Хирон, Уран.

2-жүргізуші:   Егіздер. Түсі – күлгін, қызыл сары. Тасы- топаз, изумруд, агат. Апта  күні- сәрсенбі. Бақытты саны-5. Ұраны- мен  байланыстырамын!

1-жүргізуші:  Суқұйғыш. Түсі- көк, ақшыл жасыл. Тасы -аметист, гранат, циркон. Апта  күні- сәрсенбі, сенбі. Бақытты саны- 4. Ұстанымы-сенім, үміт, тәуелсіздік!

2-жүргізуші:  Таразы. Түсі- ақшыл  көк, қара көк. Тасы- опал, інжу, хризолит. Апта күні -жұма. Бақытты  саны-7. Өмірлік  мақсаты- тепе-теңдікті  сақтай  отырып  өмір  сүру!

Ауа  стихиясы  тобының  жұлдыздары  өздерін  таныстырады.  Өнерлерін  көрсетеді. Фокус  жасайды.

Сұрақтар: 1.Құралсыз  көзбен  айсыз  түні  горизонттан  жоғары  қанша  жұлдызды  көруге  болады?

  1. Жұлдыз-жормалдың сіздің өміріңізде  алатын  орны  қандай?

1-жүргізуші: Келесі  топ  Су  стихиясы.

Су  -барлық  нәрсенің  бастамасын, яғни түпкі  негізін  білдіреді. Су- барлық  кедергілерден  өтіп, өзгелердің  шамасы  келмейтін өмірдің  түрлі  салаларына  араласа  алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.

1-жүргізуші: Балық. Түсі- көкшіл, көк  сұр.  Тасы- аквамарин, сапфир, інжу. Апта  күні- бейсенбі. Бақытты саны -7. Ұстанымы- жан-жақтылық, достық,  махаббат!

1-жүргізуші: Шаян. Түсі- ақ сұр, көк сұр. Тасы- изумруд, рубин, хрусталь, ақ  тастар.  Апта  күні- дүйсенбі. Бақытты саны- 2. Ұраны — мен  сеземін!

1-жүргізуші: Сарышаян. Түсі- қою  қызыл, алқызыл. Тасы- топаз, аквамарин, гранат. Апта  күні- сейсенбі. Бақытты саны-9. Өмірлік  мақсаты- өмірге  үнемі  өзгеріс енгізіп  отыру!

Ауа стихиясы тобының   жұлдыздары өздерін  таныстырады.. Өнерлерін  көрсетеді.  Физикалық  тәжірибе  жасайды.

Сұрақтар: 1.Сұлулықтың  сыры  неде?

  1. Су стихиясына тән  қасиеттер?

 

Көрермендер  берген  баллдары  бойынша  бір  топ  жеңімпаз  атанады.

 

 

Шығыс  қазақстан  облысы

Үржар  ауданы