Ұлты ұлықтаған Елбасы

Тақырыбы: Ұлты ұлықтаған Елбасы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
1 – жүргізуші: Армысыздар,құрметті  ұстаздар мен оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кешіміз ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық — асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып — өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от — жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
2 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын — соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат — мақсатын айқындап берді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады.
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік — экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде — бір өңірін, бірде — бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
2 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.

Мектеп директоры Латипов Сейтқұл ағайға сөз беріледі
1 – жүргізуші
Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

Ән «Жаса Қазақстаным» орындайтын 8- сынып оқушысы Құттымұрат Мағжан
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады.

1 – оқушы. Құлмұратова Айзат
Елбасы сен Қазақстанның
Барлық елмен дос болған
Болмаған дұшпан ешқашан
Қазақ елін гүлдендірген
Тірі жүрші елбасы аға
2 – оқушы.Айдарбекова Мөлдір
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан
3 – оқушы.Берікқызы Несібелі
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

Би: Қазақ биі. 7- сынып қыздары

 

 

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Көрініс: 6- сынып оқушылыры
4 – оқушы.
Толағайқызы Еркетан
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.
5 – оқушы.Амангелді Нұртамаша
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!
1 – жүргізуші:

Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.

Ән «Қазақ таңы» орындайтын 6- сынып оқушылары Қалқаман Жұлдыз. Алмағамбетова Асем
1 – оқушы. Совет Әділет

Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
2 – оқушы.Байсов Ғани

Кемуді білмес кенішті өңір,
Құрсағы құтты сахара демін
Перзенті болат, қорғасын, көмір
Қазақстан республикам менің!
3 – оқушы.Ерғали Аян

Бойымда жігер, тұрғанда сенім,
Жалындап өтем, жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым
Аяулы отан, ардақты елім.
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса
Сүйікті отан, сүйікті елім!

1-жүргізуші:

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Ән: «Жаса жаса» орындайтын 8- сынып оқушысы Сағын Медет
4 – оқушы.
Алмағамбетова Асем

Қазақтың да болады арыстаны
«Менмін деп президент» қарыспады
Абыржып, жаутаңдап, сасқалақтап
Озған кейбір елдерменен жарыспады
5 – оқушы.Нұрашқызы Асылзат

Әрқашан да ақылшысын тыңдаған
Жеңілсе де, сағы ешбір сынбаған
«Асықпаған арбамен қоян алар»
Деген сөздің түбіне жетпей тыңбаған
6 – оқушы.Асқарқызы Қаракөз

Қажырлы арыстанды сақтайық
Әрбір ісін қолдап мақтайық
7 –оқушы. Қалқаман Жұлдыз

Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын.

Би: Қазақ биі. 8- сынып қыздары
8 – оқушы.Айтуған Гаухар

Жасай берсін елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.
Қанша жыл елді басқарып,
Тәуелсіздікті қолға алып.
9 – оқушы.Теңізбай Аружан

Жасай бер елім,
Қазағым!
Жасай бер ағам,
Елбасым!
10 – оқушы.Жалғасбек Нұрдон

Қазақстан байлығына қол жетпейді,
Келген адам бұл елден бос кетейді.
Байтақ елім анамсың ғой кең құшағын,
Алыс кетсем сағындырып сен тұрасын.
11 – оқушы.Елпан Нұрбақыт

Қазақстан Республикам туған елім,
Әлпештеген анамдайсын сен менің.
Емдейді самал лебін жан, тұлғаны,
Сенсің ғой әр халықтың бар арманы.
12 – оқушы.Қашқанқұлов Ердаулет

Құрметтейміз, сыйлаймыз біз де сені,
Сұлулығына тамсанамыз әрі – бері.
Алға қойған арманыңды асқақтатып,
Өрмелей бер биік шыңға даңқты ататып!
13 – оқушы.Шамшырақов Сәндібек

Жолбарыстай азуды айға біледік,
Күллі әлем таныған біз ел едік.
Өзге ұлтқа үлгі болған елімнің
Болашағы жарқынына сенелік.

Ән: Домбыра туралы баллада. Орындайтын 6-сынып оқушылары Қалқаман Жұлдыз. Алмағамбетова Әсем
14 – оқушы
.Атабай Айжан

Қазақ жері қазаны толық дара,
Суы мол, тауы биік, кең байтақ ел,
Байтақ елдің өнуі, өркендеуі,
Президенттің көшбасшылық дарынынан.
Әдемі қалалар бар өлкемізде,
Өскемен, Тараз, Алматы, Семейлерім.
Бәйтерегі биіктеп Астанамда,
Таң қалды әлем жұрт, көрші аумақта.
Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дана.
Халқымыздың жағдайын жақсартатын,
Елбасымыз әрдайым асқақтасын.
Тәуелсіз елімізбен мақтанайық,
Әлемге «Алаш» атымен танылайық.
Жиырма екі жылдық толағай табысымен,
Амандығын тілеймін Елбасының!
15 – оқушы.Құлмұратова Сәндігүл

Желтоқсанда қарлы боран жауындатқан,
Жастарын жас алаштың ұрып соққан.
Қанға бояп, таяқпен ұрып — соғып,
Арулардың шашын жұлып, қансыратқан.
Тәуелсіздік аламыз деп жаңғырады,
Жанарынан ұл – қыздардың от жанады.
Шеруге шыққан алаш өрендері,
«Қайран елім, қазағым» — деп жар салады.
Егемендік орнады елімізге,
Тәуелсіздік жайғасты төрімізге.
Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреді байрағы
Осы күнге жеткізген Елбасымның,
Тілеймін әрқашан да амандығын.
16 –оқушы.Жоламан Ақбаян

Тәуелсіздік оңаймен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе!
2 – жүргізуші: Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән. Дей келе кезекті әнге берейік.

Ән «Елім менің» орындайтын

 10- сынып оқушысы Мисаев Бекарыс пен 8- сынып оқушысы Құттымұрат Мағжан.
1 – жүргізуші:
Қорытынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» — деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен  «Ұлты ұлықтаған Елбасы» атты кешіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!