Отбасы-алтың діңгек

 

 

Сабақтың тақырыбы:                   Отбасы-алтың діңгек

Өткізу мақсаты:                             Халық педагокикалық оқу-тәрбие барысында қолдану,

Ата-ана, оқушы ұстаз ұжымын ынтымақтастандыру.

Ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру.

 

 

Өткізу шарты:                              І бөлімнен және 4 кезеңнен құралған

І кезең:                                          «Жеті атасын білген ар,

Жеті жұртын білген ар,

Жеті жұрттың қамын жер»

ІІ кезең:                                        «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы жаман болса, бала солардан»

«Халық тәләм-тәрбие бастауы».

ІІІ кезең:                                      «Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған».

ІVкезең:                                        «Қыз анадан үйренбесе өнеге алмас,

Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес».

 

 

Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады.

Ортаға І және ІІ жүргізуші шығады.

Жүргізу барысы:

 

І жүргізуші:

                  Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Отбасы» басталса,

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

 

ІІ жүргізуші:

Біздер бүгін көрмеген,

Салт-дәстүрім өшпеген.

Үйренеміз дәріптен,

Заманында өрлеген.

 

І жүргізуші:

Той деп бүгін көңіл, шіркін тасиды,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Мектебімізде, бүгін болар сайыстың

Сөзге жүйрік жыршы бетін ашады.

 

ІІ жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар.

Бүгін міне біздің оқушылардың ата-аналарының қатысуымен болатын «Отбасы-алтын діңгке» атты сайысын бастауға рұхсат етіңіздер! Осы отбасылар қадамы құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектес білдіре отырып, ортаға шығарайық!

 

Ортаға «Балбырауын» күйінің әсем әуенімен үш отбасы шығады.

 

І жүргізуші:

«Қадырқұловтар отбасын» ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

«Еркебаевтар отбасын» ортаға шақырамыз.

І жүргізуші:

«Ұлановтар отбасын» ортаға шақырамыз.

Әр отбасы өз орындарына жайғасады.

ІІ жүргізуші:

Емес пе той халықтың қазынасы,

Бабаның демеу кім ата салтын тастар.

 

Ортаға әжей шығып шашу шашады.

Қазылар алқасымен таныстыру.

Оқушылар сарайының директоры: Тілеш Қайрат ағай.

Оқу іс жөніндегі орынбасары:     Гүлмира апай.

Терме үйірмесінің жетекшісі: Жылтырова Мейрамгүл апай.

І жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым.

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізде.

ІІ жүргізуші:

Жаңардағы сананың,

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн.

І жүргізуші:

Мәңне толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

ІІ жүргізуші:

Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан ұмытпаған ата салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан.

І жүргізуші:

Ал, енді қонақтар, сайсымыздың шартына тоқтайық. Сайыс І бөлімнен 7 кезеңнен тұрады.

І кезең:

Жеті атасын білген ер, жеті жұртың қамын жер.

(Әр отбасының өзін-өзі өлеңмен және әнмен, не қара сөзбен таныстыру).

ІІ кезең:

ІІ жүргізуші:

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған.

Жақсы, жаман болса солардан.

(Әр отбасы келіп тапсырмалар алсын).

Әр отбасы ковертті таңдап, ондағы тапсырмаларды орындайды.

Әр отбасына 3 тапсырмадан.

Тапсырмалар:

І тапсырма:

  1. «Асар» мен «Қол үшін беру» салтының мазмұнын түсіндіріңіз. Айырмашылығын атаңыз.

2.3арсыз, 3жамандықты атаңыз.

  1. Балаңыздың бойынан ұлтыңызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

ІІ тапсырма:

  1. «Бастаңғы» мен «Қызойнақ» мазмұның түсіндіріңіз. Айырмашылығын атаңыз.
  2. Жеті жетімге не жатады?
  3. Үйде әдет-ғұрып қандай тәрбие бересіз?

 

ІІІ тапсырма:

  1. «Қазан жарыс» пен «Қазан шегелеу» салтының мазмұнын түсіндіріңіз.
  2. 2. Үш жұртты атаңыз.
  3. Отбасына өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?

ІІ жүргізуші:

Музыкалық ұзіліс.

«Көркем-ай» би тобының «Аққу» биін алыңыздар.

Қазылыр алқасы ІІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

 

ІІІ кезең:

І жүргізуші:

Қай істе де өнер қолдан,

Өнерлі адам жеңер болған.

Әкелер домбыраға тиек, сұраққа жауап береді, аналар көрпешеге ою ояды, балалар өз өнерлерін көрсетеді;(Әкелеріне сұрақ беріледі)

І кезек: Еркебаевтар отбасына беріледі.

Сұрағы: Домбарының шегің дайындауға қандай малдың ішегі қолданылған?

Жауабы: ешкі.

ІІ жүргізуші:

ІІ кезек: Ұланвтардың отбасына беріледі.

Сұрағы: Сабаны не үшін дайындаған және қандай сабалар болады?

Жауабы: қымыз, айран құятын саба.

І жүргізуші:

ІІІ кезек: Қадырқұловтар отбасына беріледі.

Сұрағы: Кебеже мен сандықтың айырмашылығын атап беріңіз.

І жүргізуші:

Қазылар алқасы ІІІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

ІV кезең:

ІІ жүргізуші:

Қыз анадан үйренбей неге алмас,

Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес.

Дәстүр-салт, ғұрыптардан көрініс көрсету. «Тұсау кесер», «Ат қою», «Бесікке салу».

Еркебаевтар отбасы «Тұсау кесер» көрінісін көрсетеді.

І жүргізуші:

Ұлановтар отбасы «Бесікке салу» көрінісін көрсетеді.

ІІ жүргізуші:

Қадырқұловтар отбасы «Ат қою» көрінісн көрсетеді.

Музыкалық ұзіліс: «Көркем-ай» би тобының «Сыған» биін қабыл алыңыздар.

Қазылар алқасы ІV кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

V кезең:

І жүргізуші:

Балаларға өнер, білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.

Әр отбасының тамашалу, балалар мақал-мәтелдер сайысқа түседі.

І-ші кезекті Ұлановтар отбасына береміз.

ІІ жүргізуші:

2-ші кезекті Еркебаевтар отбасына береміз.

І жүргізуші:

3-кезекті Қадырқұловтар отбасына береміз.

Музыкалық ұзіліс: Қыстаубаева Аяжанның орындауынды ән «Анашым».

Қазылар алқасы V кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

VІ кезең:

ІІ жүргізуші:

Асты келін-берекелі келін.

Бұл кезең үй тапсырмасы «Қазақы ас» мәзірін дайындау.

І-ші кезекті Ұлановтар отбасына береміз.

І жүргізуші:

ІІ-ші кезекті Еркебаевтар отбасына береміз.

ІІ жүргізуші:

ІІІ-ші кезекті Қадырқұловтар отбасына береміз.

Музыкалық ұзіліс: «Көркем-ай» би тобының өзбек биін қабыл алыңыздар.

Қазылар алқасы VІ кезеңнің ұпайын көрсетулеріңізді сұраймыз.

І жүргізуші:

Қазылар алқасы, енді жалпы ұпайды айтып, жүлдегерді атаңыздар.

Ендігі сөз кезегі оқушылар сарайының директоры Тілеш Қайрат ағайға береміз.

ІІ жүргізуші:

Ендігі сөз кезегін оқу іс жөніндегі орынбасары Гүлмира апайға береміз.

І жүргізуші:

Ендігі сөз кезегін терме үйірмесінің жетекшісі Жылтырова Мейрамгүл апайға береміз.

Қорытынды сөз сынып жетекшісіне беріледі.

Біздің осындай ибалы да инабатты аналарымыздың көрегенді , салмақты әкелеріміздің балаларының да, мәдениетті, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, білімді, ұрпақ болатына, осы ұрпақ арқылы, болашақ жастарымыз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енетінімізге сенемін. Сіздерге көп-көп рахмет!