«Мұражай-тарих айнасы»
«Мұражай-тарих айнасы»
Мақсаты: Оқушыларға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, ескі табиғи заттардың қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Тақырып , мұражайлар суреттері, музыка аппараты.
«Қазақ биі» Гүлназ Бірімбетова
Мұражай— естелігі өткендердің
Ерлік пен ел даңқына жеткендердің
Мұражай-қазынамыз қасиетті,
Жас ұрпақ мұражайды қастерлегін.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 18 мамыр- мұражай күні. Мұражай өзінің жаратылысы жағынан ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі болып табылады. Бұл салада педагогикалық мұражай да солардың теңдесі жоқ бір бөлігі. Мұражай оқушылар мен педагогтардың шығармашылық орталығы десе де болғандай. Ендеше осы мұражай күніне арналған «Мұражай-тарих айнасы» атты кешімізге қош келдіңіздер.
5 сынып оқушысы Әйгерімнің орындауында «Перзент сыры» әнін қабыл алыңыздар.
Сонау баяғы заманнан-ақ адамдар өткенді еске түсіретін, өздеріне аса қымбат заттарды жинап, сақтай бастаған. Ондай заттар немесе коллекциялар-қару-жарақтар, кітаптар мен небір әсемдік бұйымдары, жиһаздары жинақтаған. Жай қарапайым жұрт ондай қазынаны ауыз-екі әңгімеден естіп, білмесе оны ешқашан көре алмаған. Ал, қазір біздің елімізде мыңнан аса мемлекеттік музей жұмыс істейді. Онда жарты миллионға жуық картина, мүсін, түрлі қолжазбалар, әрқилы заттар жинақталған. Бұған қоса мыңдаған халық мұражайлары мектептерде мұражайлар тағы бар.
Ендігі кезекте Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра класының оқытушысы Гүлсім апайдың орындауында Түркештің күйі «Көңіл ашар».
Мұражайдың өзі әр түрлі болады. Айталық, зоологиялық мұражайда жан-жануарлар мен жәндіктердің , көбелек атаулының қатырылған бейнесі сақталса, ал геологиялық мұражайлардан алуан-алуан минералдық заттарды көруге болады. Сол сияқты біздің елімізде ботаника, музыка, театр мұражайлары қаншама. Көптеген қалалардың өлкелік мұражайларында да , мол тарихы бар , бірақ олар тек бір ғана өлке, облыс немесе қала өмірі жайлы сыр шертеді. Дүние жүзінде ең алғаш рет жасалған электр шамы, бірінші радио, бірінші атом электр станциясы, тұңғыш ұшырылған жер серігі. Орыс ғалымдары мен инженерлерінің құдіретті қиялынан туған осы керемет жаңалықтардың бәр-бәрін сендер Политехникалық мұражайдан көре аласыңдар.
5 сынып оқушысы Ақниеттің орындауында «Қыз сыны» әнін қабыл алыңыздар.
Мұражайдың негізгі жұмысы-тарих арқылы тарихи-мәдени ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани — адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю, еліне деген мақтаныш пен Отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдермен таныстыру, материалдық-рухани құндылықтармен таныстыру деген сөз. Педагогикалық мұражайдың жастарды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, рухани өсіп-өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білуіне, шынайы мұралар негізінде білімдерін қалыптастыру жолында берері мол.
7 сынып оқушысы Құндыздың орындауында «Алма бақтың ұрылары»термесін қабыл алыңыздар.
Ендігі кезекте оқушылардың мұражай күніне арналған өз жүректерінен шығарған арнауларын қабыл алыңыздар.
7 сынып оқушысы Арайлымның орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.
Шалқар қаласында аудандық мұражай бар. Ол мұражайда ескі заттар бөлімі, зоологиялық бөлім, аңдар орманы бұрышы, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бұрышы, зергерлік бұйымдар бөлімі, ұлттық киімдер үлгілері, Мөңке биге арналған бұрыш, Қайдауыл мүсіні тағы да басқа заттар бар.Сонымен қатар қазіргі таңда барлық мектептерде мұражайлар бар. Біздің мектебімізде де 2009 жылдың сәуір айынан бастап мұражай жұмысы жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарынан, мектеп оқушыларынан ескі естелік заттар жинақталды. Және де Ұлы Отан соғысына арналған «Ешкім де ,еш уақытта ұмытылмайды», мектеп тарихынан «Қалдырған ізің мәңгілік» атты, Қазанғап күй мектебін жалғастырушы Бақыт Басығараевқа, «От ауызды, орақ тілді Мөңке би» атты стендтер бар. Мұражай қорын толықтыруға көп көмегін тигізген мектебіміздің әлеуметтік педагогы Үсенов Оңдасын ағайға айтар алғысымыз шексіз. Мұражай ашылғанда мектебіміздегі оқушылардан топ мүшелері құрылды.
Олар: Бөлекбаева Айсара
Ізбасарова Қадиша
Төреғали Айнұр
Бердіғалиева Әйгерім
Алдиярова Тұрсынгүл
Асан Инабат
Олар да мұражай қорын толықтыруға көп үлестерін қосты. Алдиярова Тұрсынгүл мектеп тарихын зерттеп, бұрынғы мектеп басшыларының, қызметкерлерінің өмірбаяндарынан деректер жинақтады. Асан Инабат Ұлы Отан соғысы ардагері Қиынбаев Жален атаға барып сұхбат жүргізіп,дискіге жазып ауданға жіберді. Басқа да топ мүшелері Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай жеті сайын газет шығарып, радио бағдарлама жүргізуге атсалысты. Және де сыныптан тыс берілген шараларда өнер көрсетіп, мұражай жұмысын алға жүргізді. Мұражай жұмысы ешқашан аяқталған емес және оны дамыту мен жетілдірудің шегі болмайды. Күннен күнге шығармашылық жол арқылы мұражайды жаңа материалдар мен және экспонаттармен толықтыру жұмысы жалғаса береді. Келешекте біздің міндетіміз— облыстық педагогикалық мұражайды мәдени және рухани орталыққа айналдыру.
5 сынып оқушысы Гүлнұрдың орындауында «Өзбек биі»
Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.