“ Тапқыр болсаң, озып көр “ Экономикалы –интеллектуалды сайыс! Орта буын оқушылары үшін.

Тақырыбы:  Тапқыр болсаң, озып көр

Экономикалы –интеллектуалды   сайыс!

Орта буын оқушылары үшін.

 

 

 Мақсаты:

 Білімділік:             Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай,Тәуелсіздік

тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға

толы тарих беттеріне шолу жасау.  Оқушылардың

ойлау қабілетін арттыру,экономикалық  білімін

шыңдау.

 Дамытушылық:  Нарықтық экономиканың негізгі заңдары

жайлы білімдерін жетілдіре отырып,

оқушылардың ойлау қабілетін ,ой-өрісін,

шығармашылық қабілетін дамыту.         

Тәрбиелік:         Оқушылар бойына ыждағаттылық пен сенімділікті

ұялата отырып материалдық және рухани

құндылықты бойына сіңірген, ойы ашық бәсекеге

қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:         Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдері:   Сұрақ-жауап, ой қозғау, «Бинго» ойыны,

«Блиц-турнир» әдісі.

Көрнекіліктер:   Үлестірмелі топтамалар,слайд.

 

                                      Барысы:

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл 2011 жыл ең маңызды жыл – Тәуелсіздікке 20 жыл.

2-жүргізуші:  Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік  халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрестің нәтижесі.Еліміздің экономикасы тәуелсіздік алғаннан бері өте жоғары деңгейде дамып, қарқындап келеді.

Қуаныштың келбетіне қол соға,

Тәуелсіздік бақыт кілті баршаңа.

Қазақстан танымастай өзгерді,

Ел қуанған жетістіктер қаншама.

 

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап айтар болсақ:

 

1991 жыл – Қазақ елі өз Тәуелсіздігін жариялаған жұлдызды жыл.

1992 жыл – Елдігіміздің басты нышаны Елтаңбамыз бекітіліп,көк байрағымыз көк аспанда желбіреді.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жыл – Қазақстанның ұлттық валютасы теңге айналысқа енді.

1994 жыл — Әлеммен қарым-қатынасқа ашық қадам.

1995 жыл – Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1996 жыл —  Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қалыптасуы.

1997 жыл –  Болашаққа ұмтылған қала.

1998 жыл – Инвестициялық саясаттың жаңа деңгейлері.

1999 жыл — Халық сайлауы — демократия негізі

2000 жыл — Индустрияландырудың басты тетігі

2001 жыл — Ұжымдық қауіпсіздік жолымен

2002 жыл —  Келешегі кемел сенім шаралары

2003 жыл —  Бейбітшілік үшін диалог

2004 жыл — Дамудың негізгі басымдығы

2005 жыл — Сайлау арқылы демократияға

2006 жыл — «Отаным менің– менің Қазақстаным»

2007 жыл —  Халықтық тұғырнама

2008 жыл — «Мемлекет және бизнес серіктес болуы тиіс …»

2010 жыл – Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасында тұңғыш рет еуразиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесіне ие болды.

2011 жыл – Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық жасауда.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың мақтан тұтар жетістіктері аз емес.Жасасын Қазақстан!Тәуелсіздік Жасасын!

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 7-8 сыныптар арасында өтетін «Тапқыр болсаң, озып көр» атты  экономикалы-интелектуалдық  сайысымызға қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші:  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың  негізі — білімде» — деп айтқандай бүгінгі сайысымызға тапқырлығы мен білімін көрсетуге келіп отырған сайыскерлерімізбен  таныс болайық.

 

1-жүргізуші:

  1. «Жас кәсіпкерлер» компаниясы
  2.  2. «Жас экономистер» компаниясы
  3.   «Жас өндірушілер» компаниясы

 

2-жүргізуші:       Экономика  сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, – дей отырып ,бүгінгі сайыскерлеріміздің білімі мен тапқырлығына баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар…

 

1-жүргізуші:

                               

 

                                Жоспары:

 

1) Командалардың өзін-өзі таныстыру,амандасу рәсімі.

2) Тапқырлық сайысы (логикалық есептер мен сұрақтар)

3) Өз жартыңды тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу)

4) Сауатты тұтынушы (зерттеу жұмыстары )

5) Блиц-турнир (әр сұраққа уақыт бойынша жауап беру)

6) «Бинго» ойыны.(шар  ішіндегі сұраққа  жауап беру)

 

2-жүргізуші: Енді жоспармен таныс болсақ,сайысымыздың І-ші кезеңін бастаймыз.

 

  1. «Жас кәсіпкерлер» компаниясы

 

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Ұраны:      « Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске »

 

Мектеп  компаниясы   ішінен ашылған компания өз өнімдерін таныстырып,жарнамалайды.(тұсау кесер рәсімі)

 

Шарты: 1.Компания  президенті  және қызметкерлермен таныстыру

Мысалы, бөлім  бастығы ,маркетинг,есепші, ,көлік  жүргізуші  т.б

 2.Компания тарихымен,сонымен  қатар шет  мемлекеттермен сауда-саттық байланыс  келісім шарттарын  айту.

  1. Компания өз  өнімдерін  көрсетіп(сапасы,  нарық бағасы ,мекен  -жайы,ұялы телефон)жарнамалайды.

Таныстыру барысында  слайдтар,плакаттар, графалар,визиткалар қолдануға болады.Өнім  түрлеріне: тоқымалар,кестелер,блакноттар т.б.

 

2.«Жас экономистер» компаниясы

 

Сәлемдесуі:  Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келет кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Ұраны:      « Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой »

 

Мектеп  компаниясы   ішінен ашылған компания өз өнімдерін таныстырып,жарнамалайды.(тұсау кесер рәсімі)

 

Шарты: 1.Компания  президенті  және қызметкерлермен таныстыру

Мысалы, бөлім  бастығы ,маркетинг,есепші, ,көлік  жүргізуші  т.б

 2.Компания тарихымен,сонымен  қатар шет  мемлекеттермен сауда-саттық байланыс  келісім шарттарын  айту.

  1. Компания өз  өнімдерін  көрсетіп(сапасы,  нарық бағасы ,мекен  -жайы,ұялы телефон)жарнамалайды.

Таныстыру барысында  слайдтар,плакаттар, графалар,визиткалар қолдануға болады. Өнім  түрлеріне: тоқымалар,кестелер,блакноттар т.б.

 

  1. «Жас өндірушілер» компаниясы

 

Сәлемдесуі:   Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұщқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Ұраны:        «Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жеңісті алғырлықпен аламыз»

Мектеп  компаниясы   ішінен ашылған компания өз өнімдерін таныстырып,жарнамалайды.(тұсау кесер рәсімі)

 

Шарты: 1.Компания  президенті  және қызметкерлермен таныстыру

Мысалы, бөлім  бастығы ,маркетинг,есепші, ,көлік  жүргізуші  т.б

 2.Компания тарихымен,сонымен  қатар шет  мемлекеттермен сауда-саттық байланыс  келісім шарттарын  айту.

  1. Компания өз  өнімдерін  көрсетіп(сапасы,  нарық бағасы ,мекен  -жайы,ұялы телефон)жарнамалайды.

Таныстыру барысында  слайдтар,плакаттар, графалар,визиткалар қолдануға болады. Өнім  түрлеріне: тоқымалар,кестелер,блакноттар т.б.

 

1-жүргізуші:

 

Сайысымыздың ІІ-ші кезеңі,тапқырлық сайысы (логикалық есептер мен сұрақтар

№1 есептер

 

1)Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының

қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? [ 6 бала]

2)Екі адам 4 сағат шахмат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағат

ойнады? [ 4 сағат]

3) Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді.Күндіз ол 4 метр

биіктікке көтеріледі, ал түнде 3 метр төмен түседі.Ол қанша күнде

бағанның басына шығады? [ 3 күнде]

4) Күшік пен балапандарда 44 аяқ,17 бас бар.Неше күшік неше балапан

бар [ 12 балапан, 5 күшік]

5) Үстелде 3 стакан сүт бар.Айбек 1 стакан сүтті ішіп қойды.Үстелде

неше стакан бар? [ 3]

6) Қосындысы 19 болу үшін, төрт тақ санды ойлап тап.(сандар

қайталануы мүмкін) [ 0+5+9+5=19]

                              

                                  №2 есептер

 

Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 апкесі бар.Әр қыздың бір анасы бар және  бір әкесі бар.Жанұяда барлығы қанша адам бар? [ 2 ұл,2 қыз,1 әкесі,1  анасы-6 адам]

2)  1 тонна мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? [ тең ]

3)   Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп

әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді? [ 300 кг]

4)  Сіздің үйіңізде қазы және қоян бар, барлығының аяғы 66.Сізде неше

қоян неше қазы бар.  [ 11 қаз, 11 қоян]

5)  86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр? [ 98]

6)  7,7,7,7,7,7 – осы  сандарға амалдар қолдану арқылы 100 шығару керек?

[ ( 777-77) / 7 =100]

                                            №3 есептер

1) Екі әкесі,екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?

[атасы,баласы,немересі]

2) Ағаш үстінде 100 торғай отыр.Аңшы 10 торғайды атып

алды.Торғайдың қаншасы қалды? [ 10 торғай]

3) Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды, әр

қайсысына 6 алмадан тиді.Бұл қалай болғаны,серуенге неше адам

шықты? [ 1 ата, 2 әке, 4 баласы]

4) Хайуанаттар бағында түйе мен түйеқұстарды қосып санағанда 60 көз

және 86 аяқ бар.Хайуанаттар бағында қанша түйе мен түйеқұс бар [ 13

түйе,17 түйеқұс]

5) Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? [ үтір]

6) 8,8,8,8,8 осы сандарға амалдар қолдану арқылы 1000 шығару керек?

[ ( 888+88)+(8+8)+8=1000]

 

2-жүргізуші:

 

Сайысымыздың ІІІ-ші кезеңі,өз жартыңды тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу, әр компанияға 5 минуттан).

 

 

1-ші «Жас кәсіпкерлер» компаниясына

 

1) Бір кісі қазған құдықтан, ( мың кісі су ішеді)

2) Жүз теңгең болғанша, ( жүз досың болсын)

3) Байлықтың атасы- еңбек, (анасы — жер)

4) Қолда барда алтынның ( қадірі жоқ)

5) Судың да ( сұрауы бар)

6) Есептемегенге бәрі ( түгел)

7) Түстік өмірің болса, ( кештік мал жина)

8) Саудада ( достық жоқ)

9) Базары жақын ( байымас)

10) Тамшыдан тама берсе, ( дария болар)

 

 

2-ші «Жас экономистер» компаниясына

 

1) Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)

2) Теңге тиыннан өсер (жылқы құлыннан өсер)

3) Үйдегі есепті ( базардағы баға бұзар)

4) Жан қиналмай жұмыс бітпес, ( талап қылмай мұратқа жетпес)

5) Сауданың түбі борыш, (шаруаның түбі кеңіс)

6) Шашу оңай ( жинау қиын)

7) Тамшыдан тама берсе ( дария болар)

8) Шапқан озар, ( жатқан қалар)

9) Базарда бәрі бар, ( ақшасыз ешкім бермейді)

10) Берген — алар, ( еккен – орар)

 

3-ші «Жас өндірушілер» компаниясына

 

1) Білгенің бір тоғыз (білмегенің тоқсан тоғыз)

2) Сауда (сақал сипағанша)

3) Бал ұстаған, (бармағын жалайды)

4) Ескі киімді баптағаның ( жаңа киімді сақтағаның)

5) Ақша кетуге тырысады ( есеп ұстауға тырысады)

6) Не ексең ( соны орасың)

7) Қасықтап жинап ( шөміштеп төкпе)

8) Алтын шыққан жерді ( белден қаз)

9) Жылай-жылай арық қазған, ( күле –күле су ішер)

10) Мал баққандікі, ( жер жыртқандікі)

 

1-жүргізуші:

 

Сайысымыздың ІҮ-ші кезеңі, Блиц-турнир (әр сұраққа жылдам ,шапшан жауап беру )

 

                         I-ші «Жас кәсіпкерлер» компаниясына

 

1) Сауда жасалатын орын(Нарық).

2)Біздің елімізге сырттан келетін тауарлар (Импорт)

3)Қандай бағалы қағаздың иесі девиденд алады?(Акция)

4)Бір тауарды екінші тауарға айырбастау?(Бартер)

5) Мемлекет иелігіндегі барлық ақша қаражаттары (Қаржы)

6) Шаруашылықты ұқыпты жүргізу (Үнемдеу)

7)«Табиғатты зерттеу мен халықтың баю себептері»еңбегінің авторы(Адам Смитт).

8) Салымдарды қабылдайтын және қарыз беретін қаржылық мекеме (банк)

9) Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет (бизнес)

10) Елдің айналымдағы ақша бірлігі (валюта)

 

2-ші «Жас экономистер» компаниясына

 

1)225 нешенің квадраты?(15)

2) Сауда пәні болып табылатын нәрсе? (тауар)

3) Сатып алушы мен сатушылар кездесетін жер? (рынок, нарық)

4) Елден шығарылатын және елге әкелінетін тауарлар санын шектеу (квота)

5) Тауарлар үшін қабылданатын нәрсе (ақша)

6) Тауар бірлігінің ақшамен көрінетін құны (баға)

7) Бір нәрсеге деген мұқтаждық (қажеттілік)

8) Елдегі билікті іске асыратын ұйым (мемлекет)

9) Белгілі бір шартпен ақшаны борышқа алу (қарыз)

10) Белгілі бір басылымның шығарылған экземпляр саны(Тираж)

 

3-ші «Жас өндірушілер» компаниясына

 

1)Қағаз ақша(Банкнот).

2)Сауд Арабиясынан қандай табиғи ресурстар шығады?(Мұнай)

3) ҚР-ның ұлттық валютасы (теңге)

4) Бағаның өсіп ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі (инфляция)

5) Нақты адам иелігіндегі меншік (жеке меншік)

6) Мерзімінде қайтып беру шартымен ақшаны қарызға алу (несие)

7) Екі немесе бірнеше меншік иесі иелік ететін кәсіпорын (серіктестік)

8) Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушы кәсіпорын (ферма)

9)  Өнім шығарып, қызмет көрсететін адам (өндіруші)

10) Адамның, фирманың әрекет етуі нәтижесінде пайда болатын нәрсе (тауар)

 

2-жүргізуші:

 

Сайысымыздың Ү-ші кезеңі «Бинго» ойыны.

(Ілулі тұрған шарды жарып, ішіндегі сұраққа жауап беру)

 

  1. Экономика дегеніміз не?
  2. Бәсеке дегеніміз не?
  3. Инфляция дегеніміз не?
  4. Мемлекет дегеніміз не?
  5. Монополия дегеніміз не?
  6. Тұтыну дегеніміз не?
  7. Бизнес дегеніміз не?
  8. Меншік дегеніміз не?
  9. Сауда дегеніміз не?

 

Қорытынды: Бүгінгі « Тапқыр болсаң, озып көр » атты сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін, сөз әділқазылар алқасына беріледі.

 

«Жас кәсіпкерлер» компаниясы — ……. ұпай

«Жас экономистер» компаниясы — ……. ұпай

«Жас өндірушілер» компаниясы — ……. ұпай