«Менің Қазақстаным – менің болашағым»

 

 Тақырыбы: «Менің  Қазақстаным – менің болашағым»

Мақсаты: жас  ұрпақты Отанды сүюге ,қазақ елінің рәміздерін

қастерлеуге,туған жеріне, атамекеніне деген  сүйіспеншішілігін

арттыру;Отанға ,туған жеріне деген  патриоттық сезімін арттыру,

Елімізді сүюге,құрмет тұтуға, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: интерактивті тақта, Қазақстанның  картасы

 

Өтілу барысы:

           

Қазақстан  Республикасының мемлекеттік әнұранын айту

 

І-бөлім .

Елім-менің Қазақстан

      

Жүргізуші: Тәуелсіздікті жариялап,содан бергі өткен 23  жыл еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу,әлемдегі өз орнын иелену ,бүкіл әлем таныған ел болу  мақсатын жүзеге асыруға арналды.

Туған жер-Қазақстан,Отан-ана,

Атымыз сенен бөлек атала ма?

Күн құшақ сенің ыстық мейіріңе

Тасың да тебіренбей жата ала ма

 

1-оқушы: Отан –адамның туып өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен   тұратын атамекені

 

2-оқушы. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан РеспубликасыБіздін өлкеміздің табиғаты таңғаларлықтай бай өлке болып табылады.

 

3-оқушы. Елімнің атын айтсам-Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам –Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған екен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!

 

4-оқушы. Мерейім нұрлана бер, азат күнім,

Көрейін бақытыңның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

 

5-оқушы.Біз намыскер қазақ елі ұланымыз

Қорғайтын жерімізді- қыранымыз

«Талап,еңбек,терең ой,қанағат қыл,

Рақым ет» деп Абай айтқан- ұранымыз.

6-оқушы. Туған елдің жырын жырлап ғарыштан,

Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.

Кешегі кең өрісті кемелді,

Жайна мәңгі Қазақстан- гүлстан!

 

7-оқушы. Сүйем сені қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін!

 

8-оқушы        Абай туған,Сәкен туған,

Құрметте,достым , қазақтың жерін,

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан – Республикам менің!

 

9-оқушы. Отаным, кең далам орманды,

Болаттан соғылған  қорғанды.

Бақыттың,шаттықтың мекені,

Қолдаймыз ,қорғаймыз Отанды.

 

Жүргізуші: Қазақстан-ол біздің еліміз

жеріміз,тіліміз,дініміз,Отанымыз.

Ал енді  осы ұғымға қысқаша ой-толғау жасап мына слайдтан Қазақстан туралы қысқашаүзінді көрейік.

 

Ән: «Атамекен»

Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышым

Жүргізуші: Тәуелсіздік тұғырлы болу үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін  қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

1- оқушы

Мемлекеттік ту көк түсті, тікбұрышты матадан жасалынған.Тудың авторы-Шәкен  Ниязбеков.

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары.

 

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты.

2-оқушы

Қазақстан мемлекеттік елтаңбасының авторлары-Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігіміз өз  қолымда;

Еркіндігім-Елтаңбам.

 

3-оқушы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұран сөзін жазғандар-Нұрсұлтан  Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов,музыкасын жазған-Шәмші Қалдаяқов.

Жыр айтқан балалардан айналамын,

Елім деп еміренсе жанданамын.

Жүректер «Қазақстан» деп күнде соқса,

Марқаямын, мақтанам,қуанамын!

 

Ән: Алға,қазақ жігіттері

 

 

            ІІІ-бөлім «Туған жерге саяхат»

Картасына қарасаң,

Ұқсайды алып балыққа.

Өзі ірі ел санасаң,

Ол алғашқы ондықта.

Таулы,дені жазық та,

Ортасында алып құрлықтың.

Өзенді, көлді болса да,

Мұхиттан қашық алыс тым.

«Бұл қай ел?»- деп сұрасаң,

Жүздеген ұлт өкілі,

Мал,егіс ,ғылым мекені,

Өндірісті кәсіп етеді,

Ол-Қазақстан Республикасы.

 

 

 

 

 

Жүргізуші:

Біздің мемлекетіміз 14 облысқа бөлінген.Елімізде ірі,әсем,жері пайдалы   қазбаларға толы қалалар көп. Қазір сол қалаларымыз туралы айтып мына  картаның бетін толтырайық.

(Әр облыстың байлығын сурет бойынша жапсыру

 

1.Өскемен- өр шығыста Алтайы

Жүргізуші: Өскемен қаласының іргетасы 1720 жылы қаланған.1868 жылы  Өскемен қала мәртебесіне ие болды.Өскемен қаласы –егеменді Қазақстанның ірі  өндірістік қалаларының бірі,Шығыс Қазақстан облысының орталығы.Биылғы  жылы құрылғанына 295 жыл толды.

 

Өскеменім-өскен елім

Шуақ шашып рауандап күн күлімдей,

Түрілгенде мақпал түн түндігіндей.

Өскеменім таң сипап ақ маңдайын,

Көрінеді шығыстың кіндігіндей.

 

Өскеменім-жәннәтің мәңгі бағы,

Асау толқын Ертістен жарды ұрады.

Құшағында үлбіреп Үлбі сұлу

Еркелейді тербеліп бал құрағы.

 

Өскеменім-арманның асқарысың.

Өскен елім,басына бақ дарысын.

Ажарланған шығыстың жауһар тәжі,

Алтын алқа Алтайдың,шашбауысың.

 

2  Алматы-жері жайсаң қала әрі облыс.

3.Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс.

4Атырау-мол  Қазақстан мұнайы.

5.Тараз- жайлау шұрайлы қазыналы,

6.Жезқазған-кен,бұзылмаған қаймағы.

7.Көкшетаудың көп көгілдір аймағы

8.Қарағанды- қара  алтынның қоймасы.

9.Қостанай-құт қызыл бидай қамбасы.

10 Қызылорда-күрішті Сыр сағасы

11.Керекуім (Павлодар)-қара  Ертістің саясы.

  1. Қызылжар (Петропавл) – солтүстігім орманды.
  2. Талдықорған –жер жанатты, көп бағы.

14.Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

15.Астана-ол Отанымның жүрегі ,елімнің бас қаласы.

 

 

 

Жүргізуші: Біз Табиғат- ананың бізге берген кереметтерімен қалайша  мақтанбаймыз?! Осынау елдің байлығы мен барлығы мына біздікі емес пе?

Біз болашақ елің тірегі  қандай болуымыз керек?

 

1-оқушы Біз білімді  оқушы болуымыз керек?

2-оқушы Біз болашақта білікті маман иесі болуымыз керек.

 

3- оқушы.Біз өзОтанын сүйетін,бойында намысы бар ұлт жанды азамат болуымыз   керек.

 

4-оқушы

Тәуелсіз мемлекетіміздің ары қарай өркендеуіне өз үлесімізді қоса  береміз!

 

 

Қорытынды. Туған еліміздің мерейі өсіп,абыройы тасқаның көруден артық қуаныш та,бақыт та жоқ болар бәлкім! Және де сол мерей мен сол абырой әлемдік деңгей мен әлемдік дәрежеде болып жатса,неге қуанбасқа.Бүгінде әрбір Қазақстандық «Біздің мақтан тұтатын қасиетті тарихымыз бар,біздің сүйікті Отанымыз бар» деп бар дауысымен айта алады.

Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,

Ертеңіне,өркеніне сене бер.

Дүниені дүбірімен таңдатқан,

Міне осындай Қазақстан деген ел.

Әлемге атын жайылсын жарқын,

Жасай бер,жаса ҚАЗАҚСТАН!

Баянды болсын бақытың,халқым,

Жасай бер,жаса Қазақстан !