Интеллектуалды сайыс (қазақ тілі онкүндігіне орай 5 «В» сыныбының екі топ арасында өткізілген іс — шара)

 

Интеллектуалды сайыс

(қазақ тілі онкүндігіне орай 5 «В» сыныбының

екі топ арасында өткізілген іс — шара)

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

  1. Әдісі: сайыс сабақ
    Көрнекілік: ұяшықтар, түсті кітаптар, қима қағаздар, әріптер

    Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
    1) алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
    2) әділқазылар алқасын сайлау.
    3) сайыстың мақсатымен таныстыру.
    4) «Танысу»

5) «Алтын ұяшық»

7) «Суретшілер»

8) «Түрлі — түсті кітаптар»

9) «Кім жылдам?»
Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «ЗЕРДЕ» сайысын тілдер онкүндігіне орай  өткізгелі отырмын.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас,  — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

     Осымен «ЗЕРДЕ» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Қатысушылар екі қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:

Оспанова Айгүл Антоновна
І тур «Танысу»

 

І топтың аты — «Құстар»
ІІ топтың аты — «Самға»

(Әр оқушы өзін таныстырып өтеді)

 

ІІ тур «Алтын ұяшық» (екі топтың қатысушылары кезектеп ұяшық таңдайды, таңдаған ұяшықтағы ережелерге байланысты сұрақтарға жауап береді)

Қазақстанның елбасы кім?

Қазақстанның астанасы қай қала?

Неше дауыссыз дыбыс бар?  Түрлерін ата

Неше дауысты дыбыс бар? Түрлерін ата

Қазақ тілінде неше септік бар? Түрлерін  ата

Жалғаулардың түрлерін ата

 

ІІІ тур «Суретшілер»  (мұғалім оқып тұрған өлең жолдарының мағынасын суреттеу)

Қоңыр қарындаш аламын,

Онымен жерді бояймын.

Сары қарындаш аламын,

Алтын  күнді бояймын.

Көк қарындашты аламын,

Көгілдір суды саламын.

Жасыл қарындаш қолымда,

Онымен шөпті саламын.

Салған суреттерін қорғау (не түсінді,не салды?)

IV тур «Түрлі –түсті кітаптар» (оқушылар кезектеп кітап таңдайды, кітаптың ішінде берілген тапсырманы топтасып орындайды)

«Кітап» сөзін жекеше түрде тәуелде

«Ән» сөзіне фонетикалық талдау жаса

Сын есімге және сан есімге  5 мысалдан келтір

«Қалам, оқулық, ғарышкер»  сөздеріне көптік жалғау жалға

«Оқушылар тіл апталығына қуана қатысты» Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап

«Балалар спорттық жарыстан бірінші орын алды» сұраулы сөйлем жаса

 

V тур «Кім жылдам?» (әр қатысушының алды – артына әріптер жапсырылады, берілген уақыттың ішінде мұғалім сөздерін аударып, жылдам керекті ретпен тұрып сөз аудармасын көрсетулері қажет; күй «Адай» ойнап тұрады)

к  м   и   л   і   е                              б   а   р   б   қ   с

1   2   3   4   5  6                              1  2   3   4   5   6

д  ә   п   т   е   р                              о  т   а   н   ы   м

 

Жіңішке әріптер қатарына: тетрадь,квартира, школа, одежда, лекарство, ковер.

Жуан әріптер қатарына: моя Родина, семья, мыло, урок, лес.

Әр топқа әділқазылар алқасы бағаларын қояды, жеңімпаздарды анықтайды.

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 «в» сыныбында өткен «Зерде» интеллектуалды ойынының есебі

 
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”
Ж. Аймауытов

 

18 қыркүйекте 5 «В» сыныбының оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен тіл онкүндігіне орай  сайыс сабақ өткізілді. Сынып пәннен 2 топқа бөлінгендіктен, әр топтан 6 қатысушыдан болды. Бірінші топ өздерін «Құстар» деп атаса, екінші топ «Самға» деп атады.  Сайыстың мақсаты : оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту,  қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру болды. Екі топ та өздерін жақсы жағынан көрсете алды. қойылған сұрақтарға дұрыс жауап тауып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, сөздерді тез аударып, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында оқушылардың қазақ тілін қаншалықты меңгергендіктері мен шапшаңдықтары байқалды. Ойын кезінде көңіл күйлері жоғары, зейіндері ырықты болды. Орта буынға келіп, жаңа мұғалімдерді сабақтарында бірінші рет көріп отырғандықтан кішкене қобалжу сезілгендікпен, бар білгендерін естеріне түсіріп, ат салысты.

Сайыс нәтижесі бойынша 2 топ та бірдей ұпайға ие болып, достық жоғары бағаланды.

Қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.