«Біліміңді сынап көр» (сыныптан тыс іс-шара)

Тақырыбы: «Біліміңді сынап көр» (сыныптан тыс іс-шара)

Мақсаты:
1. Білім алушылардың алған білімдерін тиянақтау, тәжірибе  жүзінде қолдана білу; ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

  1. Білім алушыларды ұйымшылдыққа, шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын арттыру.
  2. 3. Білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін шындау

Түрі: Сайыс

Эпиграф: «Дүниенің кілті өнер білімде»   Абай

Оқытушының кіріспе сөзі:

-Сәлеметсіздер ме?  «Біліміңді сынап көр» атты сайыс сабағымызға жиналған білім алушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің сайысымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Уа, жараңдар жарандар,
Мына бізге қараңдар,
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,

Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз,
Ғылымдардың ғылымы,
Ақпараттану жайында,
Ойын сайысты бастаймыз.

2-жүргізуші:

Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық,
Информатика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың бәрін де,
Мүмкін емес компьютерсіз түсіну,
Программаңыз дүние кілті әлі де.
Жүргізушілер бір-бірлерін  таныстырады:

1-жүргізуші:

Сіздерге зор ықылас білдіретін,
Керек кезде сіздерді күлдіретін,
Азаттай  құрдаспен танысыңдар,
Бұл сайысты қызықты жүргізетін.

2-жүргізуші:

Ақылына көркі сай, көңілді ол жүретін,
Езу тартып әрқашан жәй ғана бір күлетін,
Ақжарқын  құрбым ақылды да білімді,
Әрбір кешті қызықты жүргізе де білетін.
(Әділқазылармен таныстыру).

1-жүргізуші:

Ал кәне іске көшіп жарысайық,
Сынайық білімдіні сайысайық,
Сайыста әділ баға беретұғын,
Әділқазы алқасымен танысайық.

1-жүргізуші:(Нұрым ағайға)

Компьютерді шашып, қайта құрайтын,
Бұл сайыста білімдеріңді сынайтын,
Нұрым ағай отыр біздің  ортада,
Білмесеңдер құлақтарыңды бұрайтын.

2-жүргізуші:(Айнур Тоқтасыновнаға)

Барлығын байқап отыратын  зерексіз сіз,
Ешкімге ұқсамайтын бөлексіз сіз.
Айнур Тоқтасыновнаға  бір қошемет,
Әділ баға беруге керексіз сіз.

1-жүргізуші: (Меруерт Болысбековнаға)

Облыстық байқаудың  жүлдегері,
Мұндай адам жүз жылда бір келеді.
Ақылына білімі сай Меруерт апай
Әділ баға сіздерге ол береді.

Сайыстың кезеңдері:

І. Таныстыру (3-ұпай)
ІІ. «Көсемдікке ұмтылу» (Әр құрылғының  астында сұрақ жасырылады) (5-ұпай)
ІІІ. «Бейнені есте сақтай біл»  (Іс – қимыл арқылы көрсету) (5-ұпай)
ІV. «Сәйкесін тап» (5-ұпай)
V. «Сиқырлы перне сырлары» (Пернетақта жинау) (5-ұпай)
VІ. «Адасқан сөздер» (3-ұпай)
VІІ. «Тұлғаны танып біл» (Топ басшылар  сайысы.) (5-ұпай)

VІІІ. «Поэзия сәті» (Ой –толғаныс) (3-ұпай)
ІХ. «Ақпарат  әлемінде» (Әзіл – қалжыны аралас көрініс)

І. Таныстыру
Әр топ  өздерін таныстырады.
ІІ. «Көсемдікке ұмтылу» (Әр құрылғы  астында сұрақ жасырылады)
1. Рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау.

( жауабы: Пароль)
2. Жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын қасиеті бар, мәлімет жинақтауыш құрылғы (жауабы: Диск)
3. Алғашқы есептеу құрылғысы. (жауабы: Абак)
4. Программадағы немесе құрылғыдағы ақау. (жауабы: Қате)
5. Есептеу таяқшасын ойлап тапқан кім? (жауабы: Джон Непер)
6. Компьютер жады сыйымдылығының өлшем бірлігі. (жауабы: Мегабайт)

ІІІ. «Бейнені есте сақтай біл» (Іс – қимыл арқылы көрсету)
1-жүргізуші:

Бұл сайыстан қандай әсер алдыңдар?
Біліммен қатар байқампаз да болыңдар.
Бейнені есте сақтайсыздар,
Ал біздер іс қимылмен көрсетеміз табыңдар.

1) «Компьютерде әуен тыңдап,ойын ойнап отырған адам»
2) «Вирустың жойылуы»
3) «Ақпаратты қағазға басып шығару»
4) «ДК-ның қосылуы»

ІV. «Сәйкесін тап»

2-жүргізуші: Келесі кезеңге барайық,
Мақалға мұқият қарайық.
Берілген мақалды пайдаланып ,
Біз тағы мақалды құрайық табайық.

  1. «Байт биттен құрылады» (Теңге тиыннан құралады)
    2. «Білмесен,«анықтадан»-дан сұра (Білмесен білгеннен сұра)
    3. «Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім» (Аттың сыры иесіне мәлім)
    4. Антивирусы күштіні –Вирус ала алмайды.
    (Досы күштіні –жау алмайды)
    5. (Жігітті компьютеріне қарап,бағала)
    (жігітті досына қарап бағала)
    6. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
  2. «Сиқырлы перне сырлары» (Пернетақта жинау)
    1-жүргізуші:
    Пернетақта, көп перне,
    Шашылып жатыр үстелде,
    Жиып бәрін, дұрыста.
    Санаулы сәтте, бір демде.

Екі топқа пернетақта беріледі, пернелерді орындарына қойып, пернетақтаның блоктарын атау.

VІ. «Адасқан сөздер» (Әр сөзге )
2-жүргізуші:
 Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

  1. Терчесвин-винчестер
    2.Соресцпро-процессор
    3.Рептьюком-компьютер
    4. Терапад-адаптер
    5. Марамнгпор-программа
    6. Лайф-файл
    7. Торп-порт
    8. Текжекдис-дискжетек

VІІ. «Тұлғаны танып біл»
Капитандар сайысы.
1-жүргізуші
Ал енді қазір сұраққа жауап берейік,
Сұрақ тұрған бөліктерді бөлейік.
Сол сұрақтың сырын ашып артында,
Қандай тұлға жасырылғанын көрейік.

2-жүргізуші: Олай болса, экранға назар аударамыз.

  • 1823 жылы программалық басқару машиналарының алғашқы нұсқауы «Аналитикалық машинаны» ойлап тапты (Чарльз Беббидж)
  • 1670 жылы тұңғыш рет арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын есептегіш машинаның сипаттамасын ұсынды.(Вильгельм Лейбниц)
  • 1642 жылы «Паскалин» немесе «Паскаль дөңгелектері» деп аталатын есептеуіш  машинаның алғашқы  моделін ұсынды. (Блезь Паскаль)
  • Ол алғашқы программашы ғалым (Ада Лавлейс)

VІІІ. «Поэзия сәті» (Ой –толғаныс)
1-жүргізуші:
Информатика әлемін, ұштастырып өлеңмен,
Жыр жазыңдар жалынды, қол соқсын бір көрермен.
Өнеріңді көрсетіп, бақ сынайық қанеки,
Шабытыңды тексеріп, өтіңдер бұл белеңнен.

ІХ. «Ақпарат  әлемінде»  (Әзіл – қалжыны аралас көрініс)
2-жүргізуші:
Келесі бөлімге келейік,
Өнерді көрсетіп, жеңейік.
Ақпарат  әлемі туралы,
Қызықты көрініс көрейік.

1-жүргізуші: Келесі кезекте топ білім алушылары қысқа көріністер  көрсетеді, қабыл алыңыздар.

Оқытушының сөзі.

2- жүргізуші: Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (марапаттау)