« Кім білгір ? »

 

« Кім білгір ? »

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау , қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет  пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

 Көрнекілігі :        Сахнада түрлі – түсті шарлар .

                            Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

 

Ұлағатты сөздер :

  1. Білімді адам тілін билей алады . (Құтып)
  2. Ақылды орнымен сөйлер де , жауабын күтер . (С. Сарай )
  3. Білімдіден не пайда , білгенін көпке айтпаса ,

Үйреткеннен не пайда , қайырымы қайтпаса .   (А. Байтұрсынұлы )

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ.  Қорытынды .  Оқушыларды марапаттау.

 

І . Кіріспе сөз

Білім – теңіз , мектеп кеме жүзіп келем,

Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.

Шалқытып , шарыптатып , асқақтатып

Ой тербелей , тоқтамас алып кемем.

Құрметті  ұстаздар !

Қадірлі егеменді елдің жастары !

6 «А,Б» сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысына қош келіпсіздер .

Сайыс V бөлімнен тұрды .

  1. Таныстыру (әр топтың аты , ұраны және төл белгілері болу керек )
  2. Ойлан ,тап! (Әдебиет пәні бойынша)
  3. Сен білесің бе ? (Қазақ тілі пәні бойынша)
  4. Кім жылдам ?
  5. Қолқа салу (өнер сайысы)

Елімнің болашығы зор деп білем

Сол үшін қайрат етер ерлер кілең

2030 менің болашағым

Жақындып жаңа өмір , саған кірем   — дегендей болашақ сендердің қолдарында.

Топқа бөлу.

Қазылар алқасымен таныстыру .

І тур .

І топ  — «Арман »

ІІ топ  — «Жас қыран »

ІІІ топ  — «Жасұлан»

ІУ топ – «Болашақ »

 

ІІ тур. «Ойлан, тап !»  (Әдебиет пәні бойыншы )

5 – 6 сынып бойынша өткен шығармалардағы кейіпкердің  атын атаймын, оқушылар сол шығарманың авторы мен  шығарманың тақырыбын  дұрыс  табу керек.

  1. Жаман мен 40 уәзір (Аяз би ертегісі )
  2. Барлас ақын , Ұлжан , жас Абай (Мұхтар Әуезов, «Ақын қонақтар »)
  3. Кенжекей («Ер Төстік» ертегісі )
  4. Мергенбай батыр , Тасқара бай (Керқұла атты Кендебай)

5.Шеген, Қайрош, Бораш (Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»

Қайрат Сарталиев Ұлы Отан соғысына қатысқан «Қазақ солдаты»)

  1. Тоқтарбай («Қобылынды батыр » жыры ) Тайбурыл, Құртқа
  2. Құлтай , Ұлтан («Алпамыс батыр » жыры ) Гүлбаршын,Шұбар ат.
  3. Жетім бала Ақтан («О, Ақтан жас , Ақтан жас » Дулат Байбатайұлы )

 

ІІІ тур  «Сен білесің бе ? »

 

Лексика

  1. Омоним дегеніміз не ?
  2. Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап ? Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды .
  3. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не ? мысал келтір ? Ойды сыпайы, әдепті , жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизм дейміз .  Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі , әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.

 

Фонетика

  1. Фонетика дегеніміз не ?  (Тіл білімінің  дыбыстық жағын зерттейтін сала )
  2. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар ?  (9 — ә,і,ғ,қ,ұ,ү,ө,һ.ң)
  3. Буын дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ?  (Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек . Ашық, тұйық, бітеу. Қала,ат,қант)

Сөзжасам

  1. Түбір дегеніміз не  ? Қосымшаның түрлерін ата ? (Сөздің мағына беретін , бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі . Жұрнақ, жалғау)
  2. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді ? Мысал келтір ?  (Дара және күрделі . Бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз . Мысалы :әке, даналық, әкелі – балалы )
  3. Қос сөз дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ? (қайталама , қосарлама )

 

Морфология

  1. Атауыш сөз дегеніміз не ? (Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздерді атауыш сөздер дейді. )
  2. Одағай не сабепті оқшай сөз болып табылады ? (ешқандай мағына жоқ, адамның көңіл күйін білдіреді, сөйлем мүшесі бола алмайды )
  3. Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата? Мысал келтір ?

(Сөздердің білдіретін мағынасына , тұлғасына , сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз )

 

 

ІУ тур «Кім жылдам »

Берілген  әріптерден сөздер құрастыру.

А,Т,П,С,У,Е,Н,Ж,С,І,Л,Р.

 

У тур    Әр топ өз өнерлерін ортаға паш етеді.

 

Білімділіктің ең басты факторы туған т ілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.   (Г. Гегель )

 

ҚОРЫТЫНДЫ .

Қорытынды  шығару үшін  сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаздар  марапатталады.