«Елім менің»

на Кенбайқызы

 

Тақырыбы: «Елім менің»

Мақсаты: Қазақстанның тарихымен, бабалар ғұрпымен және мәдени мұраларымен байланысты қызықты сауалдар мен танымал әндер арқылы Қазақстан тарихынан сыр шерту, өз елінің тарихын, салт – дәстүрін толыққанды білетіндігін тексеру.

Түрі: танымдық ойын

Жабдығы: интерактивті тақта, қамшы, ат әбзелдері

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) таныстыру (топ басшылары, топтың аты)

ә) ойын шарттарымен таныстыру.

 

ІІ. Негізгі кезең.

1 – айналым. Шарты: фильмдерге, бағдарламаларға байланысты 3 бейнесұрақ қойылады.

1 – бейнесұрақ: Фильмнен үзінді көрсетіледі. Киноның аты қандай? Басты кейіпкерлері кім? Жауабы: «Жаужүрек мыңбала» фильмі, Сартай, Таймас, Қорлан.

2 – бейнесұрақ. Мультфильмнен үзінді көрсетіледі. Мультфилмнің аты қандай? Басты кейіпкерлері кім?

3 – бейнесұрақ. Бағдарламадан үзінді көрсетіледі. Бағдарламаның аты қандай? Қай мемлекетте түсірілген? Жүргізушісі кім?

 

Қосымша 2 ұпай. Шарты: оны алу үшін жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Қазақтай ел қайда?

 

2 – айналым.

1 бөлім. Шарты: сөз сауаттылықтарын тексеру мақсатында сөздер беріледі. Сөз құрамын қатесіз айту керек.

1 – топ тапсырмалары: сәнқой, қиянкесті, жерұйық.

2 – топ тапсырмалары: жұлдызша, шүбәлану, құмырсқа.

2 бөлім. Шарты: берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын, баламасын табу.

1 – топ тапсырмалары: екі езуі екі құлағына жету (қуану), иненің көзінен өткендей (пысық), қамшысының ұщын да бермеді (көмектеспеді)

2 – топ тапсырмалары: екі көзі төрт болу (қорқу), инемен құдық қазғандай (қиын, ауыр), қамшысын білемдеді (жұдырық көрсетті, қоқаңдады).

3 бөлім. Шарты: екі топ бір – бірінен дайындап келген, көнерген немесе қолданыстан шығып қалған сөз жасырады.

Бәжі басу –

а) ұрыға басылатын таңба;

ә) ауылдың әйелдерінің жиналып киіз басуы;

б) тамақтан кейін тоқ басу.

Арамза –

а) итке тамақ беретін ыдыс;

ә) мезгілсіз туған төл;

б) ашыған сүт.

Қосымша 2 ұпай. Шарты: оны алу үшін жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Сарыжайлау.

3 – айналым.

 

1 – топ тапсырмалары:

  1. Н.Ә.Назарбаев
  2. Музарт
  3. Шәмші Қалдаяқов
  4. Роза Рымбаева
  5. Бауыржан Момышұлы
  6. Қаныш Сәтбаев
  7. Қайрат Рысқұлбеков
  8. Байжанов Қылышбек
  9. Заттыбек Көпбосынұлы
  10. Қыз Жібек
  11. Сұлтан (Менің атым Қожа)
  12. Тимур Бекмамбетов
  13. Ақан сері

2 – топ тапсырмалары:

  1. Сара Назарбаева
  2. Жігіттер квартеті
  3. Нұрғиса Тілендиев
  4. Мақпал Жүнісова
  5. Мәншүк Мәметова
  6. Шоқан Уәлиханов
  7. Ләззат Асанова
  8. Бисенбаев Ерлан
  9. Қайрат Нұртас
  10. Төлеген (Қыз Жібек)
  11. Қожа(Менің атым Қожа)
  12. Баян Есентаева
  13. Жиренше шешен

 

 

Қосымша 2 ұпай. Шарты: оны алу үшін жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Туған жер

 

4 – айналым.

1 бөлім. Шарты: қазақ ұлтының құрал – жабдықтары, әшекей бұйымдары көрсетіледі.

1 – топ тапсырмасы: — Көрсетілген әбзелдердің ішінде өмілдірік қайсысы?

Өмілдірік – ер-тоқым әбзелдерінің бірі. Ер жылжып кетпес үшін аттың кеудесіне кигізіледі. Оны қазақ шеберлері қатты құрым теріден немесе қалың былғарыдан жасап, қайып тіккен, құйма әшекей заттармен безендірген. Кейбір өмілдіріктердің тері негізінің астына киіз, шұға салынады. Дәстүрлі қазақ қоғамында өмілдірік секілді ат әбзелдері ер адамдарға арналып жасалғанда күміс қақталған темір құймалармен көркемделсе, әйелдің ат әбзелдеріне әшекей молынан салынып, бүркеншіктермен күмістелген, алтындалған, кейде шашақталған бау тағылып, асыл тастар орнатылған. Өмілдірікпен қатар өзге де ер-тұрман әбзелдері оюы мен әшекейі біркелкі болып, өзара үйлесіп тұруы үшін барлығын бір шебер жасаған.

2 – топ тапсырмасы: — Қамшының «шежемей» деген бөлігі қайсы?

Қамшы үлкен екі бөліктен тұрды: өрімі және сабы. Қамшы сабы көбінесе 4-7 тұтам тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, таутекенің мүйізінен жасалып, барынша әсемделеді. Оның терімен қапталған қолға ұстайтын бөлігі – тұтамы (тұтқасы), оған тесіліп өткізілген қайыс таспа – бүлдіргісі деп аталады. Шеберлер қамшы сабына ерекше көңіл бөліп, оны жез бауырлап, мойнақтап, металмен, былғарымен, қайыспен орап тастайды. Қамшы өрімі алақанынан саптық мойнағына бүркеншік арқылы жез, мыс шегелермен тойтарылып бекітіледі немесе таспа арқылы мойнаққа бүркемелеу арқылы жалғайды. Кейбір өрімшілер алақанның сап жағын әдейі ұзын етіп қалдырып, оны сапқа ұзына бойы «бауырлақ» етіп, сыртынан таспаны орайды. Тіпті, осы бауырлақ орнына жұқа мысты да қолданады. Өрім мен алақанның қосылған жері – шежемей. Оның үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағып қояды.

 

2 бөлім. Шарты: экраннан салт – дәстүрге орай жасалған ролик көрсетіледі. Роликке байланысты сұраққа жауап береді.

1 – топ тапсырмасы. Үлкен сапар алдында бата сұрап сойылған жылқы қалай аталады? (айтұяқ)

2 – топ тапсырмасы. Байғасы мен көрімдіктің айырмашылығы қандай? (Байғазы жаңа заттарға, яғни жансыз денеге, көрімдік жаңа туылған сәбиді немесе жаңа түскен келінді көру үшін)

 

Қосымша 2 ұпай. Шарты: оны алу үшін жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Қазағымның дәстүрлері ай.

 

5 – айналым.

1 бөлім. Шарты: Әртүрлі сала бойынша сұрақтар қойылады. Жауап нақты болуы керек. Топ мүшелері жауап береді.

1 – топ сұрақтары:

  1. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі? (5)
  2. Қазақстанның ең алғашқы астанасы қай қала болды? (Қызылорда)
  3. Қазақстан ХХХ жазғы олимпиадада қанша медаль иеленді? (13)

2 – топ сұрақтары:

  1. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
  2. Қазақстанның рухани астанасы қай қала? (Түркістан)
  3. Қазақстан ХХХ жазғы олимпиадада нешінші орын иеленді? (12)

2 бөлім. Шарты: ақын – жазушылардың қанатты сөздері жасырылады. Қанатты сөздің авторын табу керек.

1 – топ тапсырмасы: Қандай шығармадан алынған үзінді? Авторы кім? «…Өз ұлтын құрметтеп, мақтан тұтпайтын адам сөзсіз сатқын және қаңғыбас… Ұлттық мақтаныш – ұлт өкілі тұлға үшін қасиетті және бұзылмайтын заң…». (Қанмен жазылған кітап. Бауыржан Момышұлы)

2 – топ тапсырмасы: Қандай шығармадан алынған үзінді? Авторы кім? …Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазаққа қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. (Жасымда ғылы бар деп ескермедім. Абай Құнанбаев)

3 бөлім. Шарты: Экраннан Қазақстан Республикасының картасынан бір қаланы белгілейді. Қай қала екенін табу керек.

1 – топ тапсырмасы: Орал.

2 – топ тапсырмасы: Жезқазған.

 

Қосымша 2 ұпай. Шарты: оны алу үшін жасырылған музыканы табу керек. Тапсырма: Қазақ осы.

 

6 – айналым.

Шарты: Әр ойыншыға екі әріптен беріледі. Қойылған сұрақтың жауабын тауып, берілген әріптермен дұрыс сөз жазу керек.

1 – топ әріптері: Е – І, Р – Л, Е – Т, Н – К.

1 – топ тапсырмалары:

  1. Медаль. «….еңбегі үшін». (ерен)
  2. Бұғы тұқымдасына жататын жануар. (елік)
  3. Шолжаң. (ерке)
  4. Дәнді ұнтақтауға арналған ағаш құрал. (келі)
  5. Есік ашуға арналған зат. (кілт)
  6. Паразит жәндік. (кене)
  7. Үй жануары. (теке)

 

2 – топ әріптері: Л – П, Ы – Н, Т – А, Қ – А.

2 – топ тапсырмалары:

  1. 3 + 3. (алты)
  2. Ық. (пана)
  3. … – азбайтын тон. (ақыл)
  4. Арыстанның күшігі. (алан)
  5. Скрипкашы қыз. (Лана)
  6. Реніш, мұң. (нала)
  7. …. қалды, айырып қалды. (қапы)

 

ІІІ. Қорытынды кезең. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.