Ұлттық өнер-тәрбие негізі

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өнер-тәрбие негізі

 

 

Сабақтың мақсаты:   Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала

отырып,    танымдық   қабілеттерін  арттыру,  өз елінің

ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге  баулумен  қатар

эстетикалық танымын  дамыту, өнерге  қызығушылы-

ғын дамыту.

 

 

 

Жоспары:

 

 

 

І. Таныстыру

 

ІІ. «Туған жер» тақырыбына сурет салу

 

ІІІ. . Қағаздан ою-өрнек қию

 

ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру

 

Ү. Мүсіндеу

 

ҮІ. Эстафеталық жарыс

 

ҮІІ. Жұмбақ шешу

 

ҮІІІ. Суреттер туралы не білеміз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Армысыздар, Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Бүгінгі біздің  мектебі- міздің 8-10 сыныптар оқушыларының арасында болатын «Ұлттық өнер — тәрбие негізі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!  Бұл сайыс сендерді жылдам сурет салуға , ой-қиялдарыңды дамытуға, танымдық қабілеттеріңді арттыруға, әсемдікті көре білу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Құрметті ұстаздар,оқушылар,енді екі топтың сайысын тамашалайсыздар.

 

 

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді,- деп кезекті таныстыру бөліміне береміз.

 

 

І. Таныстыру

а) Топпен таныстыру;

ә)  Төсбелгімен таныстыру;

Екі топ:  І топ

ІІ топ

 

 

ІІ. «Туған жер» тақырыбына әр топтан бір оқушыдан акварель бояуымен сурет салады.

 

Сурет нұр,сурет сыр,

Тілсіз сырды ақтарып қарап-ақ тұр.

Туған жердің тасы мен топырағын,

Кірсек дейміз ішіне аралап бір- деп кезекті сурет сайысына береміз.

 

 

ІІІ. Қағаздан ою-өрнек қию

 

Ою-өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысына қарасаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер,ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер

Қиюға пысық қол керек –деп  ою-өрнек сайысына іске сәт тілейміз.

 

 

 

 

ІҮ. Қағаздан құрақ құрастыру

 

Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып алыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде,

Құрақ көрпе болыпты.

 

Келесі сайыс қағаздан құрақ құрастыру сайысы.

 

 

  Ү. Мүсіндеу

 

Қайсысы епті,қайсысы мықты,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам

Талабымен бағалайық,- дей келе, келесі сайысымыз берілген заттардан аққу жасау

 

ҮІ. Эстафеталық жарыс

 

Ұстазы шәкірті үшін қуанады,

Өнерін жасырып кім тұра алады.

Эстафеталық жарысқа даярланған.

Өнерлі өрендер қаламдарын қолға алады.

 

 

ҮІІ. Жұмбақ шешу

 

Зерделі атанатын кез де келді,

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.

Қанеки ,жұмбақтың шешуін тез,

Жылдам дұрыс кім шешеді?

 

 

  1. Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды,

Аман есен сақтайды.       (сандық)

 

  1. Бір итім қабаған

Аузына темір жалаған.   (әбдіре,кебеже)

 

  1. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған.     (домбыра)

 

  1. Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.

Ішіне қарын-қарын суды құйып,

Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.     (ожау)

 

 

 

 

Қорытынды.

«Ұлттық өнер-тәрбие негізі» атты 8-10-шы сыныптар арасындағы жақсы шебер суретші  оқушылар қатысып, өз білімдерін, шеберліктерін ортаға салды.       «Шебер көп жерде — өнер көп» демекші, оқушылар өнерлерін бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзеді»    (кеш  )

 

Сабақтың мақсаты:  Халқымыздың дәстүрлі төл өнерін , салт-дәстүрін,

қолөнерін, мәдениетін оқушы бойына сіңіре

отырып,    танымдық   қабілеттерін  арттыру,  өз елінің

ұлттық мұрасын қастерлеуге, өнерге  баулумен  қатар

эстетикалық танымын  дамыту, өнерге  қызығушылы-

ғын дамыту.

 

Көрнекілігі: көрме,қол өнер бұйымдары,нақыл сөздер.

 

 

 

1-оқушы:

 

             Ассалаумағалейкум,халқым менің

             Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.

             Мереке басы болсын берекенің

             Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

 

2-оқушы: 

 

            Жарыста озып шығар жүйріктері,

            Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

            Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

            Таң қалдыр өнеріңмен көрерменді.

 

1-оқушы:   Өзінің әртүрлі өнеріне баулыған өнер апталығы қорытынды кешіне де келіп жетті.Ендеше жыл бойы өз өнерлерін шыңдаған өнерпаз-  дарымыздың өнерін тамашалайық!

Ортамыздан әр сыныптан суретші өнерпаздарымызды ортаға шақырайық. «Туған жер» тақырыбына сурет салу.

 

2-оқушы:    Өнер қуған жасынан,

                      Өнері судай тасыған.

                      Келесі біздің биіміз

                      Көрінген көштің басынан.

«Қазақ биі»  алдарыңызда Пірмаханова Сымбат және Мөлдір

 

 

 

 

 

  1-оқушы :  «Қағаздан ою-өрнек» сайысы . Мен іскермін деген төрт бала ою қиюға шықсын.

 

   2-оқушы:  Домбыра қайда барсам тастамаймын,

                       Ән менен сәнсіз өлең бастамаймын.

                        Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,

                        Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Келесі біздің өнерпазымыз домбырамен күй тартады. …

 

    1-оқушы:   Жұмбақ шешу

 

                     Зерделі атанатын кез де келді,

                     Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді.

                     Қанеки ,жұмбақтың шешуін тез,

                     Жылдам дұрыс кім шешеді?

  1. Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды,

Аман есен сақтайды.       (сандық)

 

  1. Бір итім қабаған

Аузына темір жалаған.   (әбдіре,кебеже)

 

  1. Тиіп кетсе жылаған,

Даусы көпке ұнаған.     (домбыра)

 

  1. Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен.

Ішіне қарын-қарын суды құйып,

Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.     (ожау)

 

  1. Зыр қағады дөңгелеп,

Бас жағында қалпағы.

Белінде өспей әңгелек,

Басылмайды тарпаңы.       (ұршық)

 

  1. Саусаққа киіп ем тобатай,

Инені жүгірттім оп-оңай.      (оймақ)

 

  1. Құдықтың ішінен,

Құдық көрдім.

Бірінде –су қайнайды,

Бірінде –от жайнайды.        (самауыр)

 

  1. Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін өседі.           (киіз үй)

 

  1. Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды.       (қазан)

 

  1. Басы құдық –

Сабы сырық.         (ожау)

 

   2-оқушы:  Келесі кезекте өзінің сазды сырнайымен Әбіләкімова Катюша

                       …..орындайды.

 

Халқымыздың дәстүрлі төл өнері,

Кәсібім –атамұра қолөнері.

Жинадым әдет-ғұрып, салт-дәстүрін,

Елімнің көзге ыстық көнелері.

 

 Келесі сайыс қағаздан құрақ құрастыру сайысы.

 

   2-оқушы:  

Жолдас керек әр жанға,

Мақсат керек бір биік.

Тұманы мол жалғанда,

Тұрмайды ма нұр құйып,

Сылдыр сөзбен күлкіңмен,

Жете алмайсың мұратқа.

Адасасың іркілген,

Арман жаңа жырақта.

 

 

Келесі кезекте ойын  ……..

 

 

 

 

 

 

 

   2-оқушы: 

                     

Талап болар табиғи болмысыңда,

Тәрбиемен өрлейді зорлы шыңға.

Талап пен еңбекке әркез құшағың жай,

Құр мақтан жалқаулыққа қолды ұсынба.

Ей ,жас дос, мін талаптың арғымағын!

Ұйықтама , ұят ісіңде қалғымағын!

 

              ………

 

    1-оқушы: 

 

Болғанда ақылың дария,кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.

 

                   ……….