Тапқыр болсаң, озып көр

Тапқыр болсаң, озып көр

Мақсаты. Білімділік:  Оқушылардың тарих сабағынан игерген білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу

Тәрбиелік: оқушылардың тарихқа қызығушылықтарын арттыру, Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

 

Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, слайд-презентация

 

Барысы:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысына қатысып отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 3 топ қатысады. Ол:  1. «Томирис» тобы (5 «Б»)

  1. «Сақтар» тобы (5 «В»)
  2. «Зерттеушілер» тобы (5 «Г»)

 

Баға берер топтарға,

Қара қылды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

 

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)
  2. Суреттер сөйлейді
  3. Көнілді балық аулау
  4. Топ жетекшілерінің сайысы
  5. Жасырын сөзді тауып көр
  6. Теңге алу

 

 

1 кезең «Таныстыру» (2 ұпай)

Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)

 

2  кезең  «Суреттер сөйлейді» (1 деңгей-2 ұпай, 2 деңгей – 1 ұпай)

Тақтада берілген суреттер арқылы топтар сұрақтарға жауап береді

1 Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған: “Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде-бір халық болған  жоқ”

2 Б.з.б. 519-518  жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша

3 Оңтүстік Қазақстан жерінде, Сырдарияның бойында орналасқан қала.Кезінде ол қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған.Бұл қаланы Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деп атады.

4 Бұл қай патша? Ол туралы не білесің?

5 Суретте қай қала бейнеленген? Қаланың тарихы туралы не білесіңдер?

6 Бұл жәдігер қай ғасырға, қай тайпаға тән? Уақытын және қайдан табылғанын айт

7 Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел

8 Б.з.б. IV ғасырдың  30 – жылдары грек-макендондықтар осы адамның бастауымен сақ-скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім?

9 Әйгілі ағылшын ғалымы, маймыл мен адам арасындағы туыстық  турасында батыл пікірлер айтты.

10Суретте кім бейнеленген? Оның өмірі туралы не білесіңдер?Қай салада көптеген еңбектер қалдырды?

11Суретте жазудың қай түрі бейнеленген? Ол жазу туралы не білесіңдер?

12 Бұл қай патша? Қандай әрекеттерімен бүкіл әлемге танымал

 

 

3кезең «Көнілді балық аулау» (1 ұпай)

Әр топтың мүшесі тақтадан балық таңдап алады, бірақ оны ұстап  алу үшін 1 сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауапқа  1 балық беріледі. Қате болса – келесі топқа мүмкіндік беріледі.

1 Адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы

2 Ең алғашқы жылнамаларды қай елдің патшалары тасқа қашап жаздырған?

3  Өлкетану дегеніміз не?

4 Мемлекеттің аумағы мен астанасы, шекарасы көрсетілген карта қалай аталады?

5 Диаспора дегеніміз не?

6 Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар

7 Қатты тастан жасаған кескіш құрал ғылымда қалай аталады?

8 Андрон тайпалары қыш ыдыстарының негізгі орнаменті

9 Каталаун шайқасы қай жылы өтті?

10 Түрік қағанаты қай жылы құрылды?

11 Қаратау маңынан табылған ежелгі адамдардың тұрағын кім тапты?

12 Теңіздің арғы жағындағы сақтар

13 Сақтардың әлеуметтік топтарын ата

14 Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын тарихта қалай атайды?

15 Кроманьондық қай жерде табылған?

 

4 кезең «Топ жетекшілерінің сайысы»

Топ жетекшілеріне бір-бір мәтін беріледі. Тапсырма: сол мәтіннен қате табу және оны сызып қою

Біздің Отанымыз –Қазақстан

Қазақстан  — әлемдегі ең үлкен құрлық, Еуразияның дәл ортасында орналасқан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде оныншы орын алады. Қазақстанның жер бедері батыстан солтүстікке қарай,  шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай биіктей түседі. Қазақстандағы ең биік жер – Қызыларай шыңы. Оның биіктігі – 6995 м.  Жалпы Қазақстан аумағының 10%  өзендер алып жатыр.  Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер бар. Осындай ірі өзендер қатарына Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл.

Қазақстан – кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай мемлекеттердің бірі. Қазіргі күні Батыс Қазақстанның полиметалы,  Екібастұздың көмірі, Шығыс Қазақстанның алтыны  дүние жүзіне белгілі.

 

 

Жазбаша деректер

Ертедегі адамдарға өз ойларын жеткізу үшін әр сөзге, әрбір буынға бір сурет немесе шартты белгі ойлап тапты. Оны жазба материалы болмағандықтан тасқа қашап жазу қиындық туғызды. Осындай тасқа, қышқа жазылған сурет жазуларды – ономастика дейміз.  Иероглифтер қазіргі күнге дейін  Үндістан мен Түркияда қолданылады.

Ең алғашқы алфавитті бұдан 3,5 мың жыл бұрын шумерлер ойлап тапты. Қазақ халқының арғы атасы — ежелгі Түріктер араб жазуын пайдаланған.

Жазудың пайда болуы оны жазатын ыңғайлы материалды қажет етті. Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар – қытайлықтар. Еуропада қағазды тек XIII  ғасырдан бастап пайдалана бастаған. Кітап басуды жеңілдету  жолын Еуропада XVғасырда неміс шебері Генрих Шлиман ашты. Ол шығыс дәстүрлеріне сүйене отырып, кітап басып шығаратын арнайы баспа құралын ойлап тапты.

 

Тарих пәні туралы

“Тарих” сөзін алғаш қолданған қытайлықтар. “Тарих” сөзі – зерттеу, “оқиғалар жайлы әңгіме” деген мағынаны  білдіреді.

Адамдардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді тарихи деректер деп атайды. Тарихи деректер: ауызша және жазбаша, экономикалық, этнографиялық және антропологиялық дерек көздері болып бөлінеді.  Тарихи аңыздар мен шежірелер, салт-дәстүр жырлары жазбаша  деректерге жатады. Этнографиялық зерттеулер немесе сипаттаулар арқылы біз әр халықтың өзіне тән мереке-мейрамы, тұрмысы, шығу тегі туралы әр түрлі деректер аламыз. Мұндай ерекшелікті жинайтын, зерттейтін ғалымды антрополог  деп атайды. Жерленген адам сүйектерін зерттеу арқылы этнограф  ғалымдар әр елдің тарихын, өзге елдермен қарым-қатынасын, дене бітімі мен сипатын анықтайды.

 

 

5 кезең «Жасырын сөзді тауып көр»

Басқатырғыш сөздердің дұрыс жазылу ретін тауып, сол сөздерді түсіндіру

ЗерттеушілерСақтарТомирис
тумаканимиз

батар

ксиф

 

фелириго

литоне

раун

 

мотизмет

тилафэт

жихар

 

 

6 кезең

Оқушылар қоржыннан нөмірленген шарлар алады. Жүргізуші әр нөмірге сәйкес сұрақты оқиды. Өзара талдаудан кейін топ басшылары жауап береді.

 

1 ҚР тәуелсіздік күні?

2 Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы

3 Елтаңбаларды зерттейтін ғылым

4 ҚР қанша облыстан тұрады?

5 ҚР қай елдермен шектеседі?

6 Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады?

7 Қазақстанда қанша көл бар?

8 Қазақстанның інжу-маржаны

9 Астана символына айналған ертегі гүліндей сәнді мұнара қалай аталады?

 

 

Осымен сайысымыздың алты шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

 

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

 

Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.

Осымен «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!