Интеллелтуалдық олимпиада

Интеллектуалдық олимпиада

«Математика – ғажайып әлем» атты математика апталығында                7 – сыныптар арасында өткізілген интелектуалдық олимпиаданың жүрісін ұсынып отырмын.

Тақырыбы: Интеллелтуалдық олимпиада

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы, білімді оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау  қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар, қалақшалар.

Жүрісі: І Таныстыру

ІІ «Сен білесің бе?»

ІІІ «Формулалар әлемі»

ІҮ «Артық сөзді тап»

Ү «Нар тәуекел»

ҮІ «Кім жүйрік?»

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ойынға қатынасушылар және қонақтар. Бүгінгі 7 – сыныптар арасында өткелі отырған «Интеллектуалдық олимпиадаға» қош келдіңіздер»! Бүгінгі сайысқа қатынасушы топтармен таныстырып өтейін:

7 а сыныбынан құралған – «Болашақ» тобы

7 б сыныбынан құралған – «Ұлан» тобы

7 в сыныбынан құралған – «Білгірлер» тобы

7 г сыныбынан құралған – «Алғырлар» тобы

Сайысымызды бастамас бұрын ойыншыларға төрелік ететін әділ қазылармен таныс болыңыздар!

  1. Әділқазылар алқасының төреайымы –
  2. Мүшесі –
  3. Мүшесі –

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді.

Жеңістің мынау шыңына, — дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейміз..

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыру». Бұл бөлімде әр топ өздерін таныстырып, мақсаттары мен ұрандарын айтады. Қойылатын ұпай саны 5 пен 10 ұпай аралығында.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан оқылады топ мүшелері иә немесе жоқ деп жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады

 

 

 


І топ сұрақтары

  • Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі теріс сан(иә)
  • 5-ке қарама-қарсы сан 5(жоқ)
  • 900 градусқа тең бұрыш тік бұрыш (иә)
  • 1/3 – ке кері сан -3(жоқ)
  • Алымы бөлімінен үлкен бөлшек дұрыс бөлшек (жоқ)

ІІ топ сұрақтары

  • Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан
  • 1/8 кері сан 8
  • Толық бұрыш 1800 – қа тең
  • 7 сыныптың «Алгебра» оқулығының авторы Әбілқасымова
  • 24 дәрежесі 32 тең

ІІІ топ сұрақтары

  • Теріс сандардың қосындысы оң сан
  • 60 – қа қарама қарсы сан -60
  • 900 – тан кіші бұрыш доғал бұрыш
  • Дөңгелектің бойындаға кез келген нүктемен центрін қосатын кесінде диаметр
  • 35 дәрежесі 243 ке тең

ІҮ топ сұрақтары

  • Оң сандардың көбейтіндісі оң сан
  • 99 – ға кері сан -1/99
  • 900 – тан үлкен бұрыш доғал бұрыш
  • 7 сыныптың «Геометрия» оқулығы «Мектеп» баспасынан шыққан
  • Бөлімі алымынан кіші бөлшек дұрыс бөлшек



Жүргізуші:Ойлы-ойлы тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден – деп «Формулалар әлемінде» атты сайысына кезек берелік. Бұл сайыстын шарты көрсетілген формуланың жалғасын табуы керек. Қалақшаны бірінші көтерген топ жауап береді. Бірінші көтерген топтың жауабы дұрыс болмаса кезекті қалақшаны екінші көтерген топқа береміз. Егер ол топта дұрыс жауап бермесе жауабын экран бетінен біле аласыздар. Әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста керек екен.Келесі бөліміміз «Артық сөзді тап» деп аталады. Бұл бөлімде көрсетілген сөздердің ішінде біреуі артық болады сол сөзді алып тастау керек. Артық сөзді қағазға жазып барлық топ бірдей көтереді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

 

  1. іткпа кітап                         олқғпа            қолғап

зеатг               газет                              ұлшқы           шұлық

жарнул           журнал                           фашр             шарф

оуқлқы           оқулық                           іткап              кітап

ызғысш          сызғыш  

  1. алақм қалам                         кйөекл          көйлек

ранашадқ      қарандаш                       албшар         шалбар

өрішігш         өшіргіш                         птьаол           пальто

зсышығ          сызғыш                         иркцьлу         цирькул

үлг                   гүл

 

Жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып – дей келе келесі бөліміміз «Кім жүйрік» деп аталады. Бұл бөлімде есептер беріледі сол есептің жауабын қалақшаны бірінші көтерген топ айтады, егер дұрыс болмаса онда екінші болып көтерген топ жауап береді. Ол топтыңда жауабы дұрыс болмаса онда жауабын экран бетінен көре аласыздар.Әр дұрыс жауап 20 ұпай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Нар тәуекел» деп аталады. Бұл бөлімде қоржыннан бір сөзді суырасыз сол сөз қандай сөз екенін көрермендерге іс қимыл арқылы немесе тұспалдап жеткізесіз, 1 минутта қанша сөздың жауабын көрермен тапса, көрермен жауабын  дұрыс болса, онда әр сөз үшін 10 ұпай аласыздар!

Жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Достық пенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділ қазым

Еңбегін дарындардың әділ сына! – деп қорытындылау бағасын шығаруға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Жүргізуші: Осымен 7 – сыныптар арасында өткен «Интеллектуалдық олимпиада» өз мәресіне жетті. Уақыт тауып келгендеріңізге көп – көп рахмет. Қош сау болыңыздар!