Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік бағдарламасы

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік бағдарламасы
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Жүргізушілер:           Ордабаев Адиль, Шайдаров Думан, Пазылов Даниял, Данияр

 

Ж1. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

 

Ж2.      Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
В1.      Каждый из нас передать вам готов

Тысячу добрых и ласковых слов

От ваших вчерашних,

От нынешних ваших,

От завтрашних ваших учеников.

 

В2.      Мы сегодня от имени юности ношей счастливой…

От имени нашего звонкого детства

Все вместе вам говорим спасибо!

Спасибо! Спасибо!

Ж1.      Құрметті ұстаздар!  Бүгінгі «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынға

Қош келдіңіздер!

/фон музыка/

Ж1.      Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Ж2.      Дұрыс айтасың
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Ж1.      Иә,
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
В1.      Мы собрались здесь в уютном зале, чтобы поздравить дорогих учителей с  их профессиональным праздником! Мы говорим Вам “Спасибо!” за ваш труд, терпение, за ту заботу, которую вы проявляете к каждому из нас.

 

В2.      Дорогие учителя! Пусть радость и удача всегда сопутствуют Вам! Пусть тепло, забота и внимание домашних и близких согревают Вас! Пусть все ваши желания сбудутся!
Ж2.      Қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Ж1.      Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Ж2.      Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Ж1.      Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектеп басшысы Абдигожина Қарлығаш  Базыловнаға  береміз.

 

В1.      Если театр начинается с вешалки, то школа начинается с директора. Поэтому примите от нас Уважаемая наша Карлыгаш Базыловна самые искренние поздравления!

 

Ж2.      Сіздерге  музыкалық сәлемімізді жолдаймыз! Қабыл алыңыздар!

 

Без объявления. «Ұстаз». Исполняет Назым

 

/ученики дарят цветы всем учителям в зале/

 

 

Жүргізушілер: Данияр, Далабаев Сағынай
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Мектебіміздің оқушыларымен қоса ұстаздарына да тәлім-тәрбие берген ардагер ұстаздарымызды бүгінгі төл мерекелерімен құттықтаймыз!

Раушан Меркеновна, Роза Пазыловна, Ғазиза Жиендиевна…… и тд. Александра  Ильинична

Бахытжан Абдикаримовна

Сіздерге арналған музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар!

 

Вальс 11 сынып оқушылары

 

Жүргізушілер:           Данияр,  Адильханова Ғалия-Бану
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз — оның жүрегі» — деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Даниял, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші: Олай болса біз мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын құттықтаймыз!

/оқушылар гүл береді/

Мияшева Айман Мияшевна

Аханова Гүлмира Рахметовна

Тасубаева Гүлзира Сериковна

Аманжолова Гүлназ Жұмажановна

Мерекелеріңізбен !!!!!

Школа дуэт

 

 

 

 

 

 

Жүргізушілер: Пазылов Даниял, Абюрова Диана

 

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланның бүгін  тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың,

Білім негізі  — бастауышта демекші, алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы бастауыш сынып  ұстаздарының еңбегі зор.
І жүргізуші. Олай болса сіздерді құттықтай отырып музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар демекпіз!

 

Күй. Орындайтын Думан Шайдаров

 

 

Батырова Жанбота, Далабаев Сағынай

 

Ж.        Мұғалімді сөйлем мүшелеріне теңесек :

Мұғалім – бастауыш, себебі мұғалімнен барлық бала бастау алады.

Баяндауыш – себебі мұғалім барлық білгенін баяндайды.

Анықтауыш —  оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттерді анықтайды.

Толықтауыш – оқушылардың білімдерін толықтырып отырады.

Пысықтауыш – оқушылардың алған білімдерін пысықтайды

Олай болса барлық оқушылар атынан қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдерін құттықтаймыз!

Мерекелеріңізбен аяулы біздің ұстаздар!

Сіздерді 10 сынып оқушылары атынан, барлық мектеп оқушылары атынан   Мадина Исаинова құттықтайды.

 

Ведущие: Ромкина Диана, Ордабаев Адиль

1 ведущий Наши учителя – самоотверженный народ. У меня такое впечатление, что они постоянно находятся в школе. Приходишь утром в школу – учителя уже там, уходишь из школы – они еще там.

2 ведущий

Вы душою – всегда молодые,

Труд и радости с нами деля,

Наши строгие, наши родные,

Терпеливые учителя.

Сил вы нам отдаете немало

И любви – несмотря ни на что.

Как вы верите в нас! – что пожалуй,

Верить так не умеет никто

От всего сердца мы поздравляем учителей иностранныхя языков: русского языка и литературы и английского языка

Для Вас дарим песню

 

«Rolling in the deep». Блялова Арай

 

 

 

 

 

Пазылов Даниял, Далабаев Сағынай

 

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті математика, физика, информатика пәнінің ұстаздары!

 

Құрметті ұстаздар!  Бүгін сіздерді тек біз ғана емес басқа да оқушылар құттықтайды, сонымен қатар ауданымыздың тұрғындары атынан да құттықтауларды қабыл алыңыздар!

 

Видеоролик.

 

/ «40  миллион теңге» ойынын өткізу. Ортаға тарих пәнінің мұғалімдерін шақыру./

 

Ж.        Қайырлы күн құрметті ұстаздар! Сіздермен бірге мен Даниял және менің әріптесім Диана.

Ж.        Сіздермен бірге «40  миллион теңге» ойыны.

 

Ж.        Сонымен қатар, ойынға қатысушыларды шақырамыз!

 

Дүйсенов Жеңіс Жолкенович

Болатбаева Надия Бисембаевна

Абдрахманова Гульмира Сериковна

Рахимжанов Алмас

1 сұрақ. 10 миллион теңгеге:

Мына азаматтардың ішінде спортшыны тап:

А) Серік Сапиев

Ә) Ерқанат Дүйсенбаев

Б) Айдын Айтбеков

В) Евгений Михайлов

 

2 сұрақ. 20 миллион теңгеге:

Маша и медведь мультхикаясының 1 сериясында Маша уйден шығып қайда барды?

А) магазинге

Ә) Аюдың үйіне

Б) қасқырдың үйіне

В) ешқайда барған жоқ

 

3 сұрақ. 30 миллион теңгеге

Келін хикаясындағы Калянидың фамилиясы

А) деви

Ә) кеви

Б) неви

В) жеви

 

4 сұрақ. 40 миллион теңгеге. Азат магазинінде пирожки қанша тұрады?

А) 20 теңге

Ә) 30 теңге

Б) 348 теңге

В) 45,5 теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шайдаров Думан, Ромкина Диана

В.        Они как свет в пути

Какое ж нужно огромное сердце

Иметь в груди, чтоб людям свет нести

Чтоб след его вовеки не мог стереться!

 

Благодарны беспримерно!

Слов от удивленья нет

Как вы знаете предмет!

Пусть же вам щедрее светит Солнце!

И от всех кто рядом и вдали,

Шлем мы вам привет от всех питомцев –

И поклон – от неба до земли.

Принимайте поздравления.

 

Биология, химия, география, жаратылыстану пән бірлестігінің мұғалімдерін құттықтаймыз!!!!

 

Без объявления.

слайд. «Сердце учителя». Исполняет Батырова Жанбота

 

Учительское Сердце… Ну, с чем его сравнить?
С Галактикой космической, которой нет границ?
А может с Солнцем ярким, что дарит людям свет?
С пучиною морскою, что дремлет сотни лет?
Нет, сравнивать не будем! А скажем мы: “Стучи!
Учительское Сердце – НАДЕЙСЯ, ВЕРЬ ЛЮБИ!”

 

Абюрова Диана, Ордабаев Адиль

 

Ж.        Құрметті ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен тағы бір мәрте құттықтай отырып, ортаға технология пәнінің мұғалімі Ардақ Диханбаевнаны музыка пәнінің мұғалімі Шолпан Толеновнамен

1 ведущий. И конечно же на сцену приглашаем нашу любимую Наталью Николаевну и  Бахытгуль Мерекеевну.

Ойынның шарты: Сіздерге берілген заттардан киім жасап берулеріңізді сұраймыз! Бұл тапсырманы шапшаң және тапқырлық танытқан топ жеңіске жетеді.

 

В.        Из данных Вам реквизитов мы просим сделать костюм. Это задание на скорость и конечно же просим проявить находчивость. Какая команда из вас сделает костюм быстрее, та команда победит.

/көрермендердің қол соғуымен және де бірінші болып сайысты аяқтаған топты анықтау/

 

Наш педагог физкультуры –

Образец для каждого из нас.

Бегать, прыгать учит, а фигуры

У девчат, парней – ну просто класс!

Мы поздравляем учителей физической культуры, технологии, черчении, музыки и самопознании:

 

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! – деп сіздерге музыкалық сәлемімізді жолдаймыз!

 

Песня.Жанбота Батырова.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Даниял, Данияр, Адиль, Думан

1-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

В1.         Примите наши пожеланья
Здоровья, счастья и добра,
И пусть плохого настроенья
У вас не будет никогда!

Пусть улыбкою доброю, нежною
Каждый день для Вас начинается,
Пусть заботы, тревоги житейские
На пути Вашем реже встречаются.

В2.         Пусть будет счастье и здоровье,
И пусть на все хватает сил,
И, чтобы каждый день с любовью
Вам только радость приносил!

Пусть в этот день Вам солнце ярче светит,
Цветы под ноги падают ковром.
Желаем Вам здоровья, счастья, света,
Всего того, что называется добром!

Ж1.
Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!  Хор «Ұстазым»