«ДӘСТҮР» күні Бірлік және ұрпақтар сабақтастығы күніне орай «АТА МҰРАМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ» атты танымдық сайысы

 

«ДӘСТҮР» күні

Бірлік және ұрпақтар сабақтастығы күніне орай 

«АТА МҰРАМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ»

атты танымдық сайысы

Максаты: Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойында бірлік және ұрпақтар

                   сабақтастығы күнін атап өту, дәстүрлі құндылықтардың  үлкен топтасушылық мәнін

                   ашу,  тiлге және мәдениетке құрмет, адамгершiлiк, ұрпақтар байланысы, патриотизм

және төзiмдiлiкке тәрбиелеу, отбасы институты мемлекеттiң тiрегi  екенін таныту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, сайыс ережесі, бүктеме, көрме бұйымдары

 

БАРЫСЫ:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сайыс ережесі мен мақсатын таныстыру. 2 топты ортаға шақыру.

1 топ «Қазақ жігіттері»

2 топ «Аяулы жандар»  Әр топ өзін таныстырады.

 

Бақтың құсы әр адамға қонып бір.

О, тәңірім,  бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

 

Ән «Егеменді Қазақстан»

Орындайтындар:   № 88 топ оқушылары  Әбдуәли мен Дәурен.

 

ІІ . Негізгі бөлім

1 кезең: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

Сұрақтар:

  1. Жеті атаны ата. ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
  2. Елді кім, үйді кім бүлдіреді?
  3. Үйдегі алтын қазық кім?
  4. Жеті күнді ата. ( бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына)
  5. Жеті қазынаны атаныз? ( ер жігіт, сұлу әйел, ақыл — білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.)
  6. Жеті жоқты атаңыз?  (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
  7. Жеті жұтты атаңыз? ( құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)
  8. Жеті ғашық  ( Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархат – Шырын, Таһир – Зуһра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ)
  9. Балаңыздың бойынан ұлтқа тән қандай қасиеттер көргіңіз келеді?
  10. Үйде әдет – ғұрып туралы қандай тәрбие бересіздер?

 

2 кезең. «Ата салты – асыл қазынаң»

 

Сіздерге артар міндет көп,

Көтер биік, ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата – баба үмітін

Әрбір сөзі, тәлімі мол бір мектеп.

 

1 топ «Қазақ жігіттері»

  1. Қазақша ай аттарын атаңыз?
  2. Төрт түлік малды атаңыз?
  3. Табақ атауларын атаңыз?
  4. «Байғазы» салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?
  5. «Сүйінші»  салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?
  6. «Шашу» қай кездерде жасалынады?
  7. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына  айтылатын тілек.

2 топ «Аяулы жандар»

  1. Қазақ халқының салт – дәстүр, той – томалақтарын атаңыздар?
  2. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?
  3. «Көрімдік», «Бесікке салу» салт – дәстүрінің мазмұнын көрсетіңіздер?
  4. «Жасау», «Енші» мағынасын түсіндір, айырмашылығын  атаңыздар ?
  5. «Мерейтой» қай кездерде жасалынады?
  6. Ою — өрнектің түрлері мен атауларын атаңыз?
  7. Ұлттық мерекелерге арналған тілектер

 

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап, ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіне.

Терме «Өсиет»

Орындайтын:  № 11 – 5 топ оқушысы Көбекова  Камшат

 

3 кезең «Ата  салты — ардақтың ( мақал – мәтелдер, жұмбақтар)

1 топ «Қазақ жігіттері»

Мақал – мәтелдер:

  • Туған жерге туын тік.
  • Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде  ұлтан бол.

  • Өз елім, өлең төсегім.
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
  • Әдет — әдет емес, жөн әдет.
  • Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.
  • «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек.
  • Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю.
  • Қызды асырай алмаған, күң етеді.

Ұлды асырай алмаған, құл етеді.

Жұмбақтар:

  • Жансыздарда бір жансыз бар жалғыз аяқ,

Беліне қыстырғаны шиден таяқ.

Келбетіне қарасаң, ештеңе емес,

Беліне  буыныпты аямай – ақ.  ( ұршық)

  • Кішкентай ған бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.  ( қой)

  • Судан шығып келеді, суға салса, өледі. ( тұз)
  • Тілден ұшып, құлаққа қонады.( сөз)
  • Иесі оның сәби, әрі төсек, әрі үй.(бесік)
  • Күндіз бар да, түнде жоқ.

Онсыз өмір мүлде жоқ. (күн)

  • Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,
  • Жүру үшін біреу келіп сүйрейді. ( арба)

2 топ «Аяулы жандар»

Мақал – мәтелдер:

  • Ел көркі – мал.

Өзен көркі – тал.

  • Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас.

  • Екі тентек елге сыймас.
  • Ел алғысын алсаң, елеулі боларсың.
  • Көре тұра айтпасаң, көргенсіз дер.

Біле тұра айтпасаң, жетесіз дер.

  • Аманат, аманатқа қылма қиянат.
  • Мал сақтама, ар сақта.
  • Таспен ұрма, аспен ұр.
  • Кәріге құрмет, жасқа жол.
  • Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
  • Алдыңа келсе, атаңның құнын кешір.

Жұмбақтар:

  • Өзі жүкті, сырты түкті. ( киіз үй)
  • Кіруге адам батпайды, төрт бұрышты тақтайды.

Төрде деп жұрт мақтайды, затыңды аман сақтайды. ( сандық)

  • Көп әңгіме, өлеңім, күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,  соған тиер көмегім.  ( кітап)

  • Көліксіз өмір сүрмейді, ғұмыры жаяу жүрмейді. ( ер – тоқым)
  • Шыңдары шырқау, көшіп жүр бір тау. ( түйе)
  • Жазда жасанады, қыста томсарады. ( ағаш)
  • Алаудай түсіменен,

Есімін бұл қаланың мүсіндеген.

Күрішті, ырысты деп және айтамыз,

Ұл – қызы атына дақ түсірмеген. (Қызылорда)

 

Ән «Қызылорда»

Орындайтын: № 87 топ оқушысы Жақан Ақнұр мен № 91 топ оқушысы Оспан Таңшолпан

 

4 кезең «Ырым етсең адал ет, имандықтан аман өт»

Ырымда мен тыйым сөздер айту.

1 топ «Қазақ жігіттері»

  • Бала бас ұстамайды
  • Ақты төксе, мал желіні кетеді
  • Сәби қолындағы заттарын «шашу»  деп шашса, ол үйде той болады.

2 топ «Аяулы жандар»

  • Кешкі мезгілде үйге қарай жүгірмейді
  • Жақын адамға пышақ, ит сыйламайды.
  • Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.

 

5 кезең «Ата өнері – балаға мұра»

Топтар өз өнерлерін көрсетеді.

 

ІІІ. Қорытынды.

Сарапшыларға сөз беріледі. Жеңімпаздар аталып, марапатталады.