«Информатика әлеміне саяхат» сайысы.

 

«Информатика әлеміне саяхат» сайысы.

 

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, білімдерін тексеру. Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру. Бәсекелестікке қабілетті шәкірт тәрбиелеу.

Сайыс 7-сынып оқушыларының арасында өтеді. Әр сыныптан 4 оқушыдан  1 топ құрылып, сайысқа қатысады.

7 А сыныбы – «exPerience»

  1. Ерлан Аружан
  2. Жұмабай Меруерт
  3. Қабыкенова Құндыз
  4. Қадыржан Әйгерім

7 Ә сыныбы – «Windows»

  1. Абдімажит Мәди
  2. Қасқыр Алмас
  3. Лұқбеков Болатбек
  4. Сағидолданова Нургуль

7 Б сыныбы —  «Антивирус»

  1. Кемелжанов Бауыржан
  2. Киргизбаев Ақжол
  3. Көксубай Еңлік
  4. Куюбаев Дінмұхамед

7 В сыныбы – «Вирус»

  1. Жарылқасынов Диас
  2. Кашағанов Бекмухамбет
  3. Қыдырбекова Сымбат
  4.  Мамажанова Алуа

7 Г сыныбы – «Модем»

  1. Жақсылық Диас
  2. Маметаев Жасұлан
  3. Ниятулла Мұхамедәлі
  4. Орынғали Рамазан

Әр топты кемеге отырғызып, мұхитты жүзе «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әртүрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтуі керек.

 

Кеменің жүзу маршруты:

І. «Қиын сұрақтар» аралы.

ІІ. «Ертегілер» аралы.

ІІІ. «Көркем сурет» аралы.

ІV. «Сиқырлы пернелер» аралы.

  1. V. «Ғажайып қалам» аралы
  2. VI. Қиял әлемі

 

І. «Қиын сұрақтар» аралы.

Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, алға жылжып отырады.

  1. Ақпараттың өлшем бірлігі? (бит, байт)
  2. Мәліметтерді өңдеу құрылғысын ата. (процессор)
  3. Он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын құрастырған кім? (Блез Паскаль)
  4.  батырмасының қызметі? (буферден қою)
  5. Сурет салуға арналған программа. (Paint графикалық редакторы)
  6. Ақпараттқ процестерді ата. (сақтау, алмасу, өңдеу)
  7. Ақпаратты енгізу құрылғыларын ата. (пернетақта, тышқан, сканер)
  8. Алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы, компьютердің атасы кім? (Чарлз Бэббидж)
  9. Объектілер қоймасы не деп аталады? (Қапшық)
  10. Мәтіндік құжаттар құруға арналған прогамма. (WordPad мәтіндік редакторы)
  11. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым. (Информатика)
  12. Компьютердің жады (ішкі және сыртқы)
  13. Дүние жүзі бойынша алғашқы программа жазған бірінші прогаммист кім? (Ада Лавлейс)
  14.  құралының қызметі (Ерікті аймақты белгілеу)
  15. Компьютерде сандық ақпаратпен жұмыс істеуге арналған программа. (калькулятор)
  16. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
  17. Принтердің қанша түрі бар және оларды ата.  (3 түрі бар, матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
  18. Дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын IBM фирмасының негізін кім қалады және ол қандай машина құрастырды?   (Герман Холлерит, есепші-перфорациялық машина)
  19. Терезенің қандай түрлері бар? (қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)
  20. Өте кішкентай мәтіндік редактор. (Блакнот)
  21. Ақпарат дегеніміз не? (Айналадағы қоршаған орта және онда болып жатқан процестер туралы мағлұматтар мен хабарлар)
  22. Ақпаратты шығару құрылғыларын ата. (монитор, принтер)
  23. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы, қай елде жасалды және қалай аталады? (1946 жылы АҚШ-тың пенсильван университетінде, оны ENIAC деп атады)
  24. Жойылған файлдардың уақытша қоймасы.  (корзина)
  25. Калькулятордың қанша түрі бар және оларды ата. (2 түрі бар, қарапайым, инженерлік)

 

ІІ. Келесі арал «Ертегілер» аралына келеміз.

Бір күні Сиқыршы компьютерді сиқырлап тастады. Ол оны “Компьюктус” деген кактусқа  айналдырып, “қатты және жұмсақ тауарлар” сатылатын өзінің  дүкенінің  сөресіне   қойды.  Кактус бейнесінде болу компьютерге ұнамады, себебі ол ақпараттық  процестерді орындайтын басты құрал бола алмайтын еді. Келешекте  қайдағы бір кемпірге сатылса, ал ол оны терезе алдына қойып, одан оны шаң басса, оның не жақсылығы бар дейсің. Ол  түсінде  үнемі  бір жас программистің жазу үстелінде ақпаратты және бағдарламалық  құралдар  кешенімен  бірге “жарқырап”  тұратын. Компьюктус әуелі өзінің бұрынғы түріне сәл де болса  ұқсайтындығына қуанды. Оның өзара тығыз байланысқан бөліктерін бейнелейтін екі өсіндісі  бар еді. Ал  осы  Компьюктусқа  көмектесейік. Егер  этикетке  дұрыс  жазулар жазып, кактустың  тікенектеріне ілсе,  онда компьютер  қалпына келеді. Мүмкін  сендер  этикетке  дұрыс  жазулар  жазып,  Сиқыршыны  бірге жеңе  алатын  шығарсыңдар?

Мұнда 7-сыныптың электрондық оқулығындағы 1, 9, 11, 19, 24-тапсырмаларды сәйкесінше әр топ таңдап, орындайды.

 

ІІІ. «Көркем сурет» аралы.

Бұл аралда әр топтан екі оқушы компьютерден Paint графикалық редакторында сәйкесінше таңдап алған тақырып бойынша тапсырма орындайды.

  1. “Теңіздегі желкен”
  2. “Теңіз әлемі”
  3. “Теңіздегі арал”
  4. “Теңіздегі кеме”
  5. “Теңіз жағажайы”

Әр топтан екі оқушы сурет салып отырғанда, топтағы қалған оқушылар мен көрермендерге информатика пәнінен жұмбақтар жасырылады,  компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу,  қызықты сұрақтар қойылады.

 

 

 

 

Жұмбақтар:

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.                        («Еnter» батырмасы)

2) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.                               (Принтер)

3) Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан                  (Тасымалдаушы дискілер)

4)  Ақпараттықағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?       (Басу құрылғысы)

5) Бұтақ орнына мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені                    (Кактус)

6) Биологияда ол паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер                       (Бит)

7) Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің бір қызық,

Тек қана «F» (еф) әрпінен басталады.                    (Функционалдық пернелер)

8) Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болса жыпылықтап тұрады…              (Меңзер)

9) Ұзынтұра жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды..                         (Бос орын пернесі)

10)Ақпартты қағаздағы

Компьютерге енгізеді.
Егер білсең айта ғойшы,
Бұл қандай құрылғы.                       (сканер)

 

«Мақал – сөз мәйегі»

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

 

 

 

Қызықты сұрақтар:

  1. Атасы немерелеріне асық бөліп бергісі келеді. бірақ қолындағы асық 8х8 – ден берейін десе 1 немересіне жетпей қалады. ал 7х7-ден берейін десе, 2 асық артық қалады. Атайдың қолында неше асық, неше немересі бар?

Жауабы:          23-асық, 3-немере

  1. Үш программист бірігіп, қандай бизнес жасай алады?

Жауабы:біреуі вирус жазады, екіншісі антивирустар. Ал үшіншісі бәрі жұмыс жасайтын, операциялық жүйе жасайды

 

  1. «Сиқырлы пернелер» аралы.

Бұл аралда оқушылар қораптан пернелер белгісі жазылған карточка алып, оның атқаратын қызметі туралы баяндап береді.

 

  1. «Ғажайып қалам» аралы.

Мұнда оқушылар осы өтіп жатқан тақырыпта 4 жол өлең шығарып, оны WordPad мәтіндік редакторында жазады. Әр топқа берілген тапсырма мынадай қаріппен терілуі керек.

 1 . 14 қаріп, Arial

2 . 16 қаріп, KZ TIMES NEW ROMON

3 . 16 қаріп, Tahoma

  1. 14 қаріп, KZ TIMES NEW ROMАN
  2. 16 қаріп, Arial

Бұл тапсырмаға әр топтан 2 оқушыдан шығады. Бір оқушы шығар,ған өлеңдерін оқып, екінші оқушы WordPad мәтіндік редакторында тереді.

 

  1. «Қиял әлемі».

Мұнда ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

  1. Егер де хаккер болсам
  2. Егер де программист болсам …
  3. Болашақтың компьютері қандай болады деп ойлайсың?
  4. Робот керек деп ойлайсың ба?
  5.  Болашақта компьютер маманы керек па?

Оқушыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Бір оқушы өз өнерін ортаға салады.

 

Ұпайларын санап,  жеңімпаз топты анықтау,  марапаттау.