Жас сарбаз және бойжеткен

 

Жас сарбаз және бойжеткен

  1. Таныстыру.

Армыздар ардақты ағайын !!

Егемен еліміздің азат таңында алаңсыз күн кешкен тәуелсіз халықтың қыз бен ұлдары мен жалынды жастары !

Кемерши құтты мекен батыр  атамыз атындағы орта мектепте далалық жаттығуға келген қонақтар.

Қош келдіңіздер !!!

Бойында күш пен жігер тасыған жас сарбаздар мен қылықты қыздарымыздың өнерін шыңға алу  мақсатында ұйымдастырылған «жас сарбаз және бойжеткен» атты кешімізге тағы да қош келдіңіздер!

Армандарды алыстағы сағым қып.

Жігерлерді жарқыратып жалын ғып.

Бүгінгі кешті ендеше жүргізуші

Жалынды жастың бірі, мен Сағындық

 

Таусылмасын жалғассын жастар әні

Үзілмесін, шарықтап асқақ әні

Өмірдің мәңгі мәні – достық деген,

Ең бірінші танысудан басталады – деп бүгінгі кешке  қатысқалы отырған жас сарбаздарымыз және айдай ару қыздарымызбен таныса отырайық!

 

ІІ.Жігіттер жауһар болса, арулар жыр.

Жігіттер жалын болса арулар – нұр

Ендеше келесі кезең қыз бен жігіт

Жасырылмай айтылсын іштегі сыр – дей отыра келесі кезеңде аруларымыз жігіттерге өз ойларындағы кез –келген сұрақты қоя алады. Сонымен қатар қыздарымыз жігіттерге ауызша сипаттама беру керек.

ІІІ.Жігіт көркі өнер.

Жігітке жеті өнерде аз болады

Ән шырқаса көңілдер жаз болады.

Ендеше жігіттерді санап көрсек,

Қыздарымыз қолқа сап наз қылады-ендеше келесі кезегіміз «жігіт көркі өнер»деп аталады.Бұл кезеңде бойжеткендер жігіттерімізге қандай өнер көрсету керек екендіктерін өздері айтады.Жігіттеріміз сол өнерді көрсетеді.

ІҮ.Ай жүзді менім аруым.

Арулар-қорғанышым қаруым,

Дертке шипа,ауырғанда дәруің

Жас сарбаздар ендеше сипаттасын

Айдай жүзді күн келбетті аруын-дей отыра келесі бөлімімізді береміз.

Бұл кезеңде жігіттеріміз қыздарымызға сипаттама береді.

Ү.Бәрекелді! Жігіттеріміздің өнеріне тәнті болдық ендеше жетпес өнер аздық ететін жігіттерге берілетін келесі тапсырманы түсіндіріп өтсем.

————————————ендеше жігіттерге сәттілік!!!

 

ҮІ.Жігіттер берік болсын шешімің.

Бойжеткендер нақты болсын кесімің

Ұтқыр жауап,ұшқыр ой айта білсең

Болашақ-та,айқара ашар есігін-деп келесі кезегіміз «Тосын оқиғалар-батыл шешім»деп аталады. Бұл кезеңде ситуациялық сұрақ беріледі.

 

ҮІІ.Қорытынды.

Сарбаздар өнерлерің шарықтасын

Арулар арман-қанат қалықтасын!

Өмірлерің гүлдей боп жайнасыншы

Болсыншы күндеріңіз жарық жасап

Жігіттер күн болғанда,арулар гул

Жүректерден шырқалады қаншама жыр

Сыр айтып,кешімізге көрік берген

Енді міне кездесетін сәт келіп тұр-деп бүгінгі кештің сәніне айналып мәнін келтірген жас сарбаздарымыз бен бойжеткендерімізге керемет сәт келіп тұр.Ендеше кеш кейіпкерлерін қошеметпен ортаға шақырамыз.

ҮІІІ.Марапаттау.