«Зерде» (Бастауыш сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық ойын )

Тақырыбы:     «Зерде»

(Бастауыш сынып оқушыларына арналған    интеллектуалдық ойын )

Мақсаты: 

Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын, білімділігін арттыру.

Құрылымы: Бағдарламаға 2 оқушыдан құралған 4 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны — 8.  Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

  • Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін  сіздер бастауыш сынып оқушыларына арналған  «Зерде» интеллектуалдық ойынын тамашалайсыздар.Біздің ойынымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

Бағдарлама кезеңдері:

I айналым «Білгенге маржан»

II айналым «Сиқырлы әріптер»

III айналым «Құрастырма сурет»

IV айналым « Білімпаз»

V айналым «Менің Отаным»

-Бүгінгі ойынымызға 1- сыныптан 2 оқушы және 2- сыныптан 2 оқушы , 3- сыныптан 2 оқушы, 4- сыныптан 2 оқушы қатысып отыр, енді ойынымызға әділ баға беріп, шешімін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Оқу ісінің меңгерушісі: Кенжебаева Ж.
  2. Бастауыш сынып мұғалімдері Ағзамова А. Аумағамбетова Т.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие , тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда.

Ал, енді бүгінгі ойнымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I-айналым «Білгенге маржан»

Бірінші айналымда топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

1- сынып

  1. Сөйлем неден құралады?
  2. “Қазақстан Республикасының рәміздерін ата!”
  3. Жыл мезгілдерін ата
  4. Қ қандай дыбыс?
  5. Туда не бейнеленген?
  6. Гимннің әнін кім жазды?

2- сынып

  1. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
  2. Түйе атасын ата

3.“Жуас” сөзінде “у” дыбысы қандай дыбыс болып тұр?

  1. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  2. Мәтіннің түрлерін ата
  3. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады?

 

3-сынып

  1. Жуан дауыстыларды ата.
  2. Сын есімнің сұрақтары
  3. . Бастауыштың сұрақтары?
  4. Баяндауыштың ережесін айт.
  5. Көп нүктенің орнына қандай әріп жазылады?
  6. . Төмендегі сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір

Әмір-күйші

4-сынып

1.Етістіктің сұрақтары

2.Жалқы есім дегеніміз не?

3.Құрмалас сөйлем дегеніміз …

4.Достықтың” сөзінің түбірі

5.Жалаң сөйлем дегеніміз…

  1. Сан есімнің сұрақтары

 

II-айналым «Сиқырлы әріптер»

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер

Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын сөздерді планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде дұрыс жазылған сөзге 1 ұпайдан беріледі

III-айналым «Құрастырма сурет»

 Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

IV айналым « Білімпаз»

Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Білімге тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.

Келесі айналым- «Білімпаз» деп аталады.

Әр топқа 2 тапсырмадан таратылып беріледі, 1-2 топ сөздерге дыбыстық талдау жасайды. 3-4 топ сөйлем мүшелеріне талдайды.  Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

 

V айналым «Ой толғау»

Топтар Отаны жайлы өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Бұл кезеңде өз ойларын жеткізе білу, сөздерді байланыстырып құрап айт а білу, тақырыпты аша білу жағына мән бересіздер.

 

Көрермендермен ойын

 

Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың.
(жол)

 

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.   (Ара)

 

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.    (Компас)

 

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.    (Дүрбi)

 

Құстан аумады,

Көкте заулайды.   (Ұшақ)

 

Тақылдатып таңдайды,

Егiндi тез жалмайды.

Дәнiн берер тазалап,

Өзi түк те алмайды.   (Комбайн)

 

. Аппақ, аппақ ақ таңдай,

Жарқырап айдын жапқандай.

Алыстан келген тырналар

Тізіліп қонып жатңандай.  (Ақ қағаз, жазу)

 

-Міне, балалар осымен  бүгінгі ойынымыз аяқталды.

Қорытынды сөзді әділқазыларға береміз. Жеңген топты марапаттау, сыйлықтар беру.