«Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант»

 

Тақырыбы:  «Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант»

Мақсаты: С.Мұратбековтың  өмірімен, шығармашылығымен кеңірек танысу.

С.Мұратбековтың   «Жусан иісі» мен «Қылау» шығармаларын танысу, талдау.

Түрі: пікіралмасу

Барысы:

І.   С.Мұратбековтың  өмірімен шығармаларын таныстыру.

  1. Бейнеролик көрсету
  2. «Жусан иісі» мен «Қылау» шығармаларын талдау

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант»  атты пікіралмасу кешімізге қош келдіңіздер!

«Бір ел – бір кітап» акциясы жыл сайын белгілі бір қаламгердің шығармасына  арналып өткізіледі. Өткен жылы Ф.Оңғарсынованың  «Дауа» атты  жыр жинағын оқуға үндеу  көзделген болатын.

Биылғы жылы С.Мұратбековтың  «Жусан  иісі» атты шығармасы  оқушы назарына ұсынылуда.

Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармаларын  таныстырып өтейін.

Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда  Алматы облысының  Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957 -1963 жылдары ҚазМУ – де сырттай  оқыған.

1971 жылы мәскеудегі  жоғарғы әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы ауылда колхозшы  болып бастап, 1962 жылы дейін  аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері болды. 1962 – 1991 жылдар аралығында әртүрлі республикалық баспаларда жауапты қызметтер  атқарды, «Жазушы» баспасының директоры болды. Оның бірнеше шығармалары бар. Атап айтсақ «Менің қарындасым» деген атаумен тұңғыш әңгімелер жинағы 1961 жылы оқырман қолына тисе, одан бергі кезеңде: «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма»,  «Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Өліара» атты прозалық кітаптары орыс тілінде жарыққа шықты. «Жусан иісі» жинағы араб, өзбек, татар тілдерінде жеке кітап болып шықты. Көптеген шығармалары украйн, беларус, грусин, әзірбайжан тілдерінде басылды. 1991 жылы таңдамалы шығармаларының екі томдық  жарық көрді.  Еліміздің қаламгері еңбегін жоғары бағалады, ол мемлекеттік сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан»  сыйлығының иегері,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет белгісі »  және «Құрмет »ордендерімен   көптеген медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармалары оқырмандарға кеңінен мәлім. «Жусан иісі» повесін кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдірген. Қаламгер әңгімелерінің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі — ауыл өмірі мен элеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, аңқылдақ, кіршіксіз ақкөңіл мінездерін, бауырмалдығын, ішкі ой-сезім иірімдерін, мұңы мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінеп, оқырмандарына ой салады.

Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы, халықтың басына түскен қайғы-қасіретсуреттеледі. Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян. Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.   «Алыста қалған балалық шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген жалынышты үнін естимін» деп басталушы еді, бала кезімде оқыған «Жусан иiсі» деген повесть.

 

Осы шығарманы сіздерге 7 – сынып оқушылары баяндап береді.

Бұл Сайын Мұратбековтың “Жусан иісі” атты әңгімесінен бір үзінді… Сонау соғыс жылдарындағы кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, жаңа ғана оқып бітірген осы бір әңгімеде өте жақсы жеткізілген екен. Сайын Мұратбеков бір сөзінде жетінші  сынып оқушыларының әдебиет пәніне енгізілетін болыпты..Өз басым осындай әңгіменің қазіргі жас буынның оқып біле жүреріне дән риза болып отырмын… деген екен.

Сайын Мұратбековтың тағы бір әңгімесі «Қылау» әңгімесінде  балалардың мінез – құлқы мен іс — әрекеттеріндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттер суреттеледі. Сайын – шығармаларының басты тақырыбы – адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы. Бұл әңгімені 6- сынып оқушылары айтып береді.

Сатай мен Рәбиғаға мінездеме беріңдерші.

Сайын Мұратбеков 2007 жылы күз айында ұзаққа созылған ауыр науқас өз дегеніне жетіп тынды. 

С.Мұратбеков өз кітаптарын ғана жазып қоймай, өзінің өкшесін басқан інілерінің де жазу мәнеріне мұқият зер салатын. «Уақытым жоқ» дегенді желеу етпей олардың кітаптарын, тіпті қол­жаз­баларын оқып, нақтылы да қа­таң пікірін айтатын Көңілге жұбаныш етерлік бір жағ­дай – ол кісінің тамаша туындылары қалды. Кешегі ағалар қалыптастырған жақсы үрдіс қанша ұмытылды дегенмен біраз әдебиет жанкүйерлерінің кө­кірегінде сақтаулы. Ал, Мұратбековтың қалдырған өсиетін орындаудың бір жолы шығармаларын кейінгі ұрпаққа оқыту, таныстыру дер едім  дейді Ұзақбай ДОСПАНБЕТОВ.

Сайын Мұратбеков өткен ғасырдың 50-жылдарының соңы, 60-жылдардың ба­сын­да әдебиет көшіне өзіндік қолтаңба­сы­мен келген талантты қа­ламгер. Шоқты­ғы биік «Жабайы алма» романы үшін Мем­лекеттік сыйлық алды. Сайын аға бар бол­­ғанда биыл жетпістің жетеуіне толар еді…

Міне осымен «Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант»  атты пікіралмасу кеші аяқталды. Сау болыңыздар!