«Озық ойлы дарындылар»

 

Сайыстың тақырыбы:  «Озық ойлы дарындылар»

Сайыстың мақсаты: 1. Оқушылардың математика, информатика, физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділігін арттыру.

  1. Білімге деген сенімдерін қалыптастыру, дамыту, көзқарастарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

Сайыс жүрісі:

Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне  көшуге тиіспіз. «Болашаққа біліммен  қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.

«Білімді азамат-ел ертеңі»

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар»

«Білім мен даналық адам көркі» т.с.с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздерімен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек. Ғылыми техникалық прогресс, ғылымның басқа салаларының  дамуы жаратылыстану  ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім алу ерекшелігіне қызығуды арттыруда  математиканың, физиканың, информатиканың орасан маңызы зор. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын «Озық ойлы дарындылар» атты танымдық  ойынымызды бастаймыз. Ендеше ойыншыларымызбен танысып отырайық.

 

 

Ойынды бастамас бұрын  қазылар алқасын сайлап алайық:

 

І. «Ой ашар»

Шарты: 10 сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа тез арада жауап беру керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.

  1. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында біреуі артында ,  біреуі екеуінің  арасында. Қанаша үйрек ұшып келе жатыр?  (3 үйрек).
  2. Интернетке қандай құрылғының көмегімен қосылуға болады? (Модем)
  3. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында үш мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр?  (4 мысық)
  4. Қандай екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге,  көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? (3,5)
  5. Паскаль тілінде бүтін шамаларды қалай сипаттаймыз? (Integer)
  6. Физика сөзін алғаш ғылымға енгізген кім? (Аристотель)
  7. Кюри температурасы нені білдіреді? (Бір күйден екінші күйге ауысу температурасы. Мыс: судан-буға, будан-суға)
  8. Паскальдағы шығару операторы? (Writeln)
  9. Компьютердің миы? (Процессор)
  10. Компьютерді зақымдайтын арнайы программа (вирус)

ІІ. «Тіл-өнер»

«Ана тілім арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте»,  — деп Қадыр Мырзалиев ағамыз  айтқандай,  жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл өнер» деп аталады. Сіздерге жұмбақ айтылады сол жұмбақтың жауабын тауып, орыс, ағылшын тілінде айтылуын айтуымыз керек. Үш тілде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.

  1. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорақ компьютердің кенже баласы? (Тышқан-Мышь-Mouse)
  2. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер.  (Бит-Бит-Bit)

  1. Отбасында жеті қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (Сегіз-Восемь-Eight)
  2. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап-кинга-Book)
  3. Компьютермен енеді, қағазға басып береді. (Баспа құрылғысы-Принтер)
  4. Тетігін бассаң алаңсыз,  жазады қалам қағассыз.  (пернетақта-клавиатура )

Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі ойыншымызды «Ойында жеңілсе де, өмірде жеңілме» деп шығарып саламыз.  Егер ол оқушылардың ұпайлары тең болып қалса, келесі қосымша сұрақтар қойылады:

  1. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылы (Информатика)
  2. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта, тышқан, сканер)

IІІ. Ғажайып алаң

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үш пән бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай  сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпай саны беріледі.

Физика

20-Ток көздерінде неше плюс болады және олар қалай аталады? (2, оң және теріс)

30- Тізбектегі тоқ күшін  өлшейтін құрал қалай аталады? (Амперметр)

40-Электр кернеуі дегеніміз не? (Кернеу тоқ тудыратын электр өрісін сипаттайтын физикалық шама)

Математика

20- Бейссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрышты ата? (Ромб)

30-а22 =c2  кімнің теоремасы? (Пифагор)

40 Тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасы? (Екі қабырғасы тең үшбұрыш)

Информатика

20-Біздің мектептегі  компьютерлердің операциялық жүйесі қандай? (Windows xp)

30-Компьютерде жазылған құжатты қалай сақтаймыз? (Файл-Сохранить как)

40-Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (Сканер)

  1. IV. Адасқан әріптер

Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен  сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы  компьютер құрылғыларының аттары мен  информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 1 ұпай

СөздерЖауаптары
ретьюпомкКомпьютер
демомМодем
лайфФайл
ротиномМонитор
нирпертПринтер
красенСканер
шытқанТышқан

Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі ойыншымызды «Ойында жеңілсе де, өмірде жеңілме» деп шығарып саламыз.  Егер ол оқушылардың ұпайлары тең болып қалса, келесі қосымша сұрақтар қойылады:

  1. Компьютердің ақыл ойы? (процессор)
  2. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
  3. Сынақ аялдамасы

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары  қалыпты, жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді, -дей келе  алдын ала дайындалған сұрақтарға шапшаң тез  жауап беру  керек. Берілген уақыт 1 мин. Барлығы 10 сұрақ. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

  1. Пернетақтадағы функционалдық пернелер нешеу (12)
  2. Катет қандай үшбұрышта болады? (тік бұрышты үшбұрыш)
  3. Пернетақтада неше перне бар? (100-101)
  4. Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш (Квадрат)
  5. Курсордың оң жағындағы символды өшіру (Delete)
  6. Қиылыспайтын түзулер (Паралелл түзулер)
  7. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (Принтер)
  8. Монитор мен көз ара қашықтығы неше см болу қажет? (60-70 см)
  9. Табиғи жарық көзі (Күн)
  10. Компьютердің ең негізгі құрылғылары

 

Осымен бұл қызықты тамамдасақ

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйренейік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Ойынымыздың шешуші сәті –төрешілер өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау.