Интеллектуалды олимпиада

 

Интеллектуалды олимпиада

Мақсаты:  Интеллектуалды ойындарды ойната отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін арттырып, түйінді құзыреттіліктерін дамыту.

 

Қымбатты көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар интеллектуалды олимпиадамызға хош келдіңіздер!

 

Бүгінгі олимпиадамыздың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. _________________________________________________
  2. _________________________________________________
  3. _________________________________________________

 

Бүгінгі біздің ойыншыларымыз:

Алдымен 1-команданы ортамызға шақырамыз:

1-командаға сергіту сұрақтары қойылады:

 

І-айналым. 15 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 балл.

  1. Қабырғасы 2 см кубтың көлемі                                       8 см3
  2. Жолдың формуласы                                                         s=v*t
  3. Ақпараттың өлшем бірлігі ,                                           байт, бит
  4. Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал       телескоп
  5. Тік төртбұрыштың ауданы                                             s=a*b
  6. Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы монитор
  7. Ең үлкен 2 таңбалы сан                                                      99
  8. Стереометрия геометрияның нені зерттейтін бөлімі  кеңістіктегі фигураларды
  9. Дененің ұзындығы 80 см, осы ұзындықтың метр түрінде жазылуы   0,8 м
  10. Жойылған файлдар мен қалталар уақытша сақталатын орын     корзина себет
  11. Бұрыштарды өлшеуге арналған  құрал                             транспортир
  12. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама                    температура
  13. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым                            аксиома
  14. Num Lock пернесінің қызметі                                             сандық бөлікті қосу
  15. Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінің қай қосымшасынан табуға болады?  файл

 

1-ші команда 15 сұраққа жауап беріп ұпай сандары анықталған соң, 2-ші команда шақырылады. Команда мүшелері өздерін таныстырады. 15 сұрақ қойылып ұпай сандары анықталады.

  1. 1 байтта қанша бит бар                                                             8 бит
  2. 900— тан кем бұрыш                                                                       сүйір
  3. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы                 периметр
  4. Екі жағы нүктелермен шектелген түзу                                    кесінді
  5. Бұрыштың өлшем бірлігі                                                             градус, минут
  6. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады                        тек  бір ғана
  7. Барлық қабырғалары қос-қостан параллель және тең фигура                      ромб
  8. 2-ге бөлінетін сандар                                                                  жұп
  9. Файлдың аты неше бөліктен тұрады                                        2
  10. Қапшық жойылған кезде ондағы мәліметтер жойыла ма                    жойылады
  11. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қолданылатын бағдарлама      архиватор
  12. Желідегі және амалдық жүйедегі нысандарға зиян келтіруге қабілетті және өздігінен көбейетін бағдарламалар                                                                    вирус
  13. Word  бағдарламасында емле қателері айрықша көрсетілетін түс              қызыл
  14. Internet желісіне қосылу үшін қажетті құрылғы                                              модем
  15. Курсордың оң   жағындағы символды өшіретін перне                                     delete

ІІ-айналым. Жылдам, ойлап тап. Математика, физика, информатика салалары бойынша 4 сұрақ беріледі. Ұпайы аз команда бастап,  4 ұяшықтағы сұрақты өздері таңдайды.  Дұрыс жауапқа 300 балл беріледі.

1-ұяшық.

  1. Неліктен транспорт қозғалысы кезінде тиым салынған белгіге қызыл түс алынған, басқа түс алынбаған?      қызыл сәуленің толқын ұзындығы үлкен, атмосфераға аз шашырайды

 

 

2-ұяшық.

Тік бұрышты параллелепипедтің қабырғалары берілсе, диагоналі неге тең?

3-ұяшық.

  • І буын ЭЕМ-дары электронды шамдармен жұмыс істеді.
  • ІІ буын ЭЕМ-дары жартылай өткізгіштер транзисторлармен жұмыс істеді.
  • ІІІ буын ЭЕМ-дары интегралды схемалармен жұмыс істеді.
  • IV буын ЭЕМ-дары …     жұмыс іседі.  (микросхемамен)

4-ұяшық.

Суретте берілген көпжақтарды атаңдар.

 

ІІІ-айналым.

Балл саны  тігіледі, дұрыс жауап болса алған ұпайлары қосылады, ал дұрыс болмаса ұпай саны шегеріледі. Қарсы команда жауап берсе сол командаға қосылады. Сұраққа жауап жасырын қағазға жазылады. 4 ұяшықта – 4 сұрақ.

1-ұяшық.

Ғылымдарды топтастыру, Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, Сырдария бойында дүниеге келген ойшыл ғалым кім?  (Әль Фараби)

2-ұяшық.

Күн аязда терезеге

Неше түрлі гүл түсер.

Мұнша әдемі түсті неге

Кім түсірді ой жібер                                     Шаһкәрім Құдайбердіұлы

Осын өлеңде Шаһкәрім қандай құбылысты айтып тұр?

(сублимация құбылысы. Ауадағы су буы газдардың бірден қатты күйге ауысу құбылысы.)

3-ұяшық.

Қазақ математигі. Қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген “Математикалық анализ” курсының авторы.  (Жәутіков)

4-ұяшық.

1846 жылы Бәббидж машинасына программа жазған бірінші програмист  деп саналатын әйел кім?  (Ада Лавлейс)

 

 

IV-айналым.

Балл саны жасырын тігіледі, дұрыс жауап болса алған ұпайлары қосылады, ал дұрыс болмаса ұпай саны шегеріледі. 4 ұяшықта – 4 сұрақ.

1-ұяшық.

Математикалық тәуелділікті тап.  Жоқ санды қой

11 (90) 19

14 (   )  16      (14  90  16)

2-ұяшық.

Математикалық тәуелділікті тап. Жоқ санды қой

1  6  12  19   ?     (1, 6, 12, 19, 27)

3-ұяшық.

Орыс тілді анаграммадан артық сөзді шығарып таста

Пмаре   (ампер)

Твьло  (вольт)

Батикйло  (килобайт)

Шамани (машина)

4-ұяшық.

Ағылшын тілді анаграммадан артық сөзді шығарып таста

tenre  (enter)

eltede  (delete)

ebign  (begin)

gazmainef ( magfzine)  журнал

 

 

Қорытындылау. Жалпы ұпай сандары бойынша озып шыққан команданы марапаттау.