«Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиынның сценариийі.

Кемерши ауылдық клубында мамыр айының 9-ы күні өткізген «Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиынның сценариийі.

 

             Бағдарлама.

  1. Салтанатты мерекемізді ашу.
  2. Қарауыл қою.
  3. Гүл шоғын қою
  4. Баяндама
  5. Құттықтау сөздер.
  6. Қызылбұлақ селолық округінің әкімі: Кабиев Андрей.
  7. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Боқтыбаев
  8. Соғыс ардагерлері Сағынбаев, Қабиев
  9. Қ. Жазықов атындағы орта мектеп директоры М. Дусипова

 

  1. Тақырыбы «Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс»
  2. Ардагерлерге арналған мерекелік дастархан.
  3. Салтанатты мерекемізді жабу.

 

«Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс»

 

І. Құрметті Ұлы Отан соғыс ардагерлерім мен тыл еңбеккерлері

ІІ. Қадірлі де, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және ауыл  тұрғындары. Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

І. Қамықпаған  қиындықтың түгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

 

ІІ. Сіздерге сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана  азап пен қан төгіс екенін мойындата отырып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің  мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицердің рухына арналған «Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты әдеби сазды кешімізді ұсынамыз.

 

«Ардагерлер» әні, ортада  аудандық «Балдәурен – 2011» байқауының жеңімпазы  5-класс оқушысы Нәбиева Көркем Рубекқызы.

 

І. Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міне,

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп зұлымдықтың сәнді түні.

 

ІІ. Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз

Аспандата жырлаймыз жақсылықты.

 

Ән «Катюша» орындайтын мектебіміздің «Әсем» ән-хор үйірмесінің белсенді мүшелері 8-класс оқушылары Бақтілеу Айбек және Рахметов Бағдат.

 

І. Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан

Аяласын көңілін жақсы үмітпен.

 

ІІ. Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай!

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай

Қандай жүрек қалады қанат қақпай.

Ән: «Өз елім» орындайтын ауылымыздың Мәдениет үйінің меңгерушісі Жұмабаев Аслан Нұрлыбекұлы.

 

І. Жеңіскерлер – әр елдің өрендері,

Солар жұрттың айбары әлемдегі.

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа

Мерей тапты сол әнмен ел еңбегі.

 

ІІ. Сырға тұнған шежірелі даңғылым

Ашылмаған жұмбағы мол сан қырын.

Олар шерткен әрбір дастан, әрбір жер

Ұрпақтарға үлгі, өнеге, тағылым.

 

Ортада «Атамекен» орындайтын мектебіміздің патриоттық әндер байқауының жеңімпазы Қанатов Аманғос Нұрболұлы.

 

І. Еске алып туған жер, ана жарын

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

Отан үшін аянбай соғысты олар

Кеудесінен  ұрса да отты жалын.

 

ІІ. Қан кешкенде майданда бабаларым

«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»

Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай

Тауып алып қан — жаса  жараларын.

 

І. Батырлықтың қашанда тұрағы – елі

Жүрегінде батырдың тұрады елі.

Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның

Біз боламыз әркезде мұрагері.

 

Ән «Смуглянка» орындайтын үздік, белсенді оқушыларымыздың бірі 6-класс оқушысы Әбілова Айгерім Жанболатқызы.

 

ІІ. Әлия, Мәншүк, қайсар қызы қазақтың

Ерлігінде таңдамайтын ғажап тым.

Желбірейді бейбітшілік жалауы

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр

Мәңгілік от ескеркіштің алауы.

 

Көрініс «Әлия мен Мәншүк».

 

І. Сынған жоқ өлсең – дағы сенің сағың

Өлген жоқ, өрлей түсті жастық шағың.

Еске алып, мәңгі саған бас иеміз

Қос апатай, торқа болсын топырағыңыз.

 

ІІ. Ендеше, қазақ халқының мәртебесін биікке көтерген Әлия мен Мәншүктей жарық жұлдыздарымызды мақтан ете отырып, «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» деп, соғыс өрті қашанда халық есінде.

 

Ән «Әлия» орындайтын биылғы мектеп бітіруші түлек, үздік оқушы, әнші қызымыз Нарынбаева Айгерім Жәнібекқызы.

І. Келді Жеңіс, қаралы қағаздармен

Келді Жеңіс, жаралы сарбаздармен.

Келді Жеңіс, соқаға сері жегіп

Тастақтарға тартылған бораздамен.

 

ІІ. Келді Жеңіс, апатты жарып өтіп,

Қап – қараңғы түнекті жарып өтіп

Шықты қайта жұлдыздар аспанына

Әрі тайған жүзінен әлі кетіп.

 

І. Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

 

ІІ. Қара бұлтқа оранбасын күн көкте

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанның бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңе ұста, құрметте.

 

Ән «Три танкисты» ортада болашақ ел қорғаны, жас сарбаз 10-класс оқушысы Таңбаев Ахметжан Ескендірұлы.

 

І. Ұлы Отан соғысында майданға 122 млн, 423 Ақтөбелік аттанды. Оның 35-і Кеңес Одағының Батыры, 9-ы Даңқ орденінің иегері атанды. Бұл бабалардың ішінде біздің әкелеріміз Қ. Жазықов, С. Ешпаев, Б. Бектұрғанов және Өтепбергенов болды.

ІІ.  Қазіргі күні осы Соғыстың куәгері болып отырған үш соғыс ардагері бар. Олар Қабиев, Сағынбаев, Бәлдібеков.

 

І. Жыл өткен сайын ардагерлер саны сиреп келеді.

 

ІІ. Иә, табиғат заңына бағынбасқа шара жоқ. Бүгінде сұрапыл соғыста жан аямай ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары біздер аталарымыз бен әкелеріміздің  рухы алдында басымызды иіп тағзым етеміз.

 

І. 66 жыл көктем таңы атқалы,

66 жыл шуақты күн тартты әні

Есімде содан бері қаншама рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

 

ІІ. Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

 

І. 1945 жылдың 8 мамыр күні  Берлинде фашистік германияның толық жеңілгендігі туралы құжаттарға қол қойды.

 

ІІ. 1941 жылдың  22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады.

 

І. Тыныштық тулары

Биікке самғасын.

Тыныштық ұраны

Қиырды шарласын.

 

ІІ. Жетім боп  ана мен балалар

Ойран боп отбасы қалмасын.

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

 

Ән: «День победы» орындайтын мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі,  аудандық «Жас дәурен  — 2011» бауқауының  жеңімпазы Сағынов Дидарбек Орынбасарұлы.