Сынып дарабозы

 

Тақырыбы:  Сынып дарабозы

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Компьютер, проектор, компьютерлік презентация, кесте,бейнесұрақ.

5 «А» сыныбында өткелі отырған «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!         Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласұғын.

Қазір біз,  балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді,  білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:

  1. Данагүл Талғатқызы – мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары.
  2. Айнагүл Бауыржанқызы – лаборант

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен  қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз салемдемелерін жолдайды:

  1. Кумаргалиев Салауат.

«Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

  1. Опиева Бөрте

«Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.»

  1. Зинедденова Лиза

«Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

  1. Маратов Султан

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

  1. Шапетова Гүлмира

«Білімдінің күні жарық,

білімсіздің күні  қаріп»

  1. Бауржанова Илана

«Білекті  бірді жығады, білімді мыңды жығады»

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» — дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.

 

І. Бәйге.

ІІ. Кім жүйрік.

ІІІ. Дода.

ІV.Тіл — өнер.

  1. V. Жорға.

 

«Бәйге» кезеңнің шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар экранға көрсетілгеннен кейін төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаның нөмірін қағазға жазамыз және бәрің бірге қағазды көтереміз. /10 сек. уақыт беріледі/. Бастаймыз.

 

Бәйге . І кезең. тест

  1. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.

А) Абай Құнанбаев Ә) Ахмет Байтұрсынов

Б) Ыбырай Алтынсарин *   В) Сакен Сейфуллин

  1. Күздің үшінші айы

А) Қазан             Ә) Қараша *           Б) Желтоқсан   В) Қаңтар

  1. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?

А) қарлығаш      Ә) қыран, бүркіт  Б) көгершін *    В) торғай

  1. Жердің ауа қабаты

А) Атмосфера *     Ә) Биосфера    Б) Гидросфера  В) Тропосфера

  1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?

А) үшбұрыш       Ә) төртбұрыш     Б) шаршы *   В) тіктұртбұрыш

  1. Процессор мен жады компьютердің қай құрылғысында орналасқан?

А) жүйелік блок * Ә) процессор  Б) монитор   В) пернетақта

  1. Конституция күні

А) 16 желтоқсан  Ә) 25 қазан   Б) 30 тамыз*   В) 1 мамыр

  1. 1-10 арасында қанша жұп сан бар?

А)  4           Ә)  10         Б)  5  *       В)  6

 

Бұл  кезеңде сендер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Сұраққа тез, жылдам жауап қайтару керек. Жауабын білмесең «келесі» деп келесі сұраққа көше беруге болады. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа оқушыларға жауап беруге болмайды. ІІ кезеңді қорытындылап, бір оқушы ойынды аяқтайды.

«Білім деген биік шың

Бақытқа сені  жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.» — деп келесі «Кім жүйрік»  кезеңін  бастаймыз.

 

Кім жүйрік. ІІ кезең сұрақтары:

 

№1№2
 

1.  Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны           / алфавит, әліпби/

2. Республикамыздың рәміздері

(ту, елтаңба, әнұран)

3. Көне заттарды сақтайтын орын

(мұражай)

4. Қасиетті тағам      (нан)

5. Мұсылман діні     (ислам)

6. Ең үлкен бір таңбалы сан?  /9/

7. Қытайдың астанасы (Пекин)

1. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

2. Үш кемеңгер би

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

3. Ең киелі құс    (аққу)

4. Оқушы жанының бағбаны      (мұғалім)

5. 1 метрде неше сантиметр бар?   100 см

6. Жылдан құр қалған жануар?  /түйе/

7. 1 тәулікте неше сағат бар   /24 сағат/

 

№3№4
1. Аққудың баласы  (көгілдір)

2. Ер қанаты (ат)

3 Алматының алмасы  (апорт)

4. Картоптың отаны  (Оңтүстік Америка)

5. Қой пірі ( Шопан ата)

6.  Асықтың ең үлкені (сақа)

7. Натурал сандар нешеден басталады? 1

 

1. Республикалық балалар газеті   (Ұлан)

2. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)

3. 100 жыл  (ғасыр)

4. Түйе пірі (Ойсылқара)

5. Ең кішкентай құс  (колибри)

6. Тұңғыш қазақ ғарыщкері

(Тоқтар Әубәкіров)

7. Ахмет Яссауи мазары қай қалада?

(Түркістан)

№5№6
1. Игерілмеген жер (тың)

2. Сөз өнер жарысы (айтыс)

3. Жылқы пірі (Қамбар ата)

4. Бір килограммда неше грамм бар.

(1000 грамм)

5. Футбол королі (Пеле)

6.  Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен

бе,  Жер үлкен бе?     /Жер/

7. 7 күн — …. /апта/

1. Туркияның астанасы (Анкара)

2. Қалталы жауарлар елі (Австралия)

3. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той

(шілдехана)

4. Қойдың пірі (Шопан ата)

5. Бір жылда неше күн бар? (365 күн)

6. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

7.  Тышқан аулағышты бес әріппен қалай

жазуға болады?   /мысық/

 

«Ең қиыны жарыстың  «Дода» келді

Мықтылары келіпті жеңсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,» — деп келесі кезеңді бастаймыз.

Келесі кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Бұл кезеңде пәндер бойынша пән мұғалімдердің сұрақтары беріледі, кейбіреуі бейнесұрақ түрінде берілген. Пәндерді өздерің таңдайсыңдар. Сұраққа толық жауап берсеңдер, 20 ұпай, толық емес болса 20 ұпай аласыңдар. Бір пән бірақ рет таңдалады, бір оқушы екі пән таңдайды. Басқа оқушылар жауап бермейді. Ұпайы аз оқушы  бірінші болып бастайды.

 

Дода. ІІІ кезең. Пәндер бойынша.

 

  1. Қазақ тілі пәні. Батырова Самал Тауфикқызының сұрағы.

 

  1. Қазақ әдебиеті пәні.Батырова Самал Тауфикқызының сұрағы.

 

  1. Орыс тілі пәні. Сильбаева Маншук Галиханқызының сұрағы.

 

  1. Орыс әдебиеті пәні. Сильбаева Маншук Галиханқызының сұрағы.

 

  1. Математика пәні. Ашенова Рита мажитқызының сұрағы

 

  1. Жаратылыстану пәні. Бейнесұрақ. Гүлбақша Халиахметқызының сұрағы.

 

  1. Ағылшын тілі пәні. Бейнесұрақ. Жазира Мақсотқызының сұрағы.

 

  1. Қазақстан тарихы пәні. Хамзин Жеңіс Кәкібайұлының сұрағы.

 

  1. Дүниежүзі тарихы пәні. Хамзин Жеңіс Кәкібайұлының сұрағы.

 

  1. Информатика пәні. Елемесова Маншук Тлекқабылқызының сұрағы.

 

Көрермендерге сұрақтар:

 

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/
  2. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.             /Апта күндері/

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер, қане айтыңдар?              /Тышқан/

  1. Жердің табиғи серігі (Ай)
  2. Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап    /дәптер/

  1. Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.   /қалам/

  1. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі   /қарындаш/

  1. Ол-оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады    /өшіргіш/

 

 

  1. Бұрыштың түрлері? /доғал, сүйір, тік, жазыңқы/
  2. Математикалық төрт амал? / +-*/
  3. Ұзындықты өлшейтін құрал? /сызғыш/
  4. Тісі түскен адам (кетік)
  5. 1кг неше грамм бар? 1000 грамм
  6. Жүз жылдың басқаша атауы? /ғасыр/

 

Тіл-өнер. 4 кезең. 3 тілде

Жүргізуші:   «Бәйгеге  түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда» — дегендей    «Тіл-өнер» сайыс  деп аталады.

Бұл кезеңде  берілген сұрақтардағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшық  нөмірін таңдайсыңдар.

  1. 1. Жұт . . . ағайынды        / Жеті- семь- seven/

 

  1. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/

 

  1. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/

 

  1. Кімнің баласы  болма,

Адамның баласы бол      /атаның – дедушка – grandfather/

 

  1. Өнер алды қандай жол? /қызыл – красный- red/

 

  1. Мысыққа ойын керек,

. . .    өлім  керек                /тышқан – мышь – mause/

 

  1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен       /кітап – книга — book/

 

  1. Жылт – жылт етеді

Жылғадан өтеді              /су – вода – water/

 

  1. Батыр туса – ел ырысы,

. . .  жауса жер ырысы.             /жаңбыр – дождь – rain/

 

Жүргізуші:    «Көңілді, тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін аларыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » — деп  соңғы кезеңді  бастаймыз.

Бұл кезеңде тақырып  және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар,  соған жауап бересіңдер. Жауап қате болса , онда келесі ойыншы жауап береді.

Жорға. 5 кезең. Тақырып таңдау.

Ертегілер елінде20304050
Ұлы тұлғалар20304050
1001 мақал 101 жұмбақ20304050
Қызықты математика20304050
  1. Ертегілер елінде.

20 ұпай:  Мақта қыз бен мысық

30 ұпай:  Мыстан кемпір

40 ұпай: Жалғыз көзді дәу

50 ұпай: Тазша бала

  1. Ұлы тұлғалар

20 ұпай: Қадыр Мырзалиев

30 ұпай: Фариза Оңғасынова

40 ұпай: Бауыржан Момышұлы

50 ұпай: Қаныш Сәтбаев

  1. 1001 мақал, 101 жұмбақ

20 ұпай: /сызғыш/

30 ұпай:  /күнтізбе, календарь/

40 ұпай: /көз қорқақ, қол батыр/

50 ұпай:      /дос – дұшпан/.

  1. Қызықты математика

20 ұпай: /5/

30 ұпай:      6

40 ұпай:   /4/

50 ұпай:    /Түйеқұс ұшпайды /

Осы сайыстан кейін жеңімпаз анықталады. Келесі кезекті әділқазыларға береміз. Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін.

Болашақтың іргесін қалайтын ,

Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар  сендерсіңдер.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! – деген ризалық сөзбен сабақ аяқталады.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері –1899 жылы сәуірдің 12-нші жұлдызында Павлодар облысының №4 Баянауыл ауданында көшпелілер отбасында дүниеге келген. (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі      Новобогат ауданына Аққелін болысы).

 

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Халық жазушысы.

1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, жоғары дәрежелі «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметке ие болды. 70 жас мерейтойы аталып өтілді.

 

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Қазақстанның халық қаһарманы.

 

Қадыр Мырза Әли  —  қазақтың тамаша ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Республикалық «Тарлан», Халықаралық «Азияс» (монғолшадан аударғанда «талант») сыйлықтарының иегері. Ол   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1980/, Қазақстан халық жазушысы /1996/. Ол — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің жазуға қатысқан авторлардың бірі. Ол көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Әлемдік әдебиет өкілдерінің  шығармаларын қазақшалады. Жекелеген және топтама өлеңдері ағылшын, француз, неміс, фин тілдеріне аударылды.1996 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен “Халық жазушысы” атағы берілді. Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында туған.

Әділ – қазылар толтыратын карта

 

 

    Қатысатын

оқушы-

лар

 

Кезеңдер

ҚорытындыҚорытындыҚорытынды
І кезең.

Бәйге

 

123456781234567812345678
ІІ кезең.

Кім жүйрік

 

123456712345671234567
ІІІ кезең.

Дода

 

 20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай
ІV кезең.

Тіл — өнер

 

10-20-3010-20-3010-20-3010-20-3010-20-3010-20-30
V кезең.

Жорға

 

 

 

Әділ – қазылар толтыратын карта

 

 

    Қатысатын

оқушы-

лар

 

Кезеңдер

ҚорытындыҚорытындыҚорытынды
І кезең.

Бәйге

 

123456781234567812345678
ІІ кезең.

Кім жүйрік

 

123456712345671234567
ІІІ кезең.

Дода

 

 20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай20 ұпай
ІV кезең.

Тіл — өнер

 

10-20-3010-20-3010-20-3010-20-3010-20-3010-20-30
V кезең.

Жорға