Жақсылықтар еліне саяхат («Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ)

Жақсылықтар еліне саяхат

(«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1) оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық»,

«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін

кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым-

қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

2) жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту;

3) қайырымды болуға, үлкенге,кішіге қамқор бола

білуге тәрбиелеу:

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктеме, жүрекше,кеспелер

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі. Шаттық шеңбері аясында мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Қуан,шаттан!

Қуан, шаттан.!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Бүгін біз тек қана

жақсылықтан тұратын, адамдары бір-біріне тек жақсылық қана ойлап,

қамқор бола білетін елге, «Жақсылықтар еліне» сапар шегеміз.

Ендеше, ол елге бармас бұрын, ол елге барғанда өзімізді қалай ұстай білуіміз керек, қандай болып жүруіміз керек,соны үйреніп алайық.

Ой қозғау.

  • Жақсылық деген сөзді қалай түсінеміз?

Осы сұраққа жауап беру үшін «Жақсылық шеңберін» құрастырып көрейік.

(шеңберді оқушылар өздері толтырады)

 

 

 

 

 

 

 

 

—     Дұрыс айтасыңдар.

  • Міне, балалар, «Жақсылық елі» осындай жақсы адами қасиеттерден

тұрады екен. Осы қасиеттерді бізде бойымызға сіңіре білейік.

  • Енді мына өлең жолдарына назар аударайық.

«Осындай әлем бар»

Осындай әлем бар

Қызықты шуақты.

Әлемде әр ел бар

Бақытты, қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,көңілді

Бәрі де керемет.

— Ал, енді балалар, осы елге қарай сапар шегеміз.Осы керемет елге жету үшін бірнеше аялдамалардан өтуіміз керек екен.Ол аялдамаларда бізді бірнеше тапсырмалар күтіп тұр.Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Жақсылық еліне» тез жетеміз.

1-аялдама.

— Жақсы адам болу үшін не істеу керек? —  деп ойлайсыңдар. (оқушылар өз ойларын айтады)

— Дұрыс,балалар.Сонымен бірге адамшыл қасиеттерге мол, мейірімді сезімдерге толы жылы жүрегі болуы керек. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды.адамдар бақытты өмір сүреді.

— Міне, 1-аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.

Енді 2-аялдамаға қарай жылжиық.

2-аялдама.

— Адамдарға ізет білдіріңдер.(оқушыларға «Ізеттілік әліппесі» бойынша өлең жолдары таратылып беріледі.Осы өлең жолдарынан не түсінді, қандай адами қасиеттерді бойына сіңіре білді,сол туралы өз пікірлерін айту)

«Ізеттілік әліппесі»

1)Атам менің әмәнда                                      2) Алдын орап кісінің

Әдепті жан бол деген.                                 Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда                                          Ізетімен кішінің

Жасы үлкенге жол берем.                           Сәлемдесіп қол берем.

3) Атам менің әмәнда                                  4) Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген.                                         Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда                                          Артық айтып сөзімді

Мақтанбауды жөн көрем.                           Желпінгенім жоқ әлі.

5) Тыңдай білем атамды

Тыңдай білем анамды.

Сондықтанда атамнан

Алдым алғыс батамды.

  • Дұрыс,балалар. «Жақсылық еліне» жеткенде де осындай кішіпейіл,

ізетшіл, сыпайы бола білуіміз керек.

3-аялдама.

— Бұл аялдамада сендерді «Ертегіні жалғастыр» тапсырмасы күтіп тұр екен.Балалар, бұл аялдамада сендерге 2 тапсырма беріліп тұр.оны тез орындау үшін 2 топқа бөлінейік.(оқушылар 2 топқа бөлінеді)

1-топ. «Аю мен тышқан» ертегісі.

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады.одан адасып жүріп,аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып,құлағын баса қояды:

-Менің құлағым – сенің інің деп пе едің?-деп ақырады.-Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы.Мен де бір керегіңе жарармын.

-Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,-деп күледі аю…

2- топ. «Қарлығаш пен дәуіт»

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз  жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді…

(Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан жақсылыққа қарай бағытталып аяқталатын шығу жолдарын іздестіріп,ертегіні аяқтау керек)

4-аялдама. «Жақсылық» туралы мақал-мәтелдерді айту (оқушылардың жақсылық туралы білетін мақал-мәтелдерін тыңдау)

5-аялдама. «Жақсылық жасау» адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар? (оқушылардың пікірін тыңдау)

6-аялдама. Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер (оқушылар жауаптары тыңдалады)

— Міне,балалар, біз «Жақсылық еліне» апаратын жолды жүре отырып, жақсылық әлемі туралы ұғым қалыптастырдық.

Дәйексөз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті.сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жақсылық  зая кетпейтінін, оның шарапты өзіңе, жақын-туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.

Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң-сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жүректен жүрекке.

— Ал,балалар,біз енді бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді, бекітіп,пысықтаған  білімімізді толықтыра отырып,бір-бірімізге жақсы ниетімізді,білдіріп,тілек айтып,сабағымызды қорытындылайық.

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім жүрекше бейнесін ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған оқушыға ұсынады.ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағындағы көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді)