Табиғатпен табиғи байланысым

№ 1 САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ 

 

І БЛОК «Мақсаттылық»

 

Пәні:   

Өзін-өзі тану

Мамандығы:                                              

 

Тобы:

 

Күні:

 

Сабақтың тақырыбы:Табиғатпен табиғи байланысым
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі:Лабораториялық
Сабақтың мақсаты:

 

 

Білімділік:

 

Табиғатты, қоршаған ортаны бағалау, қорғау, қастерлеуге баулу; Адамның өз әрекеті үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру; Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігін түсінуіне әсер ету.
Тәрбиелік:

 

Аймақтың экологиялық мәселелерін шешуде өз үлесін қосуға даяр болу сезімін дамыту;  Келер ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалуға ұмтылысын дамыту; өз ойын дәйектей алуға, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру;
Дамытушылық:

 

Оқушылардың жан-жақты рухани, адамгершілік дамуын дамыту, өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болудағы қасиеттерін қалыптастыру; коммуникативті құзіреттілігі мен қайтарымды байланыстарды ұштастыру,  өзгені тыңдай білу, сыйлау дағдыларына тәрбиелеу.
Кәсібилік

 

Кәсіби интегративтік қасиеттерін және іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігіне үйрету; әдістемелік шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту; интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

 

Базалық:·         «Табиғат», «қоршаған орта» ұғымдарының анықтамасын, құндылықтарын;

·         Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі туралы түсінікті;

·         Даналық, ұлағатты сөздердің мәнін аша біледі;

  • Күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алуды, азаматтық  ұстанымын  көрсете алады.
Кәсіптік:

 

·         Жеке тұлғаның рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету  жолдарын біледі;

·         Тәжірибе жинақтау барысында тақырып бойынша өз ойын өмірмен байланыстырып,  дәйектей алады;

 

Пәнаралық байланыс:Психология, тәрбие жұмысының әдістемесі,  экология негіздерімен т.б
 

 ІІ БЛОК  «Сабақтың жабдықталуы»

 

Көрнекі құралдар

 

Қазақстанның табиғатын бейнелейтін суреттер, слайдтар, мәтіндер жинағы, әңгімелер, өлеңдер, аудио, видеотаспалар т.б.
Таратпа материалдар№1-10 таратпа материалдар,  №1-15педагогикалық жағдаяттар, тапсырмалар жинағы т.б.
Оқытудың техникалық құралдарыИнтерактивті тақта, магниттік тақта, теледидар, т.б.
Ақпараттық қор

 Негізгі:      (әдебиеттер)

№4 ОӘК

Әдебиеттер тізімі

1.       «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.   28.08.2006ж;

2.       «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу бағдарламасы 1 – 11 сыныптар. 2010 ж;

3.       Өзін-өзі тану. Колледж оқытушыларына арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2010 ж;

4.       Өзін-өзі тану. Колледж студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2010 ж;

5.       «Мен — Адаммын» Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы-2000 ж;

Қосымша:  (әдебиеттер)

 

№4 ОӘК

Әдебиеттер тізімі

1.    Успанова «Өзін-өзі бағалау және «Мен» тұжырымдамасы». «Тұмар» баспасы, 2009 ж;

2.    «Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы» Алматы,  2007 ж;

3.    Ф.Оңғарсынова «Дауа»  Өлеңдер  Алматы: Атамұра, 2002 ж-288 бет

4.    Мақсымталапқызы Ұ. Экология және ұлт тағдыры «Қазақстан — Zaman» 04.05.07ж

5.    Ұ.Асылов. Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы. Алматы: Мектеп, 1987.-383 бет

 

Негізгі терминдер мен ұғымдар

 

Проблемалық ситуация (жағдаят),  өзін-өзі ұстау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзіндік сана, образ (бейне), креативтілік, міндет, мақсат, имитациялық ойын, жалпылау, дүниетаным, әсемдік, әрекет т.б.
Сабақтың технологиясы мен әдістері:Дамыта оқыту, өзін-өзі тану технологиясы, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу — әдістемелік кешен №4 Оқу әдістемелік кешен   «Адам өмірінің жарасымы»  №16 тақырып

 

ІІІ БЛОК  «Сабақ мазмұны»

 

Сабақтың кезеңдеріОқыту әдістеріОрындалатын жұмыс мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңіЖылы лебіз айту

 

 

—   оқушылардың назарын сабаққа аудару;

— сабақтың тақырыбын хабарлау,

мақсат-міндеттерін қою

ІІ.Қызығушылықты оятуШаттық шеңбері

 

Т.Көпбайдың туған өлке табиғаты мен тынысын мүсіндеген өлең жолдарынан үзінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О, Табиғат! Сыйыңды алып үлгердім,

Қадарымша мен де өзіңе тіл бердім.

Мәңгі өлмейтін музыканың тілінде,

Сен сөйледің, сырыңды айттың, түрлендің.

 

Сыңғырлады қайыңдардың сырғасы,

Тебіренді теңіздердің тұнбасы.

Бала бұлақ күліп ақты еңісте,

Күрсінді тау-ғасырлардың құрдасы.

 

Секілденіп ойлы жырдың шумағы,

Ормандарым күнге ұмтылып шулады.

Бар табиғат ұлы күйге үн қосып,

Өмір-өзен арнасында тулады.

 

О, табиғат, сенсің менің жан анам,

Бар тіршілік бір өзіңе қараған.

Өзіңе ұқсап туған едім о баста,

Қалай етсем өзіңе ұқсап қала алам.

ІІІ. Мағынаны тануТақырып бойынша ой қорыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дәйексөз

 

 

Әңгімелесу

Оқытушы «табиғат», «қоршаған орта» ұғымының мәнін ашу мақсатында оқушылардың өз ойы, пікірлерін еркін айтып, талдауына көңіл аударады.

(оқушылар өздерінің осы сабақтан не күтетіндерін жапырақшаларға жазып, тақтадағы үлкен ағаштың түп тамырына жапсырады.)

 

Оқулықпен жұмыс:

(Оқытушы студенттерге  оқу құралында келтірілген «Дүниенің иесі мен жанашыры», «Бақыр басты бала», «Экология және ұлт тағдыры», «Туған жер», «Найзағайлы түн» деген көркем шығарма үзінділерімен танысу арқылы табиғаттың қайталанбас сұлулығын, адамзат тіршілігінің негізі болып табылатын Күн ана, жер ана, ауа мен судың құдіретін сезініп, адамның өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде қабылдайтынымызды, ХХІ ғасырда біздің табиғатқа қарым қатынасымыз қандай, оны қалай қабылдайтынымыз туралы ой, пікірлерін ортаға салу ұсынылады).

 

Видеопроектордан  «Адам өзінің керемет түстерінде де табиғаттан әсем еш нәрсені көре алмайды» деген ұлағатты сөзі көрсетіледі. Ол сабақтың дәйексөзі ретінде талдаумен жалғастырылады. Берілген дәйексөзді тақырып етіп алынып, өзара пікір алысу ұйымдастырылады.

ІV. Ой толғаныс кезеңіШығармашылық әрекет

 

1-тапсырма

 

 

2-тапсырма

«Табиғат поэзиясы»

Оқу құралында берілген мәтіндер мазмұны бойынша әр бөлімге қандай атау берер едіңіздер? (О.Бөкей, В.Ф.Михайлов, Ж.Нәжімеденов т.б.) Ойланып көріңіздер.

 

Әрбір студентке синквейн өлең жазу тапсырылады. Өлеңде табиғаттың әсемдігі мен өзіңіздің көңіл күйіңізді білдіріңіздер.

Тапсырманың мақсаты:  өлең жолдары арқылы студенттердің көркем, бейнелі ойлау іскерліктерін қалыптастыру,

Оқытушы «Синквейн» жанрына түсінік береді. «Синквейн» деген сөз француз тіліндн «бес жол» дегенді білдіреді. Бұл өлеңді жазудың өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Бірінші жолда бір сөз болады, ол әдетте зат есім немесе есімдік және ол сөз әңгіме болатын объект немесе затты білдіруі тиіс.
  2. Екінші жолда екі сөз болады, олар синквейн үшін алынған затты немесе объектіні сипаттайтын сын есім болады.
  3. Үшінші жолда объектіге немесе затқа тән қимылды, әрекетті білдіретін үш етістік болуы тиіс.
  4. Төртінші жолда синквейндегі объект немесе затқа автордың өзінің қарым қатынасын білдіретін төрт сөз болуы керек.
  5. Ал бесінші жолда сол объектінің мәнін, маңызын сипаттайтын жалғыз ғана сөз болады.

Мысалы: Қайың

Аппақ, нәзік

Билейді, мойнын созып

Тәрізді мұнарланған ақша бұлттар

Арманым

 

 Сергіту жаттығуы

 

 

 

«Шөп сияқты…»

Студенттер шеңбер жасап отырады. Студентердің біреуі өз тілегі бойынша шеңберден шығады да, басқалардың даыстары естілмейтіндей жерге барып тұрады. Бұл кезде топ қай студентті жасыратынын келіседі де, алғашқы студент шеңберге қайтадан келіп қосылады.

Шеңбердегі студенттердің міндеті жасырылған студентті кезекпен сипаттап шығуы керек. Ал сипаттама поэтикалық болуы, астарлы мәнді болуы тиіс. Салыстыру үшін, мысалы өздерін қоршаған табиғаттағы нәрселерді, құбылыстарды алуға болады.  Сипаттамалар адамның мінез құлқына, сырт келбетіне, киіміне ұқсас болуы керек. «Жасырылған» адамның өзі де өзіне сипаттама береді, бірақ алғашқы студенттке білдірмеуі тиіс. Жұмбақтың шешімі табылған соң, ол шеңберден шығады, ал топ жаңа бір ойыншыны жасырады.

 Рефлексия

 

 

 

 

 

 

— оқушылардың пікірі, алған әсерлері туралы  ой бөліседі

— оқушылар өздерінің осы сабақтан не күтетіндерін жазған жапырақшаларын алып, тақтадағы үлкен ағаштың  бөрікбасына жапсырады

 

 Педагогикалық жағдаят

 

 

«Жандандырылған суреттер» ойыны арқылы экологиялық мәселені шешу жолдарын табу, анықтау.

І кезең: «Мәселені қою». Әрбір студент қағазға бір өзекті экологиялық мәселені жазады. Барлық қағаздар жиналады.

ІІ кезең: «Кадр жасау». Жиналған қағаздардың ішінен таңдамай біреуі алынады. Мысалы, бұл қағазда көтерілген мәселе ағаштарды орынсыз кесу, отау болсын делік. Оқытушы студенттерден мүлгіп тыныш тұрған тоғай картинасын бенелеуді сұрайды. Топтағы барлық ойыншыға да рөл жетеді, біреуі ағашты, екіншісі бұтақтар, бұта шөп, өсімдіктерді, аңдарды, құстарды жәндіктерді т.с.с. бейнелейді. Одан кейін топтың ағаштарды кесіп тастағаннан кейінгі қандай күйде болатынын бейнелеуді сұрайды.

ІІІ кезең: «Мәселені шешудің жолдары». Мысалы, кесілген әрбір ағаштың орнына екі ағаш отырғызу, ағашты заңсыз кескені үшін айыппұл салу т.б.

 

V. ҚорытындыОқытушының қорытынды әңгімесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүректен-жүрекке

Адам мен табиғаттың өмір сүруі бір біріне тығыз байланысты, Жер жаһанның жеке адамға қарағанда мейлінше қомақты, ғұмыр жасы мәңгілік, біртұтас байтақ дүниені құрайды. Ал, адам осы дүние кеңістігінің кішкентай ғана бөлшегі болғандықтан, оның өмірі, тыныс тіршілігі табиғатпен өзара байланысты, тәуелді екен.

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға сала отырып, өзімізде табиғат сезімін  оятуымыз қажет, табиғатпен эмоционалдық байланысты қалпына келтіріп, оған сүйіспеншілікпен қарап, аялай білуге үйренуіміз керек деген тілектерін Ф. Оңғарсынованың «Жарқыра, Күн!» атты өлең жолдарымен арнайды.

Жарқыра, Күн!

Мен бүгінде көктеммін, таң тұрағым!

Бұл әлемде жабырқап жүргендерге

Бір жақсылық етсем деп талпынамын.

Жүректе сүйікті елес,

Мәңгілік Күн жанымда, биікте емес.

Бұл әлемде ең биік Адам ғана,

Мұңдануға ешкім де тиіс емесІ

 

VІ. Үйге тапсырма, бағалауБелсене қатысқан студенттерді, топтық жұмыс бойынша өзін өзі бағалау парағы арқылы бағалау
  1. Өз қаламыздың әсем жерлеріне саяхатқа шығып, қоршаған ортаның сұлулығынан фотоальбом жасап келу;
  2. Табиғат көріністері туралы көркем әдебиет, кинотуындыларын жинақтау.