Салауатты өмір салты
| Пәні | Өзін-өзі тану | |||
| Сабақтың тақырыбы | Салауатты өмір салты | |||
| Сабаақтың түрі | Жаңа сабақ | |||
| Дерек көзі | Оқулық, дәптер, слайд, видио | |||
| Жалпы мақсат | Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу | |||
| Оқыту нәтижесі | — Салауатты өмір салтының мәнін және зиянды заттарды қолданудың алдын алудың мәнін түсінеді; — Салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылықтары артады. — Шығармашылық қабілеттері дамиды | |||
| Сабақ барысы |
| |||
| Қорытынды | Мұғалімнің сабақты қорытындылауы. | |||
| Мұғалім жазбасы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Уақыт | Жабдыықтар |
| Ұйымдастыру Шаттық шеңбері | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқулықта берілген Қ.Жұмағалиевтің «Жастар әні» әнін айтып шаттық шеңберін құру. Оқушылардың назарын сабаққа аударту | Оқушының назары сабаққа ауады | 4 мин. | 2 слайд |
| Сабақ мақсатымен таныстыру | Слайдтан сабақ мақсатын оқып танысады | 30 сек | 3 слайд | |
| І. Әңгімелесу | ü Адам өміріне зиянды зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен? ü Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңда? ü Сізге түрлі іс-әрекетке барар алдында «қаламаймын, бірақ осылай ітеу керек, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін» деген ой келе ме? Әлде іске бірден кірісіп кетесіз бе? ü Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?
| Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады. Оз пікірлерін ортаға салады. | 8мин | 5 слайд |
| ІІ. Бейне роликке талдау жасау
| Бейне роликті көруге ұсынады. Бейнероликті талдауға сұрақтар қойылады. 1. Осы бейне роликті көрген соң қандай ойға келдің? 2. Бұл бейне роликті көру арқылы қандай ой түюге болады? | Оқушылар бейнероликті көреді. Сұрақтарға жауап береді. Зиянды әдеттерден аулақ болуды түсінеді. | 15 мин | Бейнеролик |
| ІІІ. Дәйексөздің мәнін ашу
| Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын ем ізде! (халық мақалы) Оқушылардың жеке көзқарастарын айтқызып, ой тұжырымдарын жасатады. | Өз пікірлерін айтады. Сабақта талданып отырған мәселенің адам ағзасына әсерін, адам денсаулығының құнды екенін ұғынады. | 5 мин | 4 слайд |
| ІҮ. Мәтінмен жұмыс | В. Ягодинскийдің мәтінін оқушыларға тізбекпен оқыту. Мәтіннің төмендегі берілген сұрақтары бойынша талдау жасату. ü Зиянды әрекеттердің адам ағзасына тигізетін әсері қандай? ü Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
| Сұраққа жауап береді. Өз ой-тұжырымдарын айтады. | 8 мин | 5 слайд |
| Жүректен жүрекке | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді айта отырып, бірі-бірімізге жүректен-жүрекке жететіндей тілек бірлідейік. | Оқушылар сабақтан әлған әсерімен бөлісіп, бір-бірлеріне тілектерін айтады. | 6 слайд | |
| Үйге тапсырмасы | Шығармашылық жұмыс. 1) Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізу (оқушы дәптері -19бет. 1-тапсырма) . 2) Зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру үшін зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы қосымша мәліметтер жинап әкелу.
| 7 слайд | ||