«Ата-ана алтын тұғырың»

 

Тақырып: «Ата-ана алтын тұғырың»

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсы көру, кішіпейілділік, аянбай қызмет ету

 

Сабақ мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

1.     Ата — анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;

2.     Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;

3.     Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

2.     Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақтағы

Ғабит Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесін  оқып келу 124 бет

Сұрақтар:

а) Ананың құдіреті деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

б) Ата — анаға деген сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?

Сабақ барысын талқылау:
3.     Дәйек сөз.

«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе».

Қорқыт

(Дәптерлеріне жаздырып, дауыстап оқыту балалардан қалай түсінетінін сұрау)

 

4.     «Ата анаға құрмет» видиосын көрсету .

 

5.     Шығармашылық жұмыс, .топтық жұмыс

«Ата — анама хат». Оқушылар ата-аналарына арнап хат жазады.

 

6.     Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әдейлеп аялап,

Өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.

7.     Үй тапсырмасы. №20 сабақ, Б. Соқбақбаев «Менің аты қожа» оқып келу
8.     Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштық, тыныштық,

Тыныштық тыныштық

Бар жерде

Тыныштық, тынышытық

Тыныштық, тыныштық

Бүкіл әлемде.