«Қиял арманға жетелейді» 5-сабақ

 

Тақырып «Қиял арманға жетелейді» 5-сабақ

Құндылық Ішкі тыныштық

Қасиеттер Шыдамдылық, тәртіп, сыпайылық

Мұғалiм Азербаева С.Қ

Сынып:3

Оқушылар саны:25

 

Сабақ мақсаты:Қиял арманға жетелейді тақырыбы бойынша ішкі тыныштык құндылығын ашу

Міндеттері:

1.       Балаларды шыдамдылыққа үйрету арқылы қиял арман туралы түсінігін қалыптастыру;

2.       Оқушылардың тәртіп туралы  ұғымын кеңейту;

3.       Сыпайылыққа тәрбиелеу

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушыларды топқа бөлу түстермен

 

«Су асты патшалығына саяхат» Тыныштық сәтi.(баяу әуен)

 

2.     Үй тапсырмасын сұрау «Ана қиялы» әңгімесі .

 5-сабақ

1.     Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?

2.     Сендердің қандай  қиялдарың арманға ұласты?

3.     Ол қалай жүзеге асты?

 

 

Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз. «Армансыз адам болмайды»

                                             Халық мақалы

1.     Қиял, арман деген не?

2.     Адам қиялы іс жүзіне қалай  асады деп ойлайсыңдар?

3.     Неге армансыз адам болмайды?

 

Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме:  «Арманға қанат бітеді»

№46, 15 қараша 2011 жыл «Ұлан» газетіне жарияланған мақала

Айдос бүгін тағы да үйінде жалғыз қалды. Ол өзі сүп-сүйкімді 5 жасар бала. Іші пысып не істерін білмеді. Бір кезде… Еденнің көтеріліп бара жатқанын сезді. Еден астынан әп-әдемі, кішкене бала шықты.

—         Сен кімсің? Не болды? – Қорыққанынан Айдостың даусы дірілдеп шықты. Ол айқайлап жіберуге дайын еді.

—         Атым Кішкентай! Сен маған қарап таңдаңба, мен жер асты тұрғынымын.

Оның мәдениетті сөйлегеніне Айдос қайран қалды.

—         І-і-і… Менің есімім…

—         Ия білемін. Сенің атың Айдос.

—         Оны қайдан білесің?

—         Мен бәрін білемін.

Олар үнсіздік еліне кіріп кетті. Бұл үнсіздікті Айос бұзды.

—         Теледидар көреміз бе? – деді жай ғана.

—         Теледидар көу өте зиян. Ол көру, есту мүшелерін әлсіретеді,- деді Кішкентай.

—         Кішкентай… Менің досым боласың ба?

—         Әрине!-деді ол қуана.

Міне тағы да тыныштық.

Айдос, сен нені армандайсың?

—         Менің арманым асқар таудан да үлкен. Біріншісі – мектепке бару. Онда достар табу. Ал сенің ше? – Ол өзіне риза болды. Қалайша әдемі сөйледі, анасы естігенде ғой…

—         Ал менің арманым…

Сол кезде есік тоқылдады.

—         Мен сені ата-анаммен таныстырайын, сен менің алғашқы досымсың!

—         Жоқ, кейін,- деп кішкентай бала еден астына кіріп, ғайып болды.

Есіктен ата-анасы кірді. Екі бетін кезек-кезек сүйіп жатыр.

—         Жалғасы бар. Күткен арманы орындалады. Бала екі аяғынан жүріп мектепке барады.

 

1.     Айдостың арманы не еді?

2.     Айдостың арманының орындалуына кім көмектесті?

3.     Айдостың қиялы неге жетеледі?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Плакатқа сурет салу тыныштықта.

 

Топпен ән айту.

Біз өмірдің гүліміз
Сөзін жазған  С.Молдасынұлы
Әнін жазған Ф. Жолдасова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

Үй тапсырмасы.

6-сабақ» «Ата өсиеті» оқуға

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

(Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау)

Сабақты аяқтау