Ана қасиеті

Сабақтың тақырыбы: Ана  қасиеті

Сабақтың мақсаты:1 ) «Махаббат», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Ана мен бала арасындағы махаббат туралы түсінік беру.Анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.Ананы сүюге,сыйлауға тәрбиелеу.

2)Сара Назарбаеваның еңбектері туралы мәлімет беру.3)Жақсы көруге,жақсы қасиеттерге      баулу.Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекілігі: слайд, т.б.

 

Шаттық шеңбері          

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Балалар бізді ең жақсы көретін кім?

Ана

Біздің бүгінгі ашық тәрбие сабағымыз «Ана  қасиеті» деп аталады.

Біздер бәрінен де бұрын өз анамызды жақсы көреміз.

Жақсы көру-адамның адамдарға,табиғатқа,Отанға деген ыстық сезімі,махаббаты,жақсы іс-әрекеттерге қызығушылығы. Ал осының бәрі Ананы жақсы көруден басталады.Өйткені бізге жарық өмір сыйлаған ананың аялы алақанына,мейіріміне тең келер нәрсе жоқ.Балалар жақсы көруді анадан үйренеді,анасын жақсы көруден үйренеді.

 

« Ақ мамам» әні

Әнуарбек  Дүйсенбиев

 

  • Ананы неліктен ең жақын адам деп ойлайсыңдар?
  • Анадан қандай жақсы қасиеттерді алуға болады?
  • «Жақсы көруді анадан үйренеміз»дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ана деген кім?

Балалардың  жауаптарын тыңдап топтастыру.

Ана-ең жақын адам, ең мейірімді адам,ең ақылды адам,қамқоршы,жанашыр,дос,сырлас т.б.

 

Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

                Мақал-мәтелдер

 

Бәріміз де өз анамызды жақсы көреміз,мақтан тұтамыз.

Еліміздегі сондай аналарымыздың,әжелеріміздің бірі Сара  Алпысқызы Назарбаева.

 

Сара Назарбаева кім?

 

Таныстыру:

Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан,1941 жылы Қызылжар ауылы,Бұқар жырау ауданы,Қарағанды облысында туылған.

Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы.Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып,өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік тұрғысына білім алып,тәрбиеленуіне мән береді.

 

Сара Назарбаева «Өзіңді өзің таны»атты балаларға рухани адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.Оның білім берудегі жаңа көзқарасы мен рухани салада жасаған жобасы «өзін-өзі тану»деген атаққа ие болып,оқу бағдарламасына енгізілді.

 

-«Өзін-өзі тану»пәнінен не үйренеміз?

(Өзінің қадірін білуге,өзін сыйлауға,өзін-өзі жетілдіруге өз бетінше шешім қабылдай алуға,жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді,

сүйіспеншілікке,бақыт,сыйластық,татулық,бірлік,төзімділікке баулиды.)

 

  Назерке:

Жақсы болу-өзіңнен,

Жаман болу өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен,өзіңнен.

                                               Исатай:

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?-деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?-деп ойла.

 

 

 

Ақерке:

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар

«Өзіңді тану»пайдасы.

Көрініс: «Жан сұлулығы»

Топтық жұмыс:

1-топ

Сендер нені жақсы көресіңдер?

2-топ

Сендер кімді жақсы көресіңдер?

3-топ

Сендерді кімдер жақсы көреді?

 

Би «Дала сазы»   қыздар тобы

 

«Ең…» тапсырмасы

Топтық сайыс: өз анасын мақтау.

 

1.Алибек:                                                           2.Мұхаммед                                   

Жұдырықтай жүрегіміз,                                 Сіз бастаған жүрек жолы

Қу аныштан шаттанып.                                  Өзін өзі таныған

Жыр арнаймыз ана сізге                               Бөбектерің қанат жайып

Бар ғаламға мақтанып                                  Жаңа өмірге қол созған.

 

3.Тоғжан:                                                            4.Асылай:

Құттықтаймыз Сара апай                                Аман болсын басыңыз,

Ең қымбатты күніңізбен                                  Ағармасын шашыңыз.

Тілейміз біз шын жүректен                             Шөбере сүйіп әлі де,

Бақыт нұрлы ұзақ өмір!                                   Жүзге жетсін жасыңыз.

 

5.Ұлдана                                                               6.  Айбек

Алда өмір белесі                                                  Ана-біздің күніміз!

Қартайдым мен демеші,                                   Ана біздің-гүліміз!

Туған күнде жыл сайын                                     Ұланды ана қуантып,

Қуанышқа бөлеші.                                               Ұзақ өмір сүріңіз.

 

 

Хор: «Ақ әжем» әні.

 

Таңат:

Біз үлкен жүректі,кең пейіл,дос болуға үйрендік,бір отбасына айналдық,жақсылық жасауды үйрендік.

 

Азамат:

Аяулы да алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен-асқарсың,сен аспансың,биіксің!

Сен дарқансың,сен жомартсың,данасың!

 

Алтынай:

Сіз көздері жаутаңдаған сәбилерге шуақты мейірім төгіп,асыл қасиеттерге-адал,қайырымды,дос,жанашыр болуға баулыдыңыз.

Сіз біздің анамызсыз!

Ринат:

Алғыс айтам,менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап ,жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы,данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

Жайна:

Көз жүгіртсең кітабыңа саралай,

Қалмас сірә жүзіңнен нұр тарамай.

Бәріміздің атымыздан мың алғыс,

Парасатты анамызға Сарадай.

 

 

 

               Ана

Адамда не қасиет болса,бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.

Ғ.Мүсірепов

 

 

Адам баласы үшін ең қасиетті қастерлі сөз- «Ана» деп білеміз!

«Өмірде ана-бұлақ,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана»дей отырып сабағымызды аяқтайық.

 

                       Жүректен-жүрекке

Қайырымды жандар айнала,               Сүйеміз барлық ананы,

Шеңберге келсін жайлана                    Жүрегім оттай жанады.

Жалықпастан қайта біз,                         Бақыттымыз осы біз,

Махаббат сөзін айтамыз.                      Қасымызда досымыз.