Татулық – бірлік бастауы.

 

Тақырыбы: Татулық – бірлік бастауы.

Мақсаты: оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері:

  • татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу;
  • адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

 

Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеберіне жиналып, «Тату болсақ бәріміз …» ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын ортаға салады.

 

Әңгімелесу.

Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында татулықтың адам өміріндегі маңызына оқушылардың назары аударылады.

  • Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
  • Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласыз?
  • Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңіз?
  • Адамдар арасындағы жарастықты, сыйластықты, тыныштықты сақтауға не ықпал етеді?
  • Кез келген нәрсені сабырмен шеше аласыз ба?

 

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың татулық сақтауда адамдарды бір-бірімен қарым-қатынасының маңызды екенін, өмірде бірлік, ұйымшылдық, төзімділік ұғымдарының қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Құстар торға қалай түсті?» деген үнді аңызын оқу ұсынылады.

Өзара түсіністіктің адам өмірінде зор маңызы бары түсіндіріледі.

 

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген:

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді» — деген халық мақалын оқушылардың өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін талдауға ұсынылады.

 

Дәптермен жұмыс

Елімізде тұратын әр ұлт, ұлыс өкілдері және олардың ерекше қасиеттері, әдет-ғұрыптары туралы материалдар жинап, «Халықтар достығы» фестиваль сценарийін жазыңыз.

 

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер бойына жиналып сағат тіліні бағытымен жанындағы көршісіне ел татулығын тілеп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кдырниязова Толқын Намысқызы