Менің туыстарым

Сабақтың тақырыбы:  Менің туыстарым

Мақсаты: «Өзара сыйластық» ұғымынң адамгершілік құндылық  ретіндегі  мәнін  түсіндіру

Міндеттері

  • Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;
  • Туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастанын дамыту
  • Өзара сыйластыққа тәрбиелей

 

Көрнекі құралдар : Үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия

 

Шаттық шеңбер:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді  көргеніме бүгін өте қуаныштымын.

Кәне бәріміз бір шеңбер болып жиналайықшы

Балалар жиналды бір топқа

Сен менің мен сенің досыңмын

Кәне қолды бер досым

Бірге ойнайық қуана

Балалар кәне шеңберімізді ашайық қараңдаршы менің қолымдағы доптың түсі қандай және неге ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар аспанның түсіне ұқсайды , олай болса мен сендерге көңілдерің тап-таза  ашық болсын дегім келіп тұр . Енді осы доптың көмегімен «Сендер қандай баласың» деген сұраққа жауап беріңдерші

  • Бала Мен Жазира әдепті қызбын
  • 2- бала. Мен Нұржан батыр баламын
  • Бала: Мен Аружан мейірімді қызбын
  • Бала : Мен Әділет тәртіпті баламын
  • Бала: Мен Алтынай шыншыл қызбын
  • Бала Мен Ернар ақкөңіл баламын
  • Бала: Мен Алима анама қамқоршымын
  • Бала:Мен Алишер ақылды баламын
  • Бала: Мен Мадина сұлу қызбын
  • Бала : Мен Алуа  ажарлы қызбын
  • Бала : Мен Карина әдемі қызбын
  • Бала: Мен Алия сымбатты қызбын
  • Мен Махаббат көрікті қызбын

 

Өзіммен өзім

Балалар кәне мына кілем үстіне отыруларыңды сұраймын.

Кәне  көздеріңді жұмуларыңды сұраймын.

Сендердің отбасыларыңда тамаша мереке өтіп жатыр, үйлеріңнің іші сондай қуанышта, шаттыққа толып кетіпті, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам. Құмыралар гүлге толып тұр. Әдемі түрлі – түсті шарлар әуеде қалықтапжүр. Сендер  өз ата- ана, ата – әжелеріңмен қуанып ойнап, би билеп шаттанып жүрсіңдер. Қуанышты  көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айталық.

 

Әңгімелесіу.

Балалардың жауаптары

Әңгіме.

— Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті стендке іледі)

— Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен?

— Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

-Бұл кім? (әже)

— Оны қалай білдіңдер?

— Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )

Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

— Кім бұл? (ата)

— Ал сендердің аталарың қандай? (балалардың жауаптары).

Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам..

-Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)

—Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)

— Және соңғы жұмбақ..

Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді қайда барам десеңдер де апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.

-Бұл кім? (әке)

-Дұрыс. Ал әке не істей алады? (ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.).

— Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,…)

— Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды? (егер балалар қиындық көрсе, оларға тәрбиеші көмектеседі)

-Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды.

-Айтыңдаршы, аға мен апа (әпке) бір біріне кім болады? (туысқандар)

— Ал немере апай? (туысқан)

— Ал тәте -әкесінің апасы, сендерге кім? (туысқан)

— Ал ағай (немесе ағатай) — әкеңнің ағасы? (туысқан)

 

 

 

Дәйік сөз:

Балаллар «Отбасындағы  сыйластық туыстарға деген сүіспеншілікпен туындайды»деген нақыл сөз бар . Ол сөздің мағанасы егер туыстарымызды сыйлап, қамқорлық жасап көмектесіп отырсақ сонда ғана туыстар арасында түсіністік пен татулық орнайды.Біз  отбасымызды , туыстарымызды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдар.

 

Дұрыс айтасыңдар балалар осы  туыстарымыздың айтқандарын тыңдасақ, олардың ізімен жүрсек бізде келешекте ақылды да парасатты азамат болып өсеміз.

Кәне осы туыстар туралы  кім  өлең – тақпақ біледі екен

Ең жақын адамдар –

                       Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.

 

Ұлдардың үлкені –

Бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.

 

Үлдардың кішісі —

Бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңілі бар.

 

Өте дұрыс рахмет сендерге отбасыларың әрқашанда аман және тату болсын.

Балалар  қазір кішкене сергіту сәтін жасайық.

Мен қазір сендерге «Тату тәтті отбасында» 3 адам , 4адам, 5 адам тұрады деймін , сендер  сол санға сәйкес тез топтасып  тұра қалыңдар.

Балалар олай болса казір дәптермен жұмыс жасаймыз

Дәптердегі туыстық ағашында берілген торкөздерге өз туыстарыңның суретін салыңдар.

 

       Санамақ айту

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек — әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Біз үйде нешеуміз

Біз үйде бесеуміз

 

Ғажайып  сөздер: Балалар  олай болса кәне айта қойыңдаршы , сендер  отбасы, туыстарыңа не тілер едіңдер:

Туыстарым аман болсын

Туыстарды сыйлау керек

Оларға көмектесуіміз керек

Олай болса балалар мына үйшіктер сендердің  үйлерің осы үйде қандай көңіл- күй болса деп ойлайсыңдар.

Балалардың жауабы:

Жүректен жүрекке

 

Балалар алдынғы  сабақта жасаған жүрекшелерін қонақтарға сыйға береді

 

Аружан : Апай отбасыңыз аман болсын!

Ернар: Апай туыстарыңызға татулық тілеймін

Алуа: Апай сіздің отбасыларыңызда қуаныш болсын

Жазира : Мен сізге зор денсаулық тілеймін

Әділет: Апай аспаныңыз ашық болсын.

Әлия: Сіздің туыстарыңыздың ақшасы көп болсын

Нұржан: Еңбегіңіз жана берсін.

Алтынай: Тыныштық болсын!

Алишер: Той көп болсын!

Карина: Апай  аман болыңыз

Алима: Апай сіз бай болыңыз

Мадина: Жомартты болыңыз

Елдана : Үйіңізде қуаныш көп болсын!.